71
Шешуі: пропорция құру арқылы шығарамыз.
Бастапқы шайдағы сүт мөлшеі x г деп алсақ,
200 г _______ 100%
x г_________ 10%
x= 20 г (сүт)
тағы 50 г сүт қосатын болсақ, онда шай 250 г, сүт 70 г болады да шайдағы
сүттің концентрациясы өзгереді. Осы өзгерген концентрацияны у% деп алсақ,
250_____________ 100%
70 _____________ y%
y= 28%
Жауабы: 28%
2-есеп. Салмағы 800 г болатын 10%-дық тұзды судың тұздылығын 25% ету
үшін оған қанша тұз қосу керек?
Шешуі: пропорция құру арқылы шығарамыз.
Бастапқы 800 г тұзды судағы тұздың массасын х г деп алатын босақ,
800г ______100%
x г________10%
x= 80 г (тұз)
тұздылығын 25% ету үшін оған у г тұз қосатын болсақ,
жалпы ерітінді-
(800+у) г, ал оның құрамындағы тұз- (80+у) г болады.
800+у _______ 100%
80+y ________25%
72
320+4y=800+y
3y=480
у=160 г ( тұз)
жауабы: 160 г (тұз)
3-есеп. 80%-дық 200 г тұз ерітіндісімен 5%-дық 800 г тұз ерітінділерін
қосқанда жаңа ерітіндіде тұздың мөлшері қандай болады?
Шешуі: бұл есепті теңдеу
құру арқылы шығаратын болсақ, онда біз жаңа
ерітіндідегі тұздың мөлшерін х% деп аламыз.
200∙80%+800∙5%= (200+800)x%
Барлық қосылғыштарда % белгісі бар болғандықтан
оны есеп шығару
барысында қалдырып кетуге болады.
16000+4000 =1000x
x=20%
жауабы: 20%
4-есеп. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын
қосса, осы екі санның қатынасы 4:5 қатынасына тең болады.
Осы сандарды
табыңыздар.
Шешуі: Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең болғандықтан бірінші санды
2х деп, екінші санды 3х деп алсақ,
12х = 10x+50
x= 25
ендеше, бірінші сан: 2х =2∙25=50
екінші сан: 3х= 3∙25=75
жауабы: 50; 75