94
Егер берілген сандар саны тақ болса, онда медиана ортадағы бір ғана сан
болады. Егер тізбктегі
сандар саны жұп болса, онда медиана ортадағы екі
санның арифметикалық ортасы болады.
1-есеп. 2; 4; 5; 6; 1; 4; 5; 7; 7; 4 сандар қатарының;
1)
Арифметикалық ортасын;
2)
Модасын;
3)
Өзгеріс ауқымын;
4)
Медианасын табыңдар?
Шешуі: 1) Арифметикалық орта:
.
2) Мода: «1»-1; «2»-1; «4»-3; «5»-2; «6»-1; «7»-2. Ең көп қайталанған сан 4
саны болғандықтан модасы 4 болады.
3) Өзгеріс ауқымы: 7-1
(тізбектегі ең үлкен
сан мен ең кіші санның
айырмасы)
4) Медиана: медиананы табу үшін сандар қатарын өсу ретімен орналастырамыз.
1; 2; 4; 4; 4; 5; 5; 6; 7; 7. Тізбектегі мүшелер саны жұп болғандықтан медиана
тізбектің қақ ортасындағы екі санның арифметикалық ортасы болады.
.
2-есеп.
Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа
жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он
ойыншының орташа жасы 30 жас болды.
Шығып қалған ойыншының жасы
нешеде екенін анықтаңыз.
Шешуі: 11∙29-10∙30 319-300 19
Жауабы: 19
3-есеп. 1; 4; 8; 9; 11; х осы 6 саннан тұратын тізбектің өзгеріс ауқымы 15
болса, онда х-тің мәнін табыңыз.
Шешуі: Өзгеріс ауқымы тізбектегі ең үлкен және ең кіші сандардың
айырмасына тең екенін білеміз. Алайда тізбек мүшелері толық
95
анықталмағандықтан ең үлкен және ең кіші тізбек мүшесін
бірден айта
алмаймыз. Екі жағдайда қарастырсақ:
1) Егер х-ті тізбектің ең үлкен мүшесі деп есептесек, онда тізбектің ең кіші мүшесі
- 1 саны болады.
х-1=15, x=16 болады.
2) Егер х-ті тізбектің ең кіші мүшесі деп есептесек, онда тізбектің ең үлкен мүшесі
-11 саны болады
11-х=15, x= -4 болады.
Жауабы: -4 және 16
Достарыңызбен бөлісу: