Мемлекеттік мекемесі


Газет және кітап беттерін нөмірлеуге арналған есептер



Pdf көрінісі
бет9/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

Газет және кітап беттерін нөмірлеуге арналған есептер 
1. 
Цифрлар саны арқылы бет санын табу. N –цифрлар саны, n- бет саны 
болсын. 
9n=
189n=
2889n=
2. 
Бет саны арқылы цифрлар санын анықтау. 
Екітаңбалы сан 
N=2n-9 
Үштаңбалы сан 
N=3n-108 
Төрттаңбалы сан 
N=4n-1107 
Төменде осы мазмұнға есептер қарастырайық. 
1-есеп. 29 цифр пайдаланған кітапта неше бет бар? 


23 
Шешуі.
1-тәсіл. 
Цифрлар саны 9формуласын пайдаланамыз.
n=
2-тәсіл. 1-9 дейін 9 цифр 9 бет болады, ары қарай екітаңбалы сандар 
болғандықтан, 
(29-9):2=10 
Жалпы бет саны 9+10=19 
Жауабы: 19 бет 
2-есеп. Кітапта 156 бет бар. Барлық беттерді нөмірлеп шығу үшін неше 
цифр қолданылады? 
Шешуі:
1-тәсіл.
Форумула бойынша бет саны үштаңбалы болғандықтан, 
N=3n-108=3∙156-108=360 
2-тәсіл.
1-9 дейін бір таңбалы сандар- 9 цифр 
10-99 дейін екітаңбалы сандар- 90∙2=180 цифр 
100-156 дейін үштаңбалы сандар- 57∙3=171 цифр 
Барлығын қоссақ 9+180+171=360 
Жауабы: 360 бет. 
3-есеп. Кітаптың бір бетін ашқанда оң және сол жақ беттің нөмірленген
сандарының қосындысы 54көбейтіндісін табыңыз. 
Шешуі: кітаптың кез-келген бетін ашсақ оның оң және сол жақ бетіндегі 
нөмірленген сандардың бірі жұп болса, екіншісі тақ сан болатындығы ақиқат. 
Олай болса, жұп сан мен тақ санның қосындысы әрқашан тақ сан 
болатындығын ескерсек, олардың қосындысы 55 болатындығын білеміз. 
Себебі, 54жақ беттеріндегі сандардың көршілес сандар екенін ескеріп, 55=27+28 екенін 
білу қиын емес. Олардың көбейтіндісін тапсақ, 27∙28=756 
Жауабы: 756 


24 
4-есеп. Бір газет парағында 4 бет болады. Егер газеттің бір парағында 7-ші 
және 22-ші беттер нөмірленсе, онда жалпы газет неше беттен тұратынын 
табыңыз. 
Шешуі: Газетті 1-ден бастап нөмірлейді. Егер 7-ге дейін қанша бет болса, 
онда 22-ші беттен кейін де сонша бет болады. демек 22+6=28 
Жауабы: 28 бет. 
5-есеп. Кітап беттері 427 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның 
үшінші бетінен бастап нөмірленсе, онда кітапта барлығы неше бет болғанын 
табыңыз. 
Шешуі:
1-тәсіл. Формула бойынша, 427 саны 189болғандықтан n=
формуласы арқылы бет саны табылады. Алайда кітап 
үшінші бетінен бастап нөмірленгендіктен цифрлар санына 2-ны қосамыз.
n= 

=179 
2-тәсіл. Кітап үшінші бетінен бастап нөмірленгендіктен,
Біртаңбалы сандар: 7 цифр, 7 бет болады 
Екітаңбалы сандар: 10-99 аралығында 90 сан екі цифрдан, 90∙=180 цифр, 
90 бет. 
Үштаңбалы сандар: (427-187):3=80 , 240 цифр, 80 бет. 
7+90+80=177 бет. 
Енді осыған бастапқы нөмірленбеген 2 бетті қосатын болсақ, 
177+2=179 бет. 
жауабы: 179 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет