Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп


Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру -



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата22.02.2024
өлшемі1.06 Mb.
#492876
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс-Мемлекеттік мекемелердегі БЕ

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру - бұл бухгалтерлік
есеп процесін құру жүйесі
.
Есеп процесінің элементтері:

бастапқы есеп;

бухгалтерлік есеп тіркелімдері;

құжат айналымы;

түгендеу;

есептілік.


Бастапқы есепке алу
құжаттары

Операцияны немесе оқиғаларды жасау фактісін
белгілейтін, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар
бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды
көрсетуге негіз болып табылады.

Бастапқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды
жасау кезінде жасалады, егер бұл мүмкін болмаса
операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей
жасалуы тиіс.

Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы
жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар
арқылы ғана жүргізіледі.


Бастапқы құжаттарда мынадай
міндетті деректемелер қамтылады:

құжаттың атауы (нысандар);

жасау күні;

ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, 
соның тегі мен аты-жөні;

операция немесе оқиға мазмұны;

операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және
құндық шамада);

операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және
оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың
лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және
қолдары;

бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН).



Бастапқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық
деректерде де келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

Бастапқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе
соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып
тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу
арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды
оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы
құжатта қатені түзеу "Түзетілді" деген жазумен ескертілу
және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету
енгізу мерзімін көрсету арқылы расталады.

Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер
енгізуге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет