Мемлекеттік мекемесі


Дәреженің соңғы цифрын анықтау есептері



Pdf көрінісі
бет11/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

Дәреженің соңғы цифрын анықтау есептері 
a









… 









… 




16 
32 
64 
128 
256 
… 



27 
81 
243 
729 
2187 
6561 
… 


16 
64 
256 
1024 
4096 
16384 
65536 
… 


25 
125 
625 
3125 
15625 
78125 
390625 
… 


36 
216 
1296 
7776 
46656 
279936 1679616 
… 


49 
343 
2401 
16807 
117649 
823543 5764801 
… 


64 
512 
4096 
32768 
262144 
2097152 16777216 
… 


81 
729 
6561 
59049 
531441 
4782969 43046721 
… 









… 
Жоғарыдағы кестеге назар аударатын болсақ, a
n
– кез келген натурал 
санның натурал дәрежесі. 
1) 
0;1;5;6 цифрларымен аяқталатын сандардың кез-келген дәрежесі 
сәйкесінше 0;1;5;6 цифрларымен аяқталады; 
2) 
4 санының тақ дәрежесі 4, ал жұп дәрежесі 6 цифрымен аяқталады; 
3) 
9 санының тақ дәрежесі 9, ал жұп дәрежесі 1 цифрымен аяқталады; 
4) 
2;3;7;8 цифрларымен аяқталатын сандардың натурал дәрежелерінің соңғы 
цифрлары периодты түрде әрбір 4-ші дәрежеден кейін қайталанып келіп 
отырады. 2;3;7;8 цифрларымен аяқталатын сандардың дәрежелерін 4-ке 
бөлгенде: егер қалдық 1 болса, 1-ші дәреженсінің соңғы цифрымен, 2 қалдық 
болса, 2-ші дәрежесінің соңғы цифрымен, 3 қалдық болса, 3-ші дәрежесінің 
соңғы цифрымен аяқаталды, егер қалдық қалмаса 4-ші дәрежесінің соңғы 
цифрымен аяқталады. 
1-есеп. 2546
13327
саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 
Шешуі: a
n
бойынша кестеге салатын болсақ, a=2546, n=13327. 
Бұл дәреженің негізі 6 цифрымен аяқталып тұр. 6 цифрымен аяқталатын
сандардың қез келген дәрежесі 6 цифрымен аяқталады. Демек, 2546
13327
саны 6 
цифрымен аяқталады.
2-есеп. 25424
6528
саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 
Шешуі: дәреженің негізі 4 цифрымен аяқталып тұр. 4 санының жұп 
дәрежесі болғандықтан 6 цифрымен аяқталады. Ендеше 25424
6528
саны 6 
цифрымен аяқталады.


27 
3-есеп. 5245878
524687
саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 
Шешуі: дәреженің негізі 8 цифрымен аяқталып тұр. Сондықтан дәрежесін 
4-ке бөлеміз. 52687:4=13171(3 қалдық). Ереже бойынша егер қалдық 3 –ке тең 
болса, онда 8 санының 3-ші дәрежесі 2 цифрымен аяқталады. Демек 
5245878
524687
саны 2 цифрымен аяқталады.
4-есеп. Марат машиналарды бояғанда келесі ретпен бояды: көк, жасыл, 
қызыл, қара және сары. Онда 129-шы машинаның түсін анықтаңыз. 
Шешуі: 129-шы машинаның түсін анықтау үшін дәреженің соңғы цифрын 
анықтау ережесін қолданамыз. Бұл жерде түстер саны-5. 129 санын 5-ке 
бөлеміз. Егер 1 қалдық қалса көк түс, 2 қалдық қалса жасыл түс, 3 қалдық қалса 
қызыл түс, 4 қалдық қалса қара түс, ал қалдық қалмаса сары түс болады.
Сонымен 129:5=25 (4 қалдық). Демек, қара түс. 
Жауабы: қара 
5-есеп. Бір қатарға қара, ақ, көк, сары, жасыл, қызыл, қара, ақ, көк, … 
шарлар ретімен қойылған. 2017 орында қандай шар? 
Шешуі: түстер саны -6. 2017 санын 6-ға бөлеміз. 1-5 дейінгі қалдық 
қалады. 1 қалдық қалса, қара шар, 2 қалдық қалса, ақ шар , 3 қалдық қасла, көк 
шар, 4 қалдық қалса, сары шар, 5 қалдық қалса, жасыл шар, ал қалдық қалмаса, 
қызыл шар болады. 2017:6=336 (1 қалдық). 
Жауабы: қара шар 
6-есеп. 5429
875
+25400
1000
мына қосынды қандай цифрмен аяқталады? 
Шешуі: қосындының қандай цифрмен аяқталатынын табу үшін әрқайсы 
қосылғыштың қандай цифрмен аяқталатынын анықтап алу керек.
Бірінші қосылғыш: 8799
653
саны 9 санының тақ дәрежесі бойынша 9 
цифрымен аяқталады.
Екінші қосылғыш: 0 санының кез келген дәрежесі 0 цифрымен 
аяқталатындықтан 25400
1000
дәрежесінің соңғы цифры 0 болады. 
Ендеше, 5429
875
+25400
1000
қосындысы 9 цифрымен аяқталады. Себебі, екі 
қосылғыштың соңғы цифрларын қоссақ, 9+0=9 болады. 
Жауабы: 9 
7-есеп. 1-ден 50-ге дейінгі сандардың көбейтіндісі неше нөлмен 
аяқталатынын табыңыз.


28 
Шешуі: 1-ден 50-ге дейінгі сандардың көбейтіндісі неше нөлмен 
аяқталатынын табу үшін осы 1-50 аралғындағы сандардың жай көбейткішке 
жіктелуіндегі 5 цифрларының санын анықтаса жеткілікті. 5 цифрын пайда 
қылатын сандар 5-тің еселіктері болып келеді. Олар: 5; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 
40; 45; 50. 
Бұл жерде ескеретін жағдай кейбір көбейткіштердің жай көбейткішке 
жіктелуінде бірнеше 5 цифры пайда болуы мүмкін. Мысалы, 25=5
2
, 50=2∙5
2

енді 5 цифрларының санын табамыз. 5-тің еселіктерінде барлығы 5 цифрынан 
12-сі болғандықтан көбейтінді 12 нөлмен аяқталады. 
Жауабы: 12 
8-есеп. Алғашқы 1000 жай санның көбейтіндісі қандай цифрмен 
аяқталатынын табыңыз. 
Шешуі. Жай сандар тек 1 мен өзіне ғана бөлінетін сандар. Бұл есепті 
шығару үшін ең алдымен көбейткіштердің құрамында 0 санын пайда қылатын 
5-тің еселіктерінің бар немесе жоқтығын тексереміз. 5 санының еселіктерінің 
ішінде тек 5 сана ғана жай сан, қалғаны құрама сандар. Көбейтккіштердің 
құрамында 5 саны болғандықтан көбейтінді 0 цифрымен аяқталады.
Жауабы: 0 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет