Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)



жүктеу 258.7 Kb.
Дата16.07.2016
өлшемі258.7 Kb.





№ исх: 5/16259 3-5899 от: 09.10.2012


Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)

Мемлекеттік мекемелердің

бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілігі ҚСХҚЕС пен есептеу

әдісіне сәйкес көшуі бойынша

түсіндіру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң


2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө өкiмiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысымен бекітілген Нәтижеге бағдарланған бюджеттi енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) және есептеу әдісіне сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа әдіснамасына көшуі бойынша тиісті іс-шаралар жүзеге асырылды.

Әдіснамалық негіз

Бүгінгі таңда мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, БАҚ-та жарияланды және Министрліктің сайтында (www.minfin.kz, «ҚСХҚЕС» бөлімі) орналастырылған:

- «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда №6443 болып тіркелген), «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі №348 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2012 жылғы 23 тамызда № 7873 болып тіркелген (бұдан әрі - Қағида);

- «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте №6505 болып тіркелген), «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №433 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Есеп саясаты);

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып тіркелген) (бұдан әрі - Нысандар альбомы);

- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда № 6314 болып тіркелген), «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі №338 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 06 тамызда № 7830 болып тіркелген),енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Шоттар жоспары);

- «Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығы. (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде № 6352 тіркелген), «Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Қаржылық есептілікті жасау қағидалары).

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде №6339 тіркелген), «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 417 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып ( бұдан әрі -    Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау қағидалары);

- «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігін жасау және ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда №7131 тіркелді) ( бұдан әрі -    Бюджеттік есептiлiкті жасау қағидалары);

- «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7197 тіркелді) ( бұдан әрі -Түгендеу жүргізу қағидалары);

- «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда № 6965 тіркелді) ( бұдан әрі -   Ұзақ мерзімді активтер бойынша жылдық тозу нормалары);

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі № 452-IV Заңымен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 117-бабына қаржылық есептілік тізбесін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілді).

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелiгiн, Есеп саясатын ескере отырып және мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, өз жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерінде бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi жалпы ережелерiн қолдану тәртiбi туралы нұсқаулар шығара алады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Мемлекеттік мекеменің басшысы есептеу әдісіне көшу кезінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен есеп жүйесінің жасалуын жаңа әдіснама бойынша қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері мыналарды:

- есептеу әдісіне көшу бойынша кіріс бухгалтерлік теңгерімнің дайындалуын және ұсынылуын;

- жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операцияларының шоттарда есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына сәйкес көрініс табуын;

- қызметкерлерге еңбекақының есептелуі мен төленуінің белгіленген мерзімде, уақтылы болуын;

- түгендеудің уақтылы жүргізілуі;

- қаржылық және бюджеттік есептіліктің жасалуын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына уақтылы көшірілуі үшін жауапкершілік республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.

Есептеу әдісі бойынша есептің ерекшеліктері

Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары және Есеп саясаты

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары есепке алынатын объектілерді есепке алу және бағалаудың балама әдістерінің барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік мекемелері үшін бірыңғай болып табылатын, тәжірибелік қолдануға міндеттілерін Есеп саясаты анықтайды. Есеп саясатына өзгерiстер мен толықтыруларды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган енгiзедi.

Мәселен, Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында негізгі құралдарды есепке алу бойынша кейіннен негізгі құралдарды есепке алу үшін екі модель көзделген: өзіндік құны бойынша есепке алу моделі және қайта бағаланған құны бойынша есепке алу моделі. Бекітілген Есеп саясатына сәйкес өзіндік құны бойынша (нақты шығындар) есепке алу моделін қолдана отырып, негізгі құралдарды есепке алу тәртібі пайдаланылуы тиіс.

Активтердің қайта жіктелуі

Есептеу әдісіне көшу кезінде олар бойынша есепке алу тіркелімдерінің жаңа нысандары әзірленген негізгі құралдардың, инвестициялық жылжымайтын мүліктің, биологиялық активтердің жеке есептерін бөле отырып, активтерді қайта жіктеу жүргізіледі (№ БА-1 «Биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдап алу-беру (өткізу) актісі» нысаны, № БА-1А «Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қабылдап алу-беру (өткізу) актісі» нысаны, № БА-2 «Биологиялық активтерді есептен шығару актісі» нысаны, № БА-3 «Биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы» нысаны, № 326-ИН «Инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша айналым ведомості » нысаны, № 326-БА «Биологиялық активтер бойынша айналым ведомості» нысаны және тағы басқалар.).

Бұдан бұрын «Құндылығы аз тез тозатын заттар» деген бап бойынша есепке алынған активтер қысқа мерзімді активтерді (қорларды) есепке алу баптары мен ұзақ мерзімді активтерді (басқа негізгі құралдарды) есепке алу баптары бойынша қайта жіктелуге жатады.

Дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу

Айтарлықтай өзгерістер оларға бұдан бұрын актив-пассив шоттар қолданылған дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу тәртібіне қатысты болды (178 «Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер» шоты, 160 «Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар» шоты, 150 «Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар» шоты және тағы басқалар.). Дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу үшін есептеу әдісіне көшуге байланысты жекелеген шоттар көзделген.

Дебиторлық берешектерді есепке алу жөніндегі шоттардың тек дебеттік немесе нөлге тең сальдосы болуы мүмкін, ал кредиторлық берешектерді есепке алу жөніндегі шоттардың – тек кредиттік немесе нөлге тең сальдосы болуы мүмкін.

Міндеттемелерді есепке алу шоттарында дебеттік сальдосы болған кезде дебиторлық берешектерді есепке алу жөніндегі тиісті шоттарға көшіру жүзеге асырылады және керісінше, кредиттік сальдосы болған кезде кредиторлық берешектерді есепке алу жөніндегі тиісті шоттарға көшіру жүзеге асырылады.

Бұдан бұрын есепке алудың кассалық әдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді тану

Есептеу әдісіне көшу кезінде мемлекеттік мекемелер Есеп саясатына және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес өткен жылдардың қаржылық нәтижесіне (5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шоты) жатқыза отырып, активтерді немесе міндеттемелерді есепке алудың тиісті шоттарының дебеті бойынша немесе кредиті бойынша корреспонденциясын жасай келе бұдан бұрын есепке алудың кассалық әдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді таниды.

Мәселен, бағалы қағаздарға салынған, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын құру және толықтыру нысанындағы қаржылық инвестициялар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің теңгерімінде активтер құрамында танылуға жатады. Сондай-ақ мысал үшін міндеттемелердің құрамында тануға алынған қарыздар бойынша кредиторлық берешек, қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв жатады.

Мемлекеттік мекемелер Есеп саясатына және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілікте бұдан бұрын есепке алудың кассалық әдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді таниды.



Кірістер мен шығыстарды есепке алу

Кірістерді есепке алу үшін: 6000 «Айырбас емес операциялардан түсетін кірістер», 6100 «Айырбас операциялардан түсетін кірістер», 6200 «Активтерді басқарудан түсетін кірістер», 6300 «Басқа кірістер» деген кіші бөлімдердің жекелеген шоттары көзделген.

Активтерді басқарудан түсетін кірістер, оның ішінде инвестиция объектісінің таза табысының бір бөлігінің, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің түсімдері мен заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне кірістер, мүлікті жалдаудан түсетін кірістер бюджет кірістері болып табылады.

Кірістерді міндетті түрде бюджетке аударумен байланысты операцияларды (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетін сметадан тыс түсімдер, сыйақы түріндегі кірістер және тағы басқалар) мемлекеттік мекеме бюджет алдындағы міндеттемесі ретінде таниды.

Шығыстарды есепке алу үшін: 7010 «Еңбекақы төлеуге шығыстар», 7070 «Іссапарларға төлеуге шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен басқа да қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7130 «Жалдау бойынша шығыстар» және тағы басқа жекелеген шоттары көзделген.

Есептеу әдісін қолдану жағдайларында негізгі құралдардың құны бекітілген Нысандар альбомының (459-нысан) «Ұзақ мерзімді активтер бойынша амортизация сомасын есептеп шығару кестесін» жасай отырып, ұзақ мерзімді активтер бойынша тозудың жылдық белгіленген нормасына сүйене отырып, ай сайын амортизация есептеу жолымен шығыстар құрамында тануға жатады.

Есепті кезеңге жататын барлық шығыстарды тану мақсатында пайдаланылмаған демалыстар бойынша, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған шарттар бойынша күмәнді борыштар бойынша резервтер құрылады.

Дебиторлық берешектің теңгерімдік құнын түзету мақсатында есепті кезеңнің аяғына, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды түгендеу нәтижелері бойынша (1230 «Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты бойынша) Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында анықталған тәртіпте тек сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша күмәнді борыштар бойынша резервтер құрылады.

Пайдаланылмаған демалыстар бойынша міндеттемелердің сомасына есепті кезеңнің шығыстарына жатқыза отырып, резервтер құрылады.

Резерв мөлшері ағымдағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін демалыс ақысының сомасын есептеу жолымен анықталады.

Пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті есептеу үшін Нысандар альбомының 463-нысаны көзделген.

Есепті кезең аяқталғанда есепті кезеңнің қаржылық нәтижесіне кірістер мен шығыстардың шоттарын жабу жүргізіледі.



Есепке алу тіркелімдерінің нысандары

Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепті мемориалдық-ордерлік нысанда, бекітілген Нысандар альбомының есепке алу тіркелімдерін қолдана отырып, жүзеге асырады.

Жинақ ведомостерінің 22 мемориалдық ордері көзделген, оның ішінде 8 мемориалдық ордер мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын есепке алу үшін қосымша енгізілген:

- мемориалдық ордер 15 – айырбас емес операциялардан түскен кірістерді есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 16 – тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен кірістерді есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 17 – активтерді басқарудан түскен кірістерді есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 18 – басқа операциялар бойынша түскен кірістерді есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 19 – операциялық шығыстарды есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 20 – бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 21 – активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеу жинақ ведомості;

- мемориалдық ордер 22 – басқа операциялар бойынша шығыстарды есептеу жинақ ведомості.

Қаржылық есептілік және шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қаржылық есептілік және шоғырландырылған қаржылық есептілік өзіне есептіліктің мынадай мынадай нысандарын қамтиды: бухгалтерлік теңгерім (1-нысан), қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп (2-нысан), қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеме шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (3-нысан), таза активтер/капитал өзгерістері туралы есеп (4-нысан), қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы (5-нысан).

Қаржылық есептіліктерін мемлекеттік мекемелер Қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес жасайды.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес жасайды.

Жылдық қаржылық есептілік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан арасындағы күнтізбелік кезең үшін жасалады. Тоқсандық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша жасалады.

Бухгалтерлік теңгерім (1-нысан)

Бухгалтерлік теңгерімде: «Қысқа мерзімді активтер», «Ұзақ мерзімді активтер», «Қысқа мерзімді міндеттемелер», «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» деген бөлімдер бойынша ақпарат активтер мен міндеттемелердің тиісті қайта жіктелуімен және «Таза активтер/капитал» ұсынылады, теңгерімнен «Теңгерімнен тыс шоттар» көзделген.

Бухгалтерлік теңгерімдегі активтер теңгерімдік құнымен көрсетіледі. Негізгі құралдардың (114-жол), инвестициялық жылжымайтын мүлік (116-жол), материалдық емес активтердің (118-жол) теңгерімдік құны бастапқы құннан жинақталған амортизацияны алып тастағанда, одан құнсызданудан келген залалды алып тастағандағы құн болып табылады, қорлардың теңгерімдік құны (020-жол) қорлардың құнсыздануына арналған резервті алып тастап анықталады және т.б. Ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан келген залал, қорлардың құнсыздануына арналған резерв тек Бухгалтерлік есептілікті жүргізу қағидаларында айқындалған жағдайларда және рәсімдерді сақтай отырып, көрсетіледі, осыған байланысты құнсыздану фактісі болмаған кезде активтердің теңгерімдік құнын есептеуде активтердің құнсыздануы жөніндегі резерв нөлге тең қабылданады. Бухгалтерлік теңгерім баптары бойынша ақпаратты ашу қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада ұсынылған.

Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп (2-нысан)

Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп есепті кезеңнің кіріс түрлері бойынша (айырбас емес және айырбас операциялардан, активтерді басқарудан түсетін кірістер мен басқа да кірістер), шығыс түрлері бойынша (мемлекеттік мекеменің шығыстары, бюджеттік төлемдер бойынша шығыстары, активтерді басқару бойынша шығыстары мен басқа да шығыстары) және қаржылық нәтижесі бойынша ақпаратты білдіреді.

2-нысанның «Өткен кезең» деген 4-бағаны 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (3-нысан)

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп мынадай: операциялық, қаржылық, инвестициялық қызмет түрлері бойынша ақшалай қаражат ағыны туралы ақпаратты білдіреді.

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепте 920 «Кезеңнің басындағы ақшалай қаражат», 930 «Кезеңнің аяғындағы ақшалай қаражат» деген жолдар бойынша сомалар 1072 «Ақшалай құжаттар» деген қосалқы шот бойынша сальдоны қамтымайды.

3-нысанның «Өткен кезең» деген 4-бағаны 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.



Таза активтер/капиталдың өзгерістері туралы есеп (4-нысан)

Есеп, тікелей таза активтерде/капиталда, активтерді қайта бағалау бойынша резервте және т.б.танылатын жинақталған қаржылық нәтиже туралы, капиталдық салымдарды қаржыландыру сомасы туралы көрсеткіштерді қоса алғанда, бухгалтерлік теңгерімнің «Таза активтер/капитал» бөлімінің өзгерістері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.

4-нысанның 070-тен бастап 120-жолын қоса алғанда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.

Түсіндірме жазба (5-нысан)

Қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында ақпараттың ашылуы қамтылады және қаржылық және бюджеттік есептіліктердің деректерін салыстыруға мүмкіндік береді. Мәселен, есептеу әдісін қолдану кезінде ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік теңгерімде теңгерімдік құнымен көрсетілуі тиіс. Түсіндірме жазбада ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша көрсеткіштердің 5-б «Ұзақ мерзімді активтер активтердің қозғалысы туралы есеп» нысаны бойынша бастапқы құнымен бюджеттік есептілік деректерімен салыстыру жүргізіледі.

Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар» деген 5-кестесінің 11-бағанының 040 «Есепті кезеңнің басындағы сальдо теңгерімдік құнымен» деген жолындағы деректер бухгалтерлік теңгерімнің 3 «Есепті кезеңнің басындағы» деген бағанының 114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы сомаға тең. Және тиісінше Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар» деген 5-кестесінің 11-бағанының 041 «Есепті кезеңнің аяғындағы сальдо теңгерімдік құнымен» жолындағы деректер бухгалтерлік теңгерімнің 4 «Есепті кезеңнің аяғындағы» деген бағанының 114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы сомаға тең.

Кезеңнің басындағы және аяғындағы сальдо бастапқы құнымен, ұзақ мерзімді активтердің сыныптары бойынша түсімдер мен шығындар 5 «Негізгі құралдар» кестесі бойынша бастапқы құнымен бюджеттік есептіліктің 5-б «Ұзақ мерзімді активтер активтердің қозғалысы туралы есеп» нысанының деректерімен салыстырылады.

Түсіндірме жазбадағы басқа активтер бойынша деректер де бухгалтерлік теңгерімде осылай салыстырылады.

Бюджеттік есептілік

Бюджеттік есептілік Бюджеттік есептілікті жасау қағидаларына сәйкес қалыптастырылады. Бюджеттік есептілікті бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды және ұсынады. Қаржылық есептілік көрсеткіштері Қаржылық және бюджеттік есептіліктердің негізгі көрсеткіштерін келісу схемасы бойынша бюджеттік есептілік көрсеткіштерімен (Бюджеттік есептілікті жасау қағидаларына 1-қосымша) салыстырылады.

Бюджеттік есептіліктің 5-б «Ұзақ мерзімді активтер қозғалысы» нысаны мен 6 «Қорлар қозғалысы» нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтер мен қорлардың қозғалысы қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаның 3 «Қорлар» кестесінің, 5 «Негізгі құралдар» кестесінің, 6 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» кестесінің, 7 «Биологиялық активтер» кестесінің және 8 «Материалдық емес активтер» кестесінің 010, 011, 012 және 013-жолдарымен салыстырылады.

Қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі мен тәртібі

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілейді, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін - бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган белгілейді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттi атқару жөнiндегi тиісті жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазынашылық комитетінің департаменттеріне ұсынады.

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қаржылық есептілікті нысандардың толық көлемімен, үш данада бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi белгілеген мерзімде тиісті аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады. Есептіліктің бұрыштамалары мен мөртабаны бар екі данасы мемлекеттік мекемелерге қайтарылады, оның біреуі бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жіберіледі.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазынашылық комитетіне ұсынады.

Есептіліктің уақтылы ұсынылуы үшін жауапкершілік республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, сондай-ақ бюджеттi атқару жөнiндегi тиісті жергілікті уәкiлеттi органдарға жүктеледі.

Есептеу әдісіне көшу

2013 жылдың 1 қаңтарына кіріс теңгерімін жасау

Есептеу әдісіне көшу кезінде, Бюджеттік есептілікті жасау қағидаларына сәйкес «пилоттық» бағдарламаның мемлекеттік мекемелерін қоса алғанда, барлық мемлекеттік мекемелер 2013 жылдың 1 қаңтарына кіріс теңгерімін және № 5-б «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» нысанын, №6 «Қорлардың қозғалысы туралы» нысанын жасайды. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi аталған есептерді 2013 жылдың 10 ақпанына дейін тиісті уәкілетті органдарға ұсынады.

Бухгалтерлік кіріс теңгерімі Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына Көшу схемасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кассалық әдіспен жасалған бюджеттік есептілік теңгерімінің баптарының сальдосын бухгалтерлік кіріс теңгерімінің тиісті баптарына көшіру жолымен жасалады (1-нысан).

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына Көшу схемасы Шоттар жоспарына 2-қосымшада келтірілген.

Мемлекеттік мекемелерді бухгалтерлік есепті есептеу әдісіне көшіру Есеп саясатының 25 «Көшпелі ережелер» біліміне сәйкес жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік кіріс теңгеріміне жаңа шоттар жоспарына көшу схемасы мен теңгерім баптарын көшіру бойынша түсіндірме жазбасы бар кесте қоса беріледі.

Сальдоны кіріс теңгеріміне көшіру бухгалтерлік теңгерімнің 3 «Есепті кезеңнің басында» бағаны бойынша мемлекеттік мекеменің жүргізілген түгендеуін ескере отырып, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.

Кіріс теңгерімінде негізгі құралдардың, инвестициялық жылжымайтын мүліктің, материалдық емес активтердің теңгерімдік құны көшу күніндегі бастапқы құн мен жинақталған тозу (амортизация) арасындағы айырма ретінде анықталады.

Ұзақ мерзімді активтер мен қорларды есепке алу баптары бойынша кезеңнің басындағы қалдықтарды растау мақсатында бюджеттік есептіліктің мына нысандары: тек қана 5-б «Жылдың басына» нысанының 3-бағаны бойынша және 6 «Есепті кезеңнің басындағы қалдық» нысанының 3-бағаны бойынша тиісінше толтырылған 5-б «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» нысаны мен 6 «Қорлар қозғалысы туралы есеп» нысаны кіріс теңгеріміне қоса берілуі тиіс.

Шығыстар шоттарының сальдосы 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының дебетіне ауыстырылады. 201 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар», 212 «Өзге қаражат есебінен күрделі салымдарға арналған шығыстар», 216 «Күрделі салымдарға арналған өзге қорлар есебінен шығыстар» қосалқы шоттарының сальдосы активті мойындау критерийлері сақталған кезде 2410 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» шотына ауыстырылады, басқа жағдайларда 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының дебетіне ауыстырылады.


2013 жылғы қаржылық есептілікте бұдан бұрын есепке алудың кассалық әдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді тану

Есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп шеңберінде 2013 жылғы қаржылық есептілікте мемлекеттік мекемелер бұдан бұрын есепке алудың кассалық әдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді таниды.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (мәселен, сыртқы қарыздардың міндеттемелерін есептеу әдісі бойынша Қаржы министрлігінің есепке алуы жөнінде) ол құрылған сәттен бастап, алынған қарыздар бойынша өтелмеген кредиторлық берешектің қалпына келтірілген сомасын 2013 жылғы қаржылық есептілікте көрсету үшін 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010 «Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттары бойынша 2013 жылы мынадай корреспонденция: 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті мен 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010 «Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының кредиті бойынша танылады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы бухгалтерлік теңгерімде алынған қарыздар бойынша кредиторлық берешек сомасы 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010 «Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттары бойынша және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына, Есеп саясатына және Шоттар жоспарына сәйкес 2013 жылғы алынған қарыздар бойынша кредиторлық берешек қозғалысы бойынша барлық операциялардың қалпына келтірілген сомаларын ескере отырып көрсетіледі.

2013 жылғы қаржылық есептілікте өткен кезеңдердегі пайдаланылмаған демалыстар бойынша көшу күніне (2013 жылдың 1 қаңтары) дейінгі міндеттемелер сомасына өткен жылдардың қаржылық нәтижесіне (5220-шот) жатқыза отырып, резерв құрылады, 2013 жылғы пайдаланылмаған демалыстар бойынша міндеттемелер сомасына есепті кезеңнің қаржылық нәтижесіне (5210-шот) жатқыза отырып, резерв құрылады.

2013 жылғы қаржылық есептілікте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестицияларды тану

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомаларын қалпына келтіру мынадай екі тәсілді: негізгі және баламалы тәсілдерін қолдана отырып жүргізіледі. Қолданылатын тәсіл 2013 жыл үшін қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында негізделуге жатады.



Негізгі тәсіл

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бастапқыда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестицияларды есептеу әдісі бойынша дайындалған 2013 жылғы қаржылық есептілікте квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылған сәтінен бастап жарғылық капиталдарын қалыптастыру және толықтыруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдеріне сәйкес жүргізілген мөлшерде таниды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру және толықтыруға салынған инвестициялар Есеп саясатына сәйкес өзіндік (нақты жүргізілген шығын) құнымен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері теңгерімінде активтер құрамында танылуға жатады.

Инвестициялардың сомасы квазимемлекеттік сектор субъектісінің теңгерім деректермен салыстырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомасын растау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде аудиттеуге жататын қаржылық есептілік деректері аудиттелген қаржылық есептілік деректерімен салыстырылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың қалпына келтірілген сомасын 2013 жылғы қаржылық есептілікте көрсету үшін 2013 жылы 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шоты бойынша мынадай корреспонденциямен: 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті мен 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының кредитін таниды.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы бухгалтерлік теңгерімде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомасы 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шоты бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына, Есеп саясатына және Шоттар жоспарына сәйкес 2013 жылғы инвестициялардың қозғалысы бойынша барлық операциялардың қалпына келтірілген сомасын ескере отырып көрсетіледі.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомасын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының, мемлекеттік мүлікке билік ету жөніндегі уәкілетті органның бұйрықтарының, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің негізінде жүргізеді және тиісті бастапқы құжаттармен (активтерді беру, жарғылық капиталды қалыптастыру және толықтыруға ақшалай қаражат аудару жөніндегі және басқа құжаттармен) растайды.

Баламалы тәсіл

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылған сәтінен бастап бастапқы құжаттар бойынша деректерді қалпына келтіруді жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болған кезде инвестициялардың бастапқы сомасы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2012 жылғы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған, мөрімен расталған қаржылық есептілік деректері негізінде қалпына келтірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептіліктері міндетті түрде аудиттеуге жататын Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомасын растау үшін олар аудиттелген қаржылық есептілік деректерімен салыстырылады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен болуы тиіс.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 2013 жылғы қаржылық есептілікте көрсету үшін квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталындағы инвестиция көлемін былайша анықтайды:

- 2013 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың қалпына келтірілген сомасы квазимемлекеттік сектор субъектісінің 2013 жылғы 1 қаңтардағы бухгалтерлік теңгерім деректері бойынша оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне тең сомада анықталады және мынадай жазба жүргізіледі: 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті;

- 2014 жылдың 1 қаңтарындағы бухгалтерлік теңгерімдегі инвестиция сомасы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына, Есеп саясатына және Шоттар жоспарына сәйкес 2013 жылғы инвестициялардың қозғалысы бойынша барлық операциялардың қалпына келтірілген сомасын ескере отырып көрсетіледі.



Жұмыс топтары

Министрлік Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйелерін жетілдіру және ҚСХҚЕС –ке сәйкес мемлекеттік мекемелердің Бюджет кодексінің 245-бабында белгіленген мерзім - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап есептеу әдісіне көшуі бойынша іс-шаралар жоспарын іске асырды.

Бухгалтерлік есепті ҚСХҚЕС –ке сәйкес есептеу әдісіне ауыстыру бойынша көшпелі кезеңде (2013 жылы) мемлекеттік мекемелерге консультациялық көмек көрсету үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ облысты, аудандық (қалалық) әкімдіктердің жанында облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің Қаржы басқармаларының мамандарын тарта отырып, жұмыс топтары құрылған.

Жұмыс топтарының тізімдері Министрліктің www.mi№fi№.kz сайтында «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» /Жаңалықтар/ Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде, облыстық және қалалық әкімшілігінде ҚСХҚЕСенгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы баспасөз релизі бөлімінде орналастырылған.



Қызметкерлерді оқыту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2011 жылғы 14 наурыздағы №20-25/1353 тапсырмасын орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне «пилоттық» бағдарламаға кіретін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерін ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына және есептеу әдістеріне оқудан өткізу қажеттігі туралы хаттар жіберілді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 624 қаулысына сәйкес «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау мен қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ (бұдан әрі - «Орталық» АҚ) жұмыс істейді.

«Орталық» АҚ мемлекеттік сектордың бухгалтерлік қызметтерін оқыту бойынша жауапты орындаушы болып табылады. «Орталық» АҚ мына мекенжай бойынша орналасқан: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 10 үй, «Номад» Бизнес-Орталығы, телефондар (7172) 57-58-58, сайт мекенжайы: www.ecmf.kz, электрондық почта мекенжайлары: ecmf@ecmf.kz.

Министрлік 2012 жыл бойында «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік мекемелерде есептеу әдісімен бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасы бойынша бес аккредиттелген ұйымның («Кәсіптік сертификаттау әдіснамасы орталығы» ЖШС, «Зерде» оқу орталығы» ЖШС, «Бухгалтерлер & Аудиторлар Институты» ЖШС, «Бухгалтерлер, қаржы нарығы оқытушылары мен мамандарының альянсы» БКБ, «Қазақстанның сертификатталған қаржы менеджерлері институты» ЖШС) оқу бағдарламаларын келісті.

Бағдарламалық өнім

Мемлекеттік мекемелердің жаңа әдіснама бойынша бухгалтерлік есепті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептеу әдісіне көшу бағдарламасын ойдағыдай іске асыру мақсатында Министрлік бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленген бағдарламалық өнімді мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелерде пайдалану қажеттігі туралы, ал бағдарламалық өнім болған кезде есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша жаңа талаптарға сәйкес пысықтау қажеттігі туралы бірнеше рет хат жіберілді.

2012 жыл бойында мемлекеттік мекемелерде есептеу әдісімен бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасы бойынша: «1-С: Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік есеп», «Парус-Каз.Бюджет» және «К2.Бюджет. ҚСХҚЕС» сияқты олар бойынша ХВҚ мен USAID халықаралық консультанттарының оң қорытындылары алынған, «пилотта» бейімделген бағдарламалық өнімдер пысықталды және сыналды.

Ақпараттық қолдау

Министрлік мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігін реформалау жөнінде өткізіліп жатқан жұмыстар туралы барлық ақпаратты шұғыл түрде және тұрақты негізде www.minfin.kz сайтындағы «Қоғамдық секторға арналған Халықаралық қаржылық есептілік стандарты» бөлімінде орналастырып отырады.



Вице-министр Б. Шолпанқұлов

Орындаушылар:

Ерназарова З.А. тел. 8-7172-71-73-49 z_ernazarova@minfin.kz

Каймолдинова А.Б. тел. 8-7172 71-71-47 a_kaimoldinova@minfin.kz

Жаскенова Д.Ж. тел. 8-717271-71-45 d_zhaskenova@minfin.kz

Баймаганбетова Г.С. тел. 8-7172 71-81-90 g_baimaganbetova@minfin.kz

Ыбыраева М.А. тел. 8-717271-86-83 M_Ibraeva@minfin.kz



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет