Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата25.02.2016
өлшемі49.81 Kb.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;* 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде


2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4


138248

186551


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-75-31, kadry@minfin.gov.kz «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Бюджеттік кредиттеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 04.10.2018 ж. дейін) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік кредиттерді қызмет көрсетуді және өтеуді жоспарлау, республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер беруді, оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларды мониторингілеуді және қайтарылуын қамтамасыз ету, республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, Министрлік агенттерінің, оның ішінде «Оңалту және басқару активтері жөніндегі компания» АҚ бюджеттік кредиттерге, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын мониторингтеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) іске асыруға қатысу, Министрліктің басшылығын, мемлекеттік басқару органдарын басқарма құзыретіне кіретін бюджеттік кредиттеу және мемлекет кепілдік берген қарыздар мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету, бюджеттік кредиттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері жөнінде хаттарды, ұсыныстарды және өтініштерді және арыздарды қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: экономикалық немесе заңгерлік; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг, немесе аймақтану) немесе құқық саласында (құқықтану немесе халықаралық құқық). Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет