Мемлекеттік мекемесі


Пайызбен берілген сауаттылық есептері



Pdf көрінісі
бет20/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

Пайызбен берілген сауаттылық есептері 
 
Пайызбен берілген сауаттылық есептерін шығармас бұрын пайызға 
қатысты негізгі білімді еске түсірейік. 
1. 
Пайыз- санның жүзден бір бөлшегі (1%= 

2. 
Санды пайызға айналдыру - 100-ге көбейтіп, пайыз белгісін қою. 
3. 
Пайызды санға айналдыру - 100-ге бөліп, пайыз белгісін алып тастау. 
4. 
Санның пайызын табу - санды пайызға көбетеміз. 
5. 
Пайызы бойынша санды табу - санды пайызға бөлеміз. 
6. 
Бірінші сан екінші санның қанша пайызын құрайтынын табу үшін, бірінші 
санды екінші санға бөліп, 100%-ға көбейтеміз. Мысалы, а саны в санының 
қанша пайызын құрайды (
). 
1-есеп. 50-дің 50%-ын табыңыз. 
Шешуі: санның пайызын табуға берілген есеп.
50∙50%=50∙
=25 
Жауабы: 25 
2-есеп. 50 %-ы 50-ге тең санды табыңыз. 
Шешуі: пайызы бойынша санды табуға берілген есеп. 
50:50%=50:
=50∙
100 
Жауабы: 100 
3-есеп. Теңіз суының 95%-ы су. 10 т теңіз суында қанша тұз бар екенін 
табыңыз. 
Шешуі: Есеп шартына мұхият зер салсақ, теңіз суының 95%-ы су болса
онда қалған 5%-ы тұз болады. Біз сол 5% тұздың мөлшерін табу керекпіз. 10т 
теңіз суының 5%-ын табамыз. Бұл санның пайызын табу. 
10т=10000 кг 
10000 ∙5%=10000∙
=500 кг. 
Жауабы: 500 кг 
4-есеп. 450 саны 4500 санының қанша пайызын құрайтынын табыңыз. 
Шешуі:
∙100% =10% 
Жауабы: 10 % 


52 
5-есеп. Марат ақшасының 20%-ын, кейін қалған ақшасының 20%-ын 
жұмсады. Мараттың қанша пайыз ақшасы қалды? 
Шешуі: Маратта х тг болған деп есептесек. х-тің 20%-ын табамыз. 
х∙20%=0,2х
осыдан қалған ақшаны табамыз. 
х-0,2х%=0,8х
енді қалған ақшасының 20%-ын табамыз. 
0,8х∙20%=0,8х∙0,2=0,16х. 
0,16х - бұл жұмсалған ақшасы. Пайызға айналдырсақ, 
0,16х∙100%=16%х 
16% ақшасы жұмсалды, демек Мараттың ақшасының 84%-ы өзінде қалды. 
Жауабы: 84%. 
6-есеп. Диаграммада мектеп түлектерінің оқу үлгерімдері пайызбен 
көрсетілген. Егер мектепті 60 түлек бітірсе, екпінді оқушылар үздік 
оқушылардың неше пайызын құрайды? 
Шешуі: екпінді оқушылардың санын табамыз. 60 санының 20%-ын табамыз. 
60∙20%=60∙0,2=12 оқушы. 
Үздік оқушылардың санын табамыз. 
60∙50%=30 оқушы 
Енді екпінді оқушылар үздік оқушылардың неше пайызын құрайтынын 
табамыз. 
∙100%=40% 
Жауабы: 40% 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет