Мемлекеттік мекемесі



Pdf көрінісі
бет4/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

Мәтінді есептер ( 7 сағ) 
19 Қозғалысқа берілген есептер 

20 Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер 

21 Сандарға байланысты берілген мәтінді есептер 

22 Статистикалық деректер және олардың сипаттамаларына берілген 
мәтінді есептер

23 Адамның жасын есептеуге арналған есептер 

24 Экономикалық мазмұндағы мәтінді есептер 

25 Тест тапсырмалары 

Комбинаторика есептері және ықтималдық (9 сағат) 
26 Элементар оқиғалар кеңістігі  

27-28 Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері 

29 Ойын сүйегі мен тиынды лақтыруға байланысты ықтималдық есептері 

30 Оқиғаларды Эйлер-Венн дөңгелектерінде бейнелеуге арналған есептер 

31-32 Комбинаторика формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын 
есептеуге қолдану 

33 Тест тапсырмалары 

34 Жоба қорғау 

 



Заңдылықты анықтау (келесі қандай сан?) есептері 
 
Бұл тақырыпқа берілген есептер белгілі бір заңдылық негізінде құрылады 
және сол заңдылықты сақтай отырып, келесі санды табу талап етіледі. 
Есептердің бір саласы арифметикалық және геометриялық прогрессия есептері 
болып келеді. Көптеген есептердің заңдылықтары қандайда бір мазмұнға 
бағынбайды. Мұндай есептерді тез шығару үшін заңдылықтарды әр қырынан 
жылдам ойлануға дағдылану керек. Төменде осы тақырыпқа есептер 
қарастырайық. 
1-есеп. Сандар тізбегі белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ 
белгісінің орнындағы санды табыңыз? 
2; 8; 18; 32;50; ?. 
Шешуі: Бұл сандар тізбегінің заңдылығы - натурал сандарды (1,2,3,4,...) 
квадраттап, 2 санына көбейткенге тең. 
1
2
∙2=2 
2
2
∙2=8 
3
2
∙2=18 
4
2
∙2=32 
5
2
∙2=50 
6
2
∙2=72 
Жауабы: 72 
2-есеп. сандар белгілі бір заңдылық негізінде құрылған. Сұрақ белгісінің 
орнындағы санды табыңыз.
7; 2; 4; 6; 1; 2; ? 
Шешуі: сандар тізбегі бірнеше арифметикалық амалдардың қайталанбалы 
орындалуы нәтижесінде құрылған.
Демек, 2+2=4 
Жауабы: 4 
3-есеп. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз? 
60; 120; 60; 180; 90; 360; 180; 900; ?; ...



Шешуі: 60*2=120 
120:2=60 
60

3=180 
180:2=90 
90

4=360 
360:2=180 
180

5=900 
900:2=450 
Берілген сандар тізбегіндегі тақ орындағы сандарды ретімен 2; 3; 
4; 5;... сандарына көбейтеміз, ал жұп орындағы сандарды 2-ге бөлеміз.
Жауабы: 450 
4-есеп. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Жетінші санды 
табыңыз? 12; 1112; 3112; 132112; 312213;... 
Шешуі: Тізбектегі бірінші санның цифрларын пайдаланып екінші санды 
табамыз, екінші санның цифрларын пайдаланып үшінші санды табамыз,
осылай заңдылықты жалғастыра келе жетінші санды табамыз. Нақтырақ 
айтатын болсақ, бірінші 12 санында бір 1 және бір 2 бар, яғни 1112. Екінші
1112 санында үш 1 және бір 2 бар, яғни 3112 саны шығады. Жетінші орындағы 
санды табу үшін алтыншы орындағы санды табу керек. Бесінші орындағы 
312213 санында екі 1, екі 2 және екі 3 бар, демек 212223 саны алтыншы 
орындағы сан болып табылады. Ал 212223 санында бір 1, төрт 2 және бір 3 бар. 
Демек жетініші орындағы санымыз 114213 болады. 
Жауабы: 114213 
5-есеп. Суреттегі сандар белгілі бір заңдылық негізінде құрылған. 
өрнегінің мәнін табыңыз.
Шешуі: бірінші сызбадағы заңдылықты анықтап, екінші және үшінші 
сызбадағы х пен у-тің мәндерін табамыз. Бірінші сызбада оң және сол 
қанаттағы сандар төменнен жоғарыға қарай 3 есе кемиді. Соңында оң және сол 
қанаттағы жоғарғы екі сан өзара көбейтіледі.



Сол қанатта: 144:3=48 оң қанатта: 180:3=60 
48:3=16 60:3=20 
16∙20=320 
Осы заңдылық бойынша екінші сызбадан: 90:3=30 
30:3=10 
Демек, х=10 болады.
Үшінші сызба бойынша, 81:3=27 
y=27
енді 
жауабы: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет