34
Жауабы: Е нұсқасы.
3-есеп. Сұрақ белгісіне тең болатын өрнекті табыңыз.
Шешуі: бұл есепте ұқсас фигуралар бірдей әріптермен өрнектеліп тұр.
Мысалы 1-сызба тең екі тіктөртбұрышқа бөлінген. Сол себепті 2а деп
өрнектелген. Ал 2-сызба 1 тіктөртбұрыш
және екі кішкентай шаршыға
бөлінген. Тіктөртбұрышты 1-сызбадағыдай а әрпімен өрнектеп,
екі шаршыны
2b деп белгілеген. Осы заңдылықты сақтай отырып, 3-сызбадағы фигураларды
өрнектейміз. Кішкентай шаршылар 2-сызбадағыдай b әрпімен өрнектеледі. Ал
үшбұрыштарды а мен b әрпінен басқа кез келген әріппен белгілейміз. Демек,
x= 3b+2c болады.
Жауабы: 3b+2c
4-есеп. Сұрақ белгісінің орнына қандай сандар сәйкес келетінін табыңыз.
Шешуі: бірінші және екінші сызбадағы заңдылықтарды сақтай отырып,
үшінші сызбадағы сұрақ белгісінің орынындағы сандарды табамыз.
Бірінші
сызбаға назар аударсақ, алтыбұрыш 6
тең бөлікке бөлініп, соның 3 бөлігі
боялған. Екінші сызбада бесбұрыш 5 тең бөлікке бөлініп, 1 бөлігі боялған. Ал
үшінші сызбада төртбұрыш 4 тең бөлікке бөлініп, 2 бөлігі боялған.
35
Жауабы: 4;4;2
5-есеп. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
Отан
5n-7
13
Отбасы
19-2n
7
Мемлекет
35-4n
?
Шешуі: Бірінші бағандағы сөздердің құрамындағы
әріптер санын екінші
бағандағы өрнектегі белгісіздің орнына қойып, үшінші
бағандағы сандарды
табамыз.
«Отан» сөзінде 4 әріп бар. 4 санын 2- бағандағы өрнекке қоямыз.
5∙4-7=13
Осылай жалғастырамыз.
19-2∙6=7
35-4∙8=3
Жауабы: 3
Достарыңызбен бөлісу: