99
Тапсырма №19
1. Сегіз жылдан кейін Айдын мен қарындасының жастарының қосындысы 35
жас болады. Осыдан үш жыл бұрын олардың жастарының қосындысы неше жас
болды?
A) 16
B) 9 C) 11 D) 13 E) 15
2. Осыдан бес жыл бұрын Асқар мен қарындасының
жастарының қосындысы
17 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас
болады?
A) 32 B) 41 C) 39
D) 43 E) 27
3. 13 жылдан кейін төрт баланың жасы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың
жасының қосындысы қанша болады?
A) 77 B) 84 C) 97
D) 73 E) 90
4. Әкесі 29 жаста, ұлы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының
жасынан 2 есе артық болады?
A) 24 B) 15 C) 18
D) 19 E) 21
5. Әкесі 28 жаста, ұлы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының
жасынан 3 есе артық болады?
A) 4 B) 5
C) 6 D) 7 E) 8
6. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен.
Назеркенің
жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады?
A) 12 B) 9
C) 10 D) 8 E) 16
7. Амина 3 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің
жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Назерке қанша жасқа толады?
A) 12 B) 9
C) 10 D) 8
E) 16
8. Талғат 2 жаста, оның ағасы Дәуреннің жасы одан 5 есе үлкен. Талғат неше
жасқа толғанда Дәуреннен 2 есе кіші болады?
A) 6 B) 7
C) 8 D) 9 E)10
9. Әкесі мен баласының жастарының көбейтіндісі 2013. Олардың жастарының
қосындысы қанша?
A) 76 В) 94 C) 54 D) 83
E) 96
10. Бекзат туған күнін анасымен бірге атап өтеді. Қазір
анасының жасы
Бекзаттың жасынан 11 есе артық. Ал бүгіннен бастап 36
жыл өткенде,
анасының жасы ұлыныкінен 2 есе артық болады. Бекзат қазір неше жаста?
A) 5 B) 6
C) 3 D) 2 E) 4
11. Қазір әкесінің жасы баласынан 10 есе үлкен, ал 10 жылдан кейін тек 4 есе
ғана үлкен болады. Баласы неше жаста?
A) 1 B) 2
C) 3 D) 4 E) 5
12. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң, олардың жастарының
101
22. Атасының
жасын жылмен, ал шөбересінің жасын аймен санаса, екі сан тең
болады. Екеуінің жастарының қосындысы 117-ге тең. Атасы қаншада, шөбересі
қаншада.
А) 97;8 В) 102; 11 С) 89;4 D) 110; 6 Е) 108; 9
23. Ержан, Ерман, Ерлан үшеуі бір күнде туылған үшемдер. Олардан дәл 3 жыл
кейін туылған екі егіз қарындастары бар. Бесеуінің жастарының қосындысы
қанша болуы мүмкін?
A) 36 B) 53 C) 76 D) 89 E) 92
24. Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының
жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң, анасының жасы
одан 5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан кейін 3 есе үлкен
болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы одан 2 есе үлкен
болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
A) 3 B) 2
C) 5 D) 4 E) 1
25. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе
кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше
жаста?
A) 4 B) 6 C) 8 D) 5 E) 7
26. Менің үш ұлым бар. Біріншісің жасы менің жасымның бірінші цифрына тең,
екіншісінің жасы менің жасымның екінші цифрына тең және үшіншінің жасы
менің жасымның цифрларының қосындысына тең. Ешқайсымыздың жасымыз
тең емес және барлығымыздың жастарымыздың қосындысы 60-қа тең болса,
менің жасымды тап.
A) 38
B) 37 C) 39
D) 29 E) 28
27.Бір адам бір жарым жыл бұрын: «Менің бұл дүниеде өмір сүріп жатқаныма
44 жыл, 44 ай, 44 апта, 44 сағат, 44 миннут өтті»,-деді. Бұл адам қазір нешеде?
A) 50-де
B) 49-да C) 48-де D) 47-де E) 44-те
Достарыңызбен бөлісу: