115
Егер сыныпта 15 оқушы болса, онда олардың арасында бір айда туылған
кем дегенде екі оқушы табылады. Себебі оқушы саны -15, айлар саны-12
(15>12).
1-есеп. Қорапта барлығы 50 шар бар. Олардың 12-ы жасыл, 15-і қара, 13-ы
көк. Ал қалғаны сары мен қызыл шарлар.
Қорапқа қарамастан ең кемінде неше шар алынса, олардың арасында бірдей
түсті...
1) 10 шар міндетті түрде табылады?
2) 13 шар міндетті түрде табылады?
3) 8 шар (қара) міндетті түрде табылады?
Шешуі: «Дирихле принципі» бойынша талдау жасасақ,
1)
10 шар міндетті түрде табылу үшін алдымен саны 10-ға жетпей тұрған
шарларды толық аламыз. Бұл жерде сары
және қызыл шарлардың саны
берілмеген, алайда олардың жалпы саны 10-ға тең екенін есептеп білуге
болады. Әр шардан кемінде бір шар бар болғандықтан
сары және қызыл
шарлардың жеке саны 10-нан аз болады. сол себепті саны 10-нан аз болған сары
және қызыл шарларды толық аламыз. Соңында қалған саны 10-нан артық
шарлардан 9 –дан алып, 1-ды қосып береміз.
10+9+9+9+1=10+3∙9+1=38
2)
Бұл жерде саны 13-ке жетпей тұрған сары, қызыл және жасыл шарлар.
10+12+12∙2+1=47
3)
Бұл есепте қара шар деп атап көрсеткен.
Сол себепті алдымен қара
шарлардан басқа шарлардың барлығын аламыз. Соңында қара шардан 8-ін ғана
аламыз.
10+12+13+8=43
Жауабы: 38 шар, 47 шар , 43 шар.
2-есеп. Қорапта 2018 көк, 2019 жасыл және 2020 қызыл доптар бар. Бір түсті
2009 шар қалу үшін қорапқа қарамай, ең көп дегенде қанша допты алып тастау
керек?
Шешуі: «Дирихле принципі» бойынша шығарамыз.
Барлық доптар саны 2009-дан артық болғандықтан
2008∙3+1=6025
2018+2019+2020=6057
6057-6025=32
116
Бұл есепте бір түсті 2009
доп қорапта қалу керек, сол себепті жалпы
доптар санынан алынып тасталған доптар саны азайтылады.
Жауабы: 32 допты алып тастау керек.
Достарыңызбен бөлісу: