Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата19.06.2016
өлшемі424.69 Kb.
#148306

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
В-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;


3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

В-4

204041

239852

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551


I. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 19, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 78-68-92, 78-68-91, факс 8 (7172) 78-69-43, электрондық мекен-жай zh.nurbayeva@energo.gov.kz, b.duzkeeva@energo.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Министра аппараты Министрдің көмекшісі, С-3 санаты, 1 бірлік, №07-0-04.

Функционалды міндеттері: Мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау, атом және энергетикалық бақылау салаларындағы мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен, департаменттермен және министрліктің комитеттерімен, сондай-ақ ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасасу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрдің және министрлік басшыларының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және қадағалау, Министрдің жұмыс кестесін әзірлеу және хат-хабарларын өңдеу, кеңестерге, баяндауға, презентацияларға дайындық бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар.

2. Жер қойнауын пайдалану департаменті Уран және көмір басқармасының бас сарапшысы, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңінде 03.07.2016 ж. дейін, С-4 санаты, 1 бірлік, №08-3-2.

Функционалды міндеттері: Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу бойынша рәсімдер жүргізу; тікелей келіссөздер жүргізу, жұмыс тобы отырыстарында қарауға материалдарды дайындау, келісімшарттар, келісімшартқа қосымшалар жобасын дайындау, сараптама өткізуді ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалауға арналған келісімшарттарға толықтырулар енгізу мәселелерін және жер қойнауын пайдалау келісімшарттарының талаптарын талдау бойынша жер қойнауын пайдаланушы мен өкілетті орган арасында келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, Үкімет тапсырмаларымен және жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша өтініштерімен жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай-газ ісі, пайдалы қазбаларды барлау және геология, тау-кен ісі), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

3. Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Газ жобаларын дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, №09-2-1.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысын үйлестіру, Қазақстан Республикасының газ саласының даму стратегиясын әзірлеуді ұйымдастыру, жетекшілік ететін жобалар бойынша жағдайды талдау және газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, баяндамаларды және талдамалық ақпаратты дайындау, Еуразиялық экономика лық одақ шеңберінде басқарманың газ саласындағы жұмысын ұйымдастыру, Біртұтас экономикалық кеңістіктің, Дүниежүзілік сауда ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Еуро одақтың шеңберінде (Иногейт, Тасис, Энергетикалық Хартия) және басқа жұмыстарды үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай-газ ісі), әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг), құқық.

4. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, №10-5-2.

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің және департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; мұнай-газ саласындағы әлеуметтік және еңбек мәселелеріне мониторинг жүргізу; басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу және нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; Министрлік басшылығына саладағы әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша ақпарат әзірлеу; мемлекеттік органдармен, мұнай-газ компанияларымен әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша әрекеттесу; Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химия салаларындағыәлеуметтік әріптестік тараптары арасында салалық келісімдер әзірлеуге қатысу;Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысын үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мұнай-газ кеңесінің отырыстарын ұйымдастыруға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: Техника ғылымдары және технологиялар (мұнай-газ ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

5. Электр энергетикасы департаменті Электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, №12-3-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына басшылық жасау. Электр энергетикасы саласындағы бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету; энергетикалық кешен қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және шешімдерді дайындау; электр энергетикасы саласында ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеуді бақылау; халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

6. Электр энергетикасы департаменті Электр энергетикасына инвестициялар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 12-2-5.

Функционалды міндеттері: Заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу, электр энергетикасы кешенін дамыту, электр энергетикадағы тарифтік және бағалық саясатты жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқытық актілер және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу, одан әрі электр энергетикасы кешені объектілерін қайта құрылымдау, және жекешелендіру, саласында нормативтік-құқытық базаны жетілдіру, бойынша бағдарламалар мен ұсыныстарды әзірлеу, мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың жұмыс істеуі , электр станциялардың инвестициялық міндеттемелерін орындау бойынша келісімдерді әзірлеу, олардың орындалуын талдау жене мониторигтеу, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарыққа басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен берлесіп тарифті (баға, алым ставкасын жинақтау) немесе олардың шекті деңгейін, тарифті сметаны бекіту кезінде ескеретін, электр желік компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын бекітуге дайындау, электр стнацияларының және энергия беруші ұйымдардың тиімді қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткішін мониторингтеу жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

7. Электр энергетикасы департаменті Талдау, мониторингтеу және технологиялық саясат басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, №12-1-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына басшылық жасау, энергетика саласындағы бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, энергетика саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға, электр энергетикасы кешенін дамыту мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік техникалық құжаттарды, салынып жатқан және қолданыстағы энергия кәсіпорындарына қазіргі заманғы және отандық және шетелдік озық технологиялар мен инновацияларды енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

8. Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Экологиялық мониторинг басқармасының басшысы, С-3 санаты, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 10.08.2016 ж. дейін, 1 бірлік, №17-1-1.

Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты анықтау және іске асыру; өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаны қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және саясатты анықтау; өз құзыреті шеңберінде аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды ұйымдастыру; қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар департаментімен бірге Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін үйлестіруді жүргізу; Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін және тізбелерін құруды келісу; Ұлттық экологиялық атластың әзірлеуін және басылымға шығуын ұйымдастыру; метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізу үшін әдістемелік нұсқау құжаттарын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; стационарлық және көшпелі бақылау пунктерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін анықтау (дислокациялау) және олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау; өз құзыреті шегінде қоршаған орта саласындағы келісімдер, меморандумдар жобаларын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

9. Қалдықтарды басқару департаменті Өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының басшысы, негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңінде 30.06.2017 ж. дейін, С-3 санаты, 1 бірлік, №19-1-1.

Функционалды міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12639 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Microsoft бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес, құқық.

10. Ішкі аудит департаменті Сәйкестік аудиті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, №20-1-2.

Функционалды міндеттері: Сәйкестік аудиті басқармасының жұмысын ұйымдастыру және жалпы басқару, сәйкестік аудиті және мемлекеттік аудит объектілерінің ішкі бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру, Департамент/Басқарма жұмыстарын жоспарлау. Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу. Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарында, олардың аумақтық бөлімшелерінде сәйкестік аудитін жүргізу және қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және шарт талаптарының орындалуына, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мерзімдері, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін қамтамасыз ету және жүргізу. Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарында, олардың аумақтық бөлімшелерінде тауарлық-материалдық қорларды және басқа активтерді сақтауын тексеруді қамтамасыз ету және жүзеге асыру. Министрліктің ішкі процестердің (бизнес - процестері) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарда, олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен берілген орындау мониторингтерін, соның ішінде Департаменттің, ұйғарымдардың міндетті түрде орындалуы үшін жолданған және ұсынымдарды міндетті түрде орындау. Аудиторлық іс-шараларды жүргізу жөніндегі аудиторлық тапсырмаларға сәйкес аудиторлық есептерді, ішкі аудит нәтижелері бойынша есептерді, бұзушылықтарды жоюға арналған шешімдер жобасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ құрады және рәсімдейді. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды, бұзушылықтарды жою туралы қабылданған шешімдерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен жолданатын растаушы құжаттарды уақытылы және толық орындауға бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімде Басқармамен жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит материалдарын деректердің бірыңғай жүйесінде орналасуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметімен ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органымен өзара қатынасу, оның ішінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мерзімді есептілікті уақытылы және нақтылы ұсыну, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ұсыныстармен ескертулерді ұсыну. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын қатаң сақтау. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауға ұсынылатын стандарттар мен талаптарды сақтауын бақылау. Тиімділік аудиті және Министрлік қызметінің жұмыс істеуін бағалау басқармасымен бірге жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

11.Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Бюджеттік бағдарламаларды іске асырубасқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 23-2-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалар бойынша жауапты орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру; бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларынын құрастырылуын бақылау; инвестициялық жобалар мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізу, бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу; мақсатты трансферттер нәтижесі туралы келісімдердің орындалу есебін талдау және мониторинг жүргізу; республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жылдық есептерді дайындау және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы).

12. Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Ағымдағы қаржыландыру және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-3-5.

Функционалды міндеттері: Ведомстваға бағынысты мекемелерден республикалық бюджеттен жоспарын орындау бойынша тоқсандық және жылдық есептілікті қабылдау; бюджет, бақылау қолма - қол ақша шоты бойынша шығындардың есебін жүргізу; банк шоттары бойынша айналым ведомостволарын жүргізу, Министрлік аппараты бойынша тоқсандық және жылдық қаржылық және бюджеттік есептерді құрастыру; Министрлік аппараты және Ведомстваға бағынысты мекемелер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша мониторингі жүргізу; Ведомстваға бағынысты Комитеттер бойынша есептерді жинақтау (шоғырландыру); Жауапты тұлғалармен есептесу (іс-сапар және шаруашылық шығындар) бойынша есепті бақылау; министрліктің республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржының дұрыс және үнемді жұмсалуына ағымдық бақылау; кассадағы ақшалай қаржылар мен қаржылық құжаттарға бухгалтерлік есеп жүргізу; кассалық мәлімдемені құрастыру және оны Қазынашылық басқармаға тапсыру; банктен ақшаны алу; кассадан ақшаны беру және қажет құжаттарды толтыру; Кассалық кітап парағының екінші данасының құрамында кассирдің есептілігін кұрастыру; ақша лимитін сақтау; есептесу үшін төлем құжаттарын дайындау. Есептесу бойынша айналым ведомостволарын жүргізу; Еңбек және демалыс ақысын есептеу; еңбекақы шоттары бойынша айналым ведомостволарын жүргізу, бюджетке салық бойынша есептілік кұрастыру; статистикалық есептілік құрастыру және салыстырып тексеру актілерін жүргізу; міндетті зейнетақы төлемдері бойынша есеп-қисаптарға есеп жүргізу; әлеуметтік салық бойынша есеп-қисаптарға есеп жүргізу, министрлік аппараты қызметкерлерінің жеке шоттарын қалыптастыру, жалақы туралы анықтаманы ресімдеу; Негізгі қаржылардың, метериалдық құндылықтарды есептеу; материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша материалдық-жауапты тұлғалардан есептілік қабылдау және бухгалтерлік өңдеу; тауарлық-материалдық шоттардың айналымының ведомстволарын жүргізу; жылдың қорытындылары бойынша материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның қорытындыларын жасау; орталық аппарат бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептеу, жеткізушілермен салыстырып тексеруді өткізу; Министрлік аппаратының активтерін басқару, Министрлік аппаратының мүлігі бойынша БЖЕТ есептеме, негізгі қордың жайы туралы статистиқалық есеп, қоршаған ортадағы эмиссия бойынша салық есебін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтікғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).

13. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Жиынтық ақпарат басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңінде 12.07.2016 ж. дейін, 1 бірлік, № 24-3-3.

Функционалды міндеттері: Басшылықтың тапсырмалары мен құжаттарды уақытылы және сапалы орындау; баяндамалар, талдамалық жазбалар және ақпарат дайындау, бағдарламалық құжаттар бойынша ақпарат әзірлеу, талдамалық жазбалар және ақпарат дайындау, Басқарма құзыреті шегінде, оның ішінде Министрлікке орталық және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен НҚА келісу; Министрлік жетекшілік ететін салада талдау жүргізу, министрліктің алқа отырысын ұйымдастыруға қатысу; құзыреті шегінде семинарлар мен конференцияларға, жиналыстарға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары, техникалық ғылымдар мен технологиялар, құқық, көрсетілетін қызметтер, білім.

14. Әкімшілік жұмысы департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңінде, С-4 санаты, 1 бірлік, № 21-1-2.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік органдар және ұйымдардан келген кіріс хат-хабарларды тіркеу, ксерокөшірме, сканерлеу, кіріс құжаттардың қағаз нұсқасын ЭҚАБЖ электрондық жүйесіне көшіру, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) құжаттау, іс жүргізу (тіркеу, бақылау, мониторингтеу); іс жүргізу, құжаттау, орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша ақпарат және есеп дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және орындалуына бақылау жүргізу; басқа мемлекеттік орагандардан түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын МОИП тіркеу, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу, шығыс құжаттарын тіркеу, шығыс құжаттарының дұрыс әзірленуіне бақылау. Басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, құқық, гуманитарлық ғылымдар.

15. Әкімшілік жұмысы департаменті Орындаушылық тәртіпті бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 21-2-3.

Функционалды міндеттері: ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша өзара әрекеттесу; Мемлекет басшысының, ПӘ-нің, ПМК-ның актілері мен тапсырмаларының тиісінше орындалуына бақылауды жүзеге асыру; бақылаудағы тапсырмаларды бақылаудан уақтылы алу; орындаушылық мәселелері бойынша Министрліктің басшылығында өтетін аппараттық кеңеске мерзімі өткен және/немесе сапасыз орындалған бақылаудағы тапсырмалар бойынша ақпарат дайындау; Президент Әкімшілігінен, Парламенттен және Премьер-Министр Кеңсесінен келіп түсетін бақылау тапсырмаларына күнделікті мониторинг жүргізу, барлық қызметкерлерге жауапты орындаушыларын көрсете отырып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу мерзімдері туралы (күнделікті) ескерту жолдау; ҚР ПӘ-ден, ПМК-ден, Парламенттен және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдардан келіп түсетін хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, бағыты бойынша тарату, сканерлеу; ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша өзара әрекеттесу; орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету; Министрлік басшылығының бұрыштамаларын уақтылы ресімдеуін бақылау. Басшылықтың қабылдау бөлмелеріндегі қызметкерлердің ЭҚАБЖ-да «ПӘ», «Деректі ҰБҚ» базасы бойынша тапсырмаларын уақытылы рәсімделуіне бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық, гуманитарлық, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология.

16. Әкімшілік жұмысы департаменті Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 19.01.2017 ж. дейін С-4 санаты, 1 бірлік, №21-4-3.

Функционалды міндеттері: Орталық аппарат бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және жылжуы мен дұрыс пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету; материалдық құндылықтарды есепке алу; материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша есептер, ақпараттар, мәліметтер жасау; заңнамаларға сәйкес өзге де функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

17. Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 27-0-5.

Функционалды міндеттері: Қызметкерлерді тағайындау, босату бойынша бұйрықтарды рәсімдеу; бос әкімшілік мемлекеттік қызметке кадр резервінен ауыстыру және тағайындау бойынша құжаттарды рәсімдеу; біліктілік талаптар жинағын әзірлеу; қызметкерлердің еңбек демалысын жоспарлау және еңбек демалысы туралы бұйрықтарды рәсімдеу; міндетті арнайы тексеруге құжаттарды рәсімдеу және бақылау; іссапарларды жоспарлау және қызметкерлердің іссапары туралы бұйрықтарын дайындау; жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау; министрлік қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметтік куәлікпен қамтамасыз ету; ҚР Президентінің Әкімшілігіне жіберу үшін мемлекеттік наградаларға және марапаттауға материалдарды әзірлеу; аппарат қызметкерлерінің біліктігін арттыруды ұйымдастыру және оқыту кестесін әзірлеу; Министрліктің қызметкерлерінің ай сайынғы бағалауын ұйымдастыру; жеке істерді қалыптастыру және жүргізу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру және өткізу; қызметкерлердің әскери қызметі туралы есеп жүргізу; тағылымдама, тәлімгерлік ұйымдастыру және қызметкерлердің жеке мағлұматтарын есепке алуды жүзеге асыру; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне статистикалық есепті құрастыру, ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігіне мемлекеттік қызметкерлердің құрамы және алмасуы туралы есеп беру; ҚР Президент Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

18. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының (жұмылдыру дайындығы бойынша) бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 28-0-2.

Функционалды міндеттері: Министрліктің Жұмылдыру жоспарын әзірлейді және түзетеді; жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша құжаттар (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және тағы басқалары) әзірлейді; Министрлік қызметкерлерінің жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша дайындығын ұйымдастырады; жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша жаңа құжаттарды, талаптар мен нұсқауларды салалық ұйымдардың қызметкерлеріне уақтылы жеткізеді; республика ауқымында әртүрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысуға арналған жоспарлайтын құжаттарды дайындаумен айналысады; жұмылдыру тапсырмасы бар ұйымдардың запасында (резервінде) болатын басшыларды, мамандарды жұмылдыру және әскери уақыт кезеңіне брондау жөніндегі мәліметтерді олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ұсынады; салалық ұйымдар мен объектілерден мәліметтер жинауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының құзіретті органына жұмылдыру дайындығы бойынша ақпаратты жеткізуші болып табылады; Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша жоспарларға салалық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп тиісті есептік жылға ұсынысты қалыптастырады және оның орындалу барысын бақылайды; брондау, жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты жұмысты жүзеге асырады; түрлі командылық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысады; Министрліктің Азаматтық қорғау және Төтенше жағдай, Республикалық қызмет штабының және Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның жұмысына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технология, гуманитарлық ғылымдар.

19. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының (азаматтық қорғаныс бойынша) бас сарапшысы, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңінде 13.07.2016 ж. дейін, С-4 санаты, 1 бірлік, № 28-0-3.

Функционалды міндеттері: Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және түзетеді; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша құжаттар (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және тағы басқалары) әзірлейді; Министрлік қызметкерлерінің азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша дайындығын ұйымдастырады; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жаңа құжаттарды, талаптар мен нұсқауларды министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, министрліктің ведомстваларына және оның қарамағындағы ұйымдарына уақтылы жеткізеді; республика ауқымында әртүрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысуға арналған жоспарлайтын құжаттарды дайындаумен айналысады; қорғаныс ғимараттарын және басқа азаматтық қорғаныс объектілері бойынша ақпарат ұсынады; Министрліктің ведомстваларынан және оның қарамағындағы ұйымдарынан мәліметтер жинауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының құзіретті органына азаматтық қорғаныс бойынша ақпаратты жеткізуші болып табылады; азаматтық қорғаныс бойынша жоспарларға ведомстволар мен салалық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп ұсыныстарды қалыптастырады; азаматтық қорғаныс бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты жұмысты жүзеге асырады; түрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысады; Министрліктің Азаматтық қорғау және Төтенше жағдайлар, Республикалық қызмет штабының және Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның жұмысына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар, жаратыластану ғылымдар.

20. Лингвистикалық сараптама басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 30-0-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету; ҚР Заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілерінің, заңға тәуелді актілердің жобаларының, ҚР Президенті Жарлығының, ҚР Үкіметі қаулыларының, Министр бұйрықтарының жобаларының, сондай-ақ екіжақты және көпжақты, оның ішінде халықаралық мәмілелер, келісімдер, конвенциялар, меморандумдар, тұжырымдамалар жобаларының, Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жобаларының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжаттарының түпнұсқалық дәлме-дәлдігіне сапалы әрі уақытылы сараптама жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторымен, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Заңнама институтының Лингвистикалық орталығымен, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің редакциялық сараптама және шешімдер қабылдау секторымен терминология және т.б. мәселелер бойынша тығыз өзара байланысты жұмыс жасау; құрылымдық бөлімшелерден лингвистикалық сараптама мәселелері бойынша келіп түсетін ұсыныстарды зерделеу; басшылықтың тапсырмасы бойынша келіп түсетін хаттар мен сұрауларға ақпарат дайындау; Басқарма қызметшілерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету; басшылықтың тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру, Басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық ғылымдар, білім беру, әлеуметтік ғылымдар.



II. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-75-31, kadry@minfin.gov.kz:

1. Бюджеттік заңнама департаменті Бюджетті атқару әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 19.11.2017 ж. дейін).

Функционалды міндеттері: Бюджеттiң атқарылуымәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері мен басқа құжаттарының жобасын әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрлік пен департамент басшылығының тапсырмаларын орындау үшін материалдар дайындау, құзыреті шегінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыруға қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: экономикалық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг, немесе аймақтану). Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



III. «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, блок «А» (анықтама телефондары 8(7172) 74-08-13, 74-08-99, e-mail: kadry.kerkging@energo.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2017 жылғы 3 маусымға дейін).

Функционалды міндеттері: Комитет персоналын басқару стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру; Комитеттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; Комитеттің кадрлық құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеу ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өтеуге байланысты шешімдерді ресімдеу, қызметкерлердің жеке басы істерін, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет туралы істерін жүргізу; еңбек кітапшаларын қабылдау, ресімдеу, сақтау және жұмыстан шыққанда қайтару, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің ант беруін ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; Комитет қызметкерлерін оқыту, қайта даярлау, біліктілігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар осы бағытта мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызмет өтілін анықтау жұмыстарын жүргізу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласындағы өкілетті органға есептер дайындау және өткізу; Комитет басқармалары туралы қағида жобаларын әзірлеу және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Комитеттің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымына біліктілік талаптарын бекіту және келісуге әзірлеу; Комитеттің кадрлық жұмысының формалары мен әдістерін жетілдіру; персоналды басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; Комитеттің Жұмыс жоспарын, Медиа-Жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау; Министрлік сайтындағы Комитет бөлімінде ақпараттар мониторингін жүргізу және оны жаңарту; Комитеттің бос орындары мониторингін өткізу; алқаларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге ақпараттарды дайындау; құпия емес іс жүргізуді және электронды құжат айналымын жүргізу, іс жүргізу талаптарына сәйкес қағаз түріндегі және электронды тасымалдағыштардағы кіріс, шығыс корреспонденцияларды тексеру, қызметтік кіріс корреспонденцияны алдын ала қарау, тарату, есепке алу және тіркеу, оны жедел түрде басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жеткізу; құжаттардың уақытында өтуін, оның ішінде сыртқы шығыс құжаттардың уақытында тіркелуін бақылау; Комитет Төрағасы бұйрықтарының жобаларын дайындау; Комитет номенклатурасын әзірлеу және тиісті мемлекеттік мұрағат органымен келісу; Комитет құжаттарының белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа берілуіне бақылау жасау; кіріс құжаттарды уақытында және сапалы таратуды қамтамасыз ету; электронды құжат айналымын жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді дамытуды қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша статистикалық есептерді дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе білім беру, немесе техникалық ғылымдар мен технология, немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім. Құзыреттері бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



IV. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 74-98-62, bisihbaeva.r@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Құқықтық қамтамасыз етубасқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу; Комитетте әзірленетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының жобаларын, сондай-ақ басқада заңдық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге, сонымен қатар Комитеттің басқа басқармалары әзірлеген жағдайда келісу арқылы қатысу; Комитет әзірлеуші болып табылатын Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобалараның өтуіне қатысу; Комитетке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру; Комитеттің норма шығару қызметіне талдау жүргізу; заңды күшіне енген соттық актілерді орындау бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмысты жүргізу; бұйрықтарды келісу; кінәратты тоқтатуда жауап дайындау; құқық қорғау органдарымен құжаттарды алу есебін жүргізу; Комитеттің шаруашылық-қаржылық қызметті жақсарту және кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатымен шаруашылық шарттарды жасау және орындау тәжірибесі, соттық және арбитраждық істердің талаптарын қарау нәтижесін талдау және жалпылауды өткізу; заңдық мәселелер бойынша Комитет қызметкерлеріне кеңес беру; мүліктік-құқықтық сипаттағы актілерді және құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету; заңдық жұмыстарды жүргізетін басқармалардағы сарапшыларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, оларға құқықтық көмек көрсету; Комитетпен әзірленетін бұйрықтар жобасына, басқада құқықтық сипаттағы актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асыру және оларға қол қою; Комитет мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету, шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін бекіту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген басқада өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары – құқықтық (заңтану) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе заңгерлік. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтық, азаматтық-процессуалдық заңнамаларды, және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

2. Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Комитеттің бағдарламалары бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті қалыптастыру; Комитеттің жедел жоспарын орындау бойынша есептілікті қалыптастыру; бассейндік инспекциялардың бюджеттік өтінімдерін қарау, олардың тиісті қаржылық жылдың жоспарының орындалуына бақылау; бассейндік инспекциялардың қаржылық есептілігін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа уәкілеттіліктерді жүзеге асыру. Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, әлемдік экономика) немесе АӨК саласындағы экономика және басқару, немесе қаржы және несие, немесе экономика және менеджмент, немесе экономикалық. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

3. Топтық су құбырларын дамыту басқармасыныңбас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік) (негізгі қызметшінің бала күту демалысы уақытына).

Функционалды міндеттері: 235/005 «Ішкі көздер есебінен/сумен қамту жүйелері, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламасы (сумен қамту) (бұдан әрі- Бағдарлама) бойынша бюджеттік өтінімді құруға қатысу; 235/005 «Сумен қамту жүйелері, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту» (сумен қамту жүйелері) бағдарламасы аясында сумен қамту бойынша 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру мониторингін жүргізуді бақылау; Бағдарлама бойынша бюджеттік жоспарлау жүйесін құру және жетілдіруге қатысу; Бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша қызметтер мен жұмыстардың жеткізушілерімен шарт жасауды қамтамасыз ету; Бағдарлама бойынша бюджетке пайдаланылмаған қаражатты қайтару туралы ұсыныстарды енгізу және үнемдеуді анықтау бойынша мәліметті жинау; Бағдарлама бойынша нақты шығындарды анықтауға байланысты міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржылық жоспарларды түзету; сумен қамту нысандарын салу барысын және қаржыландыру, бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобаларын әзірлеу; пайдалануға нысандарды уақытылы енгізуге бақылауды жүзеге асыру; су шаруашылығы нысандарын жекешелендіру және қайта құрылымдау бойынша ұсынысты Комитеттің басқада құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп әзірлеу және енгізу; мердігерлік және басқада ұйымдармен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді уақытылы орындауларын жүзеге асыру; ұсынылған техникалық және авторлық қадағалаумен куәландырылған орындалған жұмыс актілері негізінде мемлекеттік сатып алулар шарттары бойынша міндеттерді орындауға бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылық қаражатты игеру бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы – ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары жән суды пайдалану) немесе жаратылыстану ғылымдары (гидрология, экология, гидрометеорология), немесе техника ғылымдары және технологиялар (құрылыс, гидротехникалық құрылыс және ғимарат), немесе гидромелиорация, немесе гидрогеология және инженерлік геология, немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, немесе сумен қамту және кәріз, немесе құрлық гидрологиясы. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.



V. Қазақстан Республикасы ІІМ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1, анықтамалар үшін телефондар 8 (7172) 71-52-29, 72-20-47, 72-20-46, 41-56-06, электрондық мекенжай g.zhazenova@mvd.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық бөліністерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Тіл басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік).



Функционалды міндеттері: Тіл басқармасына жалпы басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді дамыту желісі бойынша Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу және оған ұсыныстар енгізу, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қадағалау. Басқарма қызметкерлерінің арасында олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес жүктемені бөлу, олардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау. Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша өткізілетін Алқа мәжілістеріне, жедел және селекторлық бейнекеңестерге материалдар мен ұсыныстар әзірлеу. ІІО-да тіл саясатын жетілдіру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу. Редакциялық сараптаманың уақтылы орындалуын және құжаттардың есепке алынуын бақылау, мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасына жауап беру. Редакциялық сараптамаға келіп түскен құжаттардың орындалу тәртібі мен мерзімін белгілеу және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жүктемені бөлу. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланы, төтенше жағдайлар салаларындағы салалық терминдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіру, мемлекеттік тілде арнайы және заң терминдерін қарастыру, оларды біріздендіру, қолдану және жетілдіру бойынша комиссияның жұмысына ұсыныстар енгізу. Апта сайын редакциялық сараптамаға келіп түскен материалдарды орындау мерзімі және ағымдағы, маңызды және көлемді құжаттардың сапасы бойынша ақпарат сұрату. Ілеспе аудармаға дайындықты қамтамасыз ету. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің қолданылу практикасын жинақтап, қорытады, оларды жетілдіру, реттеу және оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу. Министрлікте мемлекеттік тіл мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, акциялар, пікірталастар өткізуді ұйымдастыру. Тіл мәселесіне қатысты мемлекеттік органдар, басқа да ұйымдар мен мекемелер ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысу. ІІМ орталық аппаратында және жергілікті ішкі істер органдары бөліністеріндегі іс қағаздарының жүргізілуіне бақылау жасау және оларға практикалық көмек көрсету мақсатында рейдтер мен қызметтік іссапарларға шығу. Тексеріс нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктердің жойылуын қадағалайды және жұмыстың қорытындысы бойынша ақпаратты Департамент басшылығының қарауына ұсыну. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының ішкі істер органдарында орындалу барысы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда редакциялық сараптама тобынан белгілі бір кезеңде редакциялық сараптама жасалған немесе мемлекеттік тілге аударылған құжаттардың саны мен сапасы туралы ақпарат сұрату, қорыту және талдау. Оң тәжірибемен алмасу мақсатында басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу. Мемлекеттік тілді үйрету бойынша оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуді қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, семинарларға, дәрістер мен тренингтерге қатысу, сондай-ақ оларды жазалау және көтермелеу туралы ұсыныстарын енгізу. Құпиялық режимін қаматамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары, гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі), білім (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі), құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларында. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Баспасөз қызметінің талдау және мониторинг тобының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Республикалық БАҚ-та полицейлік тақырыпты жариялаудың үрдісін зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Дағдарыс жағдайларын болжауды және ІІМ құрылымдық және аумақтық бөліністерімен бірлесе отырып, жедел ден қою шараларын әзірлеу. БАҚ-тағы сыни жарияланымдарды бақылауды және талдауды қамтамасыз ету. ІІО туралы БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға жедел ден қою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру. Түрлі тақырыптар бойынша ІІО туралы БАҚ-тағы материалдарды іріктеу және жүйелендіру жұмысын ұйымдастыру. ІІМ-нің басқа қызметтерімен және аумақтық бөліністерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. ҚР Президент Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министр Кеңсесіне, басқа министрліктер мен ведомстволарға есептік құжаттарды дайындау. БАҚ-тағы сыни материалдарды талдауға және сараптауға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшыларымен және қызметкерлерімен іскерлік қатынастарды орнату.Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. ІІО аумақтық бөліністерінің баспасөз қызметтеріне көмек көрсетуді, бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру. Ішкі істер органдары бөліністерінің өңірлік баспасөз қызметтеріне ақпараттық-әдістемелік және басқа да қолдау көрсету. Баспасөз қызметі басқармасының басшысы болмаған жағдайда оның міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары, гуманитарлық ғылымдар (филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), білім (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) салаларында. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Тыл департаменті Ғимараттар мен имараттарды пайдалану тобының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Әкімшілік және өндірістік ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын және ІІМ Орталық аппаратының (бұдан әрі-ІІМ ОА) құрылысын жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік, өндірістік, қоймалық және ІІМ ОА қосалқы ғимараттары мен құрылыстарын есепке алу және паспорттау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, оларды пайдалануды ұйымдастыру. ІІМ квазимемлекеттік секторымен жұмыс жүргізу. ІІМ ОА ғимаратын техникалық пайдалану, оларға жеке құрамды орналастыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау, қызметтік үй-жайларды жиһазбен және мүкәммалмен жабдықтау, пайдалану және жабдықтар мен мүкәммалдарды жөндеуді қамтамасыз ету. Тауар-материалдық бағалы заттардың және негізгі құралдардың бөлінуін және шығысын есепке алуды бақылау. ІІМ ОА объектілерінде өртке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру. Ғимараттарды күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерде пайдалануға дайындығын бақылау. ІІМ ОА техникалық персоналдармен жасақтауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары, құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), немесе техникалық ғылым және технология саласында (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс), немесе әлеуметтік ғылым саласында, экономика және бизнес (экономика, қаржы). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: ІІМ жүйесіндегі құқықтық жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау. Министрлік комитеттерінің құқықтық бөліністерінің және аумақтық ішкі істер органдарының заң қызметтерінің қызметін үйлестіру. ІІМ жүйесіндегі құқықтық жұмыстың жай-күйін талдау және бағалайды, оны жетілдірудің басым бағыттарын белгілеу. Министрге қол қоюға (келісуге) ұсынылған НҚА, халықаралық келісімшарттардың және ведомствоаралық келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу. ІІМ НҚА-ларын іріктеу және мемлекеттік тіркеуге жолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативтік құқықтық бұйрықтарды мониторингтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. ІІО қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша депутаттардың, мемлекеттік органдардың сұрау салуларына жауапты дербес немесе ІІМ-нің өзге де бөліністерін тарта отырып дайындау. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІІМ-нің және Департаменттің басшылығы үшін ақпараттық, есептік құжаттар, анықтамалар дайындауды қамтамасыз ету. Келісу үшін басқармаға келіп түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары, құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кедендік іс) саласында. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Заң департаменті Шарттық және наразылық-талап жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: ІІМ Заң департаментінің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысужәне оның іс-шараларын іске асыру. Қызметтік хат хабар жазысун жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ ІІМ-нің басқа құрылымдық бөліністері әзірлеген нормативтік құқықтық (құқықтық) актілердің жобаларын келісу. Шарттық және наразылық-талап жұмысын іске асыру. Барлық инстанциялардағы сот инстанцияларында, өзге де мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ІІМ мүддесін білдіру. Сот актілерін орындау бойынша органдармен өзара іс-қимыл жасасу. Сот және құқық қолдану практикасын талдау, оның нәтижелері бойынша ішкі істер органының құрылымдық бөліністері, бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін әдістемелік шолулар дайындауды жүзеге асыру. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауды жүзеге асыру. ІІМ-нің басқа құрылымдық бөліністерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасасу. Бекітуі бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің заң қызметтеріне жетекшілік ету. ІІМ-нің құрылымдық бөліністерімен бірлесіп құқықтық жалпы оқытуды өткізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіруді дайындау. Норма шығармашылық және құқық қолдану практикасының, ішкі істер органдары заң қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша республикалық семинар-мәжілистердің, ғылыми-практикалық конфренциялардың, дөңгелек үстелдерді өткізуге қатысу. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. ІІМ және Заң департаментінің басшылығының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары, құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кедендік іс) саласында. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



VI. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 741606, факс: 741892, e-mail: udprk@udp-rk.kz мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы В-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдарда энергияны үнемдеу, энергия ресурстары мен суды пайдаланудың тиімділігі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ объектілердің су бұру, энергиямен және сумен жабдықтаудың тұрақтылығын қадағалау мәселелеріне мониторинг жүргізу. Объектілерде өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы бөлігінде Президент Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Объектілердің, оларға іргелес аумақтардың ағымдағы жай-күйіне бақылау жүргізу. Объектілер мен оларға іргелес аумақтардың ағымдағы жай-күйіне, өрт қауіпсіздігіне, қауіпсіздік техникасына байланысты ведомстволық қарасты ұйымдардың ведомствоаралық комиссияларының жұмыстарына талдау және мониторинг жүргізу. Құзыретіне кіретін мәселелерге байланысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеуді және олардың орындалуын бақылауды, талдамалық материалдарды, ақпаратты және басқа да құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сауалдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары.



VII. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көш, 8, 619-каб., анықтама үшін телефон: 8(7172) 74-98-89, эл. мекенжай:k.kensekremzk@economy.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Агроөнеркәсіп кешені саласын талдау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Азаматтардан, заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; тауар нарықтарында үстем немесе монополиялық жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жоғары білім.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет