Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата09.06.2016
өлшемі51.3 Kb.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5


83282

112430


I. Көлік комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы», 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4 үй, электрондық мекенжайы: itk.uko@mid.gov.kz, анықтамалар үшін телефондар 8 (7252) 56-29-59, факс 56-29-59, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы, «С-О-5» санаты 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: жолашылар мен жүктерді, ауыржүктерді және қауіпті жүктерді теміржол көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қағидалардың тасымалдаушылармен сақталуын және жеке және заңды тұлғалармен Инспекцияның Ережесіне сәйкес теміржол және су көлігінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын бақылау жасайды. Теміржол көлігі саласындағы шаруашылық субъектілерінде тексеру жүргізеді. Магистральді, стансалық, кіреберіс жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талапатарының сақталуын және жолаушылар поездарын тексереді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою, шаруашылық субъектілердің жұмысын тоқтату бойынша шара қолдану үшін ұйғарым береді. Испекцияға басқа мемлекеттік органдардын келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті жүргізеді, соттарға қарасты әкімшілік құқықбұзушылық істерін әзірлеу және жолдау жұмыстарына бақылау жасайды. Жолашылар мен жүктерді су көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау, жеке және заңды тұлғалардың инспекцияның Ережесіне сәйкес су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды сақтауына бақылау жасайды. Ішкі су жолдарындағы кемелердің (оның ішінде кіші), салдардың, жүзетін объектілер мен құрылыстардың қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін қарайды. Кіші кемелерді техникалық куәландырудан өткізуді жүргізеді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Бақылаудағы кемелердің тізілімін жүргізеді, кеме құжаттарын және мемлекеттік борт номерлерін береді. Тиісті тиісті құжаттарды беру құқығымен кемелерді мемлекеттік тіркуге алады және «КДБ АТЖ» (ИАСТБД) бағдарламасы бойынша мониторинг жасайды. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: көлік, көліктік техника және технология, құқықтану, қаржы мамандықтары бойынша. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет