Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)



Дата27.02.2016
өлшемі43.31 Kb.
#28295


Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚСХҚЕС және есептеу әдісіне сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін реформалаудың кейбір мәселелері бойынша түсіндірулерді жолдайды.

ҚР Қаржы министрі бекіткен 2011-2015 жылдарда ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің көшуін жүзеге асыру туралы іс-жоспарының II.3. тармағы бойынша

Мемлекеттік мекемелердің есептеу әдісіне көшу бағдарламасын іске асыру мақсатында бухгалтерлік есепті жаңа әдіснамасы бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік органдарда және ведомстволық мекемелерде нормативтік құқұқтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленген өнімді қолдану қажеттілігі, ал ол бағдарламалық өнім бар болған жағдайда – бухгалтерлік есепті есептеу әдісі бойынша ұйымдастырудың жаңа талаптарына сәйкес жетілдіру қажеттілігі туралы Қаржы министрлігі 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № ДМБУА-3/16217 хатымен жолдаған болатын.

Бұл ретте, ҚСХҚЕС және есептеу әдісіне сәйкес әдіснамалық негізді құрайтын барлық негізгі нормативтік құқұқтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бекітілген, Әділет министрлігінде тіркелген, БАҚ жарияланған және www.minfin.kz сайтында орналастырылған (ҚСХҚЕС бөлімі/нормативтік құқұқтық актілер).

Программалық өнімдерге негізгі талап НҚА сәйкестігі болып табылады, оның ішінде қаржылық және бюджеттік есептілік нысандарының және алғашқы есептік құжаттардың нысандарының, «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомында айқындалған мемлекеттік мекемелерде есептеу әдісі бойынша талдамалық және синтетикалық есептеуді жүргізу үшін бухгалтерлік есепке алу регистлерінің бар болуы болып табылады.

USAID жобасының сарапшысы және Австралияның сертификатталған бухгалтері, Австралияның мемлекеттік секторында есептеу әдісін енгізуде тікелей қатысқан және ҚСХҚЕС қолданудың халықаралық тәжирибесі бойынша 2012 жылдың ақпанында Астанада өткен семинарға қатысқан Дженифер Остин IT – жүйелер ҚСХҚЕС талаптарын сақтауға қажетті ақпаратты ұсынуы керек деп кеңес берді. Бұл ретте, IT – жүйелеріндегі өзгерістер функционалға және функционалдыққа сүйенуі тиіс.

Халықаралық Валюталық Қордың халықаралық консультанттары болып табылатын, Жаңа Зеландияда есептеу әдісін енгізген және ҚСХҚЕС бойынша консультант болып табылатын - Джон Зохрабтың, сондай-ақ, IT – жүйелері бойынша маман болып табылатын және әртүрлі мемлекеттерде ҚСХҚЕС енгізу бойынша тәжірибесі мол – Пол Кроудың кеңестері бойынша IT – жүйелері есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес әзірленген есептеу әдіснамасының талаптарына сәйкес келу керек. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеу әдісін уақытында енгізу, мемлекеттік мекемелердің көшу сәтіндегі реформаның құлау тәуекелін төмендету үшін, мемлекеттік сектор бухгалтерлері арасында қолданыстағы (таныс) бағдарламалық өнімдердің негізінде есептеудің жаңа әдіснамасына сәйкес жетілдірілген бағдарламалық өнімдерді қолдану қажет.


Есептеу әдісіне көшу кезінде негізгі құралдарды алғашқы мойындау бойынша түсіндіру

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясаты және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес келеді, оны USAID (Марк Притчарт), Deloitte, ХВҚ халықаралық консультанттардың қорытындылары растап отыр.

«Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» ҚСХҚЕС 17 (96- тармақ) өтпелі ережелердің талаптарына сәйкес ҚСХҚЕС сәйкес есептеу әдісін алғаш рет қолданып отырған субъект негізгі құралдарды алғаш рет нақты шығындар бойынша немесе әділ құны бойынша мойындауы тиіс.

ҚСХҚЕС сәйкес НҚА кассалық әдістен есептеу әдісіне негізгі құралдар қалдықтарының іс жүзіндегі шығыстары бойынша көшірілуін көздейді.

Ережеде есепке алу объектілерін есептеу мен бағалаудың барлық баламалы әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылған, олардың ішінде іс жүзінде қолдануға міндеттілерін барлық мемлекеттік мекемелерге бірдей болып табылатын Есеп саясаты айқындайды.

Ережеде негізгі құралдардың кейінгі есебі үшін екі модель көзделген: нақты құны бойынша есеп моделі және қайта бағалау құны бойынша есеп моделі, олардың ішінде бекітілген Есеп саясаты бойынша нақты шығындар бойынша есеп моделін қолдана отырып негізгі құралдарды есептеудің бірыңғай тәртібі қолданылуы тиіс.

Негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен активтерді бағаланған жағдайларда рұқсат етіледі. ҚР Үкіметі (2013 жылдан кейін) кассалық әдістен есептеу әдісіне көшіру күніне негізгі құралдарды қайта бағалауды (бағалауды) өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, негізгі құралдардың құнын көрсету ретроспективті түрде жүргізілуі тиіс.

ҚСХҚЕС және Ережеге сәйкес негізгі құралдардың объектісін қайта бағалау кезінде осы актив тиесілі негізгі құралдардың бүкіл сыныбы (тобы) қайта бағаланады.



Қайта бағалауды (бағалауды) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялары бар кәсіби бағалаушыларды тарта отырып жүргізілуі тиіс.

Негізгі құралдарды қайта бағалауды (бағалауды) өткізу қомақты бюджет қаражатын талап етеді.


Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесінің 249 тармағы бойынша түсіндіру

Ережеге сәйкес егер актив айырбасталмайтын операция жолымен, яғни қайтарусыз негізде сатып алынса, оның өзіндік құны деп сатып алу мерзіміндегі әділ бағасы танылады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар объектілерін таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды.

ҚСХҚЕС талаптары бойынша тегін сатып алынған негізгі құралдар үшін құн болып объектінің сатып алу күніне адал құны болып табылады.

Айтылғанның негізінде, ҚСХҚЕС осы талабы тек тегін алынған активті сатып алу күніне ғана қолданылады және бір әдістен екінші әдіске көшу күніне қолданыла алмайды.



Вице – министр Б. Шолпанқұлов

Орынд. Ағыбаева А.

тел. 71-79-20

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет