«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар және Қазақстан Республикасының кепілдемесімен тартылған қарыздар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын



Дата24.02.2016
өлшемі45.62 Kb.
#14786


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасының

2014 жылғы 9 қаңтардағы

№ 3 бұйрығына

8- қосымша
Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасы

міндетін атқарушының

2010 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 351 бұйрығына

36-қосымша



«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар және Қазақстан Республикасының кепілдемесімен тартылған қарыздар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

(коды 7421202, индексі 14-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар және Қазақстан Республикасының кепілдемесімен тартылған қарыздар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды
7421202, индексі 14-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар және Қазақстан Республикасының кепілдемесімен тартылған қарыздар туралы есеп» ведомстволық
статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды
741202, индексі 14-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Осы статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын толтырады және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар бойынша, сондай-ақ мемлекеттің кепілдемесімен тартылған қарыздар бойынша берешекті есепке алуды, игеруді және өтеуді есепке алуға арналған.

Тартқан қарыздар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне статистикалық нысанын ұсынбайды.

3. Есеп 3 бөлімнен тұрады:

1-бөлім – мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар туралы мәлімет;

2-бөлім – мемлекеттің кепілдемесімен тартылған қарыздар туралы мәліметтер;

3-бөлім – мемлекетік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарызды игеру және өтеу туралы есеп.

1 және 2-бөлімдер бар құралдар бойынша деректемелер өзгерген жағдайда, сондай-ақ мемлекетік және мемлекет кепілдік берген жаңа сыртқы қарыздар және мемлекетің кепілдемесімен тартылған қарыздар пайда болған жағдайда ұсынылады.

4. 1-бөлім қарыз туралы келісімге (шартқа) сәйкес әрбір қарыз бойынша жеке толтырылады.

Егер қарызды кредиторлардың консорциумы (синдикатталған қарыз) ұсынған жағдайда, 1 және 2-бағандарда қарыз агентінің (агент банктің) атауы мен елі көрсетіледі.

Егер донор (кредитор) халықаралық қаржылық ұйым болып табылса,
2-бағанда «ХҚҰ» көрсетіледі.

4-бағанда қаржыландыру мақсатында сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік беретін қарыз тартылған жобаның атауы көрсетіледі.

5-баған А бөлігі үшін толтырылмайды.

8-бағанда сыйақы мөлшерлемесінің түрі көрсетіледі– белгіленген немесе өзгермелі.

9-бағанда, егер белгіленген мөлшерлеме болса, мөлшерлеме мәні көрсетіледі (мысалы, 7,5%), егер өзгермелі болса – оның есептеу базасы және маржасы көрсетіледі (мысалы, ЛИБОР 6 ай USD + 1,5%).

10-бағанда қарыз туралы келісімде (шартта) көзделген комиссия (қарызды резервтеу үшін, біржолғы комиссиялық алым және т.б.), сыйлықақы, айыппұл, өсімпұл және қарыздың пайызын немесе ақы төлеу сомасы мен мерзімін көрсете отырып т.б. көрсетіледі.

12-бағанда бар болған кезде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезең көретіледі.

13-бағанда қарыз туралы келісімде (шартта) жазылған негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу күні (мысалы, жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтар), сондай-ақ – қарызды өтеудің соңғы күні көрсетіледі.

14-бағанда бар болған кезде қарыздың сыйақысын капиталдандыру мүмкіндіктері мен талаптары және өзге ерекше талаптары, оның ішінде қарыз қаражатын жою туралы деректер көрсетіледі.

5. 2-бөлім инфрақұрылымдық облигациялар эмиссиясының әрбір проспектісі бойынша жеке толтырылады.

6. 3-бөлім әрбір сыртқы қарыз бойынша донор (кредитор) бойынша толтырылады. Есептегі барлық сома мың АҚШ долларында, бүтін санмен көрсетіледі. Теңгедегі және басқа шетел валюталарындағы сомалар АҚШ долларына аударылады. Айырбастау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қолданылатын валютаның нарықтың айырбас бағамы қолданылады. Операцияларды айырбастау үшін операцияларды жүргізу күнгі тиісті бағам қолданылады. Есепті кезеңнің соңында қорларды (қалдықтарды) айырбастау үшін есепті кезең соңындағы тиісті бағам қолданылады.

2А-бағанда есепті кезеңде кредиторға қайтарылған бұрын игерілген қаражат көлемі көрсетіледі.

Егер төлемдер ағымдағы кезеңде есептелсе, алайда төленбесе (немесе ішінара төленсе), негізгі борышты төлеу бойынша туындайтын міндеттеме «оның ішінде, мерзімі өткен берешек» деген жолда көрсетіледі.

4-бағанда валюталардың бағамдарының өзгеруі салдарынан қарыз құнының есепті кезеңдегі өзгеруі көрсетіледі.

5-бағанда қарыз құнының есепті кезеңде біржақты тәртіппен болған өзгеруі көрсетіледі (кредитордың берешекті есептен шығаруы, серіктестің резиденттігінің өзгеруі және тағы басқа), сондай-ақ есепті толтыру кезінде бұрын жіберілген қателерді түзету.

4 және 5-бағандар есепті кезеңде оң мәнде, сондай-ақ теріс мәнде жасалуы мүмкін.

Сыйақы, комиссиялық және басқа да тиісті төлемдер бойынша мерзімі өткен міндеттемелерді төлеген жағдайда, тиісінше 7, 8 және/немесе 9-бағандардағы «оның ішінде, мерзімі өткен берешек» деген жолдар толтырылады.

Егер донор (кредитор) бойынша біреуден артық қарыз бойынша ақпарат толтырылса, онда есептің барлық сандық бағандары бойынша «Донор бойынша жиынтығы» және «оның ішінде, мерзімі өткен берешек» деген жолдар саналады және толтырылады.

«Ескерту» 9-бағаны қосымша мәліметтерді (операция сомаларын, түрін нақтылау және тағы басқа) көрсету қажет болған жағдайда толтырылады.

А және Б бөліктері бойынша «Бөлім бойынша жиынтығы» және «оның ішінде, мерзімі өткен берешек» деген жолдар саналады және толтырылады.

7. Арифметикалық-логикалық бақылау:

3-бөлік. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп:



әрбір жол үшін 6-баған = 1-баған + 2-баған – 2А-баған – 3-баған + 4-баған + 5-баған;

әрбір жол үшін 1-баған = алдыңғы кезеңнің 6-бағаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет