Мемлекеттік мекемесі


Экономикалық мазмұндағы мәтінді есептер



Pdf көрінісі
бет39/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

Экономикалық мазмұндағы мәтінді есептер 
Математикалық сауаттылық есептерінің ішіндегі күнделікті өмірмен 
тікелей байланысты мәселелер төңірегінде ой қозғайтын, салыстыру арқылы 
тиімдісін таңдауға көмектесетін мәтінді есептер - ол экономикалық мазмұндағы 
мәтінді есептер болып табылады.
Бүгінгі таңда экономикалық мазмұнды математикалық есептерді 
шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана 
теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс 
шешім табуға баулиды. Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану 
жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі 


102 
қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын 
іздестіруге тәрбиелейді. 
Экономикалық мазмұндағы мәтінді есептердің көбі кесте түрінде беріледі. 
Осы тақырыпқа берілген есептер мазмұны жағынан оңай болғанымен есептеуде 
біршама ұзақ уақытты талап етеді.
 
1-есеп. Кестеде машиналардың бағасы мен түрлері берілген. Жеке кәсіпкер 
9270000 теңгеге автосалоннан бірнеше машина сатып алды. Кәсіпкер неше В 
машинасын сатып ала алады? 
Машина 
түрлері 
Бағасы 
Дана 
Барлық 
машинаға 
төленген ақша 
А 
990 000 тг 

9 270 000 тг 
В 
1 100 000тг 

С 
1500 000 тг 

 
Шешуі: Бұл есепте өрнекті есеп шарты бойынша құрып, арифметикалық 
амалдарды дұрыс орындасақ жеткілікті.
9270000-(990000∙3+1500000∙2) 3300000 
3300000:1100000=3
Жауабы: Кәсіпкер 3 дана В машинасын сатып ала алады. 
2-есеп. Кестеде сурет көрмесіне кіретін билеттер құны мен жеңілдіктер 
көрсетілген. Кестені пайдаланып, көрмеге келген 4 үлкен және 7 мектеп 
жасындағы баладан тұратын топ қанша ақша төлейді? 
Адамдар 
Бір 
билет 
құны 
Топқа арналған 
жеңілдіктер 
5-10 
адам 
10 адамнан 
артық 
Үлкендерге 
(18 жастан жоғары) 
400 тг 
5% 
10% 
Балаларға 
(5-17 жас) 
200 тг 
5 жасқа дейінгі 
балалар 
тегін 
Шешуі: Есеп шартына мұқият зер салсақ, үлкен адамға бір билет құны -400 тг, 


103 
ал балаларға-200 тг төлейді. 5 жасқа дейінгі балалар жоқ. Топқа арналған 
жеңілдіктер бойынша адам саны 10-нан артық болғандықтан 10% жеңілдікке ие 
болады. 
4∙400+7∙200=3000 тг 
10 % жеңілдікті алып тастасақ, 
3000-3000∙10%=3000-300=2700 тг. 
Жауабы: 2700 тг. 
3-есеп. Дана 8 л шұбат, 4 л айран және 3 л қымыз үшін 6000 тг төледі. Ал 
Айдын сондай бағамен 2 л шұбат, 1 л айран, 2 л қымыз үшін 2000 тг төледі. 1 л 
қымыз қанша теңге тұрады? 
Шешуі: теңдеулер жүйесін құрып, қосу тәсілі арқылы табамыз. 
2-теңдеуден 1-теңдеуді азайтсақ, 
8қ-3қ=2000 
5қ=2000 
қ=2000:5 
қ=400 тг. 
Жауабы: 1 л қымыз 400 тг. 
4-есеп. «Актив-7» тарифімен барлық операторларға қоңырау соғу 
минутына 7 тг. Ал «Керемет» тарифымен қоңырау соғу желі ішінде нөл теңге, 
басқа операторларға минутына 20 тг. Ардақ «Актив-7» тарифімен, ал Заңғар
«Керемет» тарифімен достарына қоңырау соғады. Бір сағат өткен соң 
Заңғардың бірлік ақшасы Ардақтан 200 тг аз кеткені белгілі болса, Заңғардың 
басқа операторлармен сөйлескен уақытын анықтаңыз. 
Шешуі: Ардақ «Актив-7» тарифімен 60 минутта (1 сағатта ) бірлік ақшасы
7∙60 =420 тг болады. Ал Заңғардың 60 минутта (1 сағатта ) бірлік ақшасы 
420-200=220 тг болады.
Заңғар басқа операторларға 220 тг жұмсаған. Басқа операторларға минутына 20 
тг болғандықтан 
220:20=11 мин. 
Демек, Заңғар желі ішінде 49 минут, ал басқа операторларға 11 минут 
сөйлескен. 
Жауабы: Заңғар басқа операторлармен 11 минут сөйлескен 


104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет