Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің 2014 жыл жағдайы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі



Дата25.02.2016
өлшемі58.63 Kb.
#25376
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің 2014 жыл жағдайы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі
1. Жалпы ереже.
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) «Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» (1-ші Қызмет);

2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» (2-ші Қызмет);

3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» (3-ші Қызмет);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші).

2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны– 3:

2) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны (бұдан әрі - ХҚКО) - 1;

3) тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 3;

ақылы негізінде – 0.

4) қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

қағаз нысанда – 1 (3-ші Қызмет);

электрондық нысанда – 2 (1-ші және 2-ші Қызмет);

5) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны- 3;

3. Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2-ші қызмет болып келеді, 2014 жылы 41 257 қызмет электронды түрде көрсетілді.

     

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер :

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан;

2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналасқан;

3) қызмет берушінің www.kgip.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат:

1) «электронды үкімет» веб-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында 2-ші және 3-ші Қызмет бойынша – 2014 жылдың 13 маусымнан бастап 13 шілдеге дейін.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) жүргізілген жоқ.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру іс-шаралар жүргізілген жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар 2014 жылы асалған жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру 2014 жылы жасалған жоқ.


4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау


1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат 1 кестеге сәйкес берілген.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау 2014 жылы жасалған жоқ.

3. 2014 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелеріне Комитетте ескертулері жоқ..

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін мемлекеттік қызметттер бойынша проблемалар (мерзімдерді бұзу, кәсіпкерлерден шағымдар мен ескертулер және т.б.) жоқ.


5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Көсретілетін қызметті берушімен 2015 жылы 3-ші Қызметті электронды түрде 3-ші қызметті алу үшін үндеуді бағыттау бөлігінде жартылай автоматтандыру жоспарланған.

2-ші Кесте
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет




1

2

3

4

5

6

7

Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-
ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)

-

-

-

-

-

-

-


Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру

-

-

-

-

-

-

-


Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы

-

-

-

-

-



-


-


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет