Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»


Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау



бет4/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.79 Mb.
#2569
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау

Мүмкін болатын тәуеклдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайда орын алуы мүмкін салдарлар

Тәуекелді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралардың нақты орындалуы

Орындалмау себептері

1

2

3

4

6

Сыртқы тәуекелдер

  1. Өндірістің азаюы




Жұмыссыздықтың, толық емес жұмыспен қамтылудың өсуі, жұмыс орындарының қысқаруы

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу, еңбек нарығын талдау, үш жақты комиссия жұмысына қатысу

Жұмыспен қамтылу деңгейі 94,4 пайыз, жоспар 94,5 пайыз, жұмыссыздық деңгейі – 5,6 пайыз, жоспар 5,5 пайыз.

Қоғамдық жұмыстарға - 3054, кәсіби даярлауға – 1020 , әлеуметтік жұмыс орындарына – 373 адам жіберілді. 8 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 11 мыңнан астам жұмыссыз, 631 жұмыс берушілер қатысып, 404 адам жұмысқа орналастырылды. 3,0 мыңнан астам түйіндеме тапсырылды. Жәрмеңке жұмысы БАҚ – та жарияланды. Өңірлік үшжақты комиссияның 2 отырысы, оның жұмыс комиссиясының 3 отырысы өткізілді.






  1. Көші-қон үдерісі

Қалалық еңбек нарығына жүктеме

Көші-қон үдерістерін реттеу жөніндегі нормативтік актілерді қабылдау бойынша ұсыныстар

ШЖК тарту квотасы - 9315 адам. Жалпы 3265 шетел мамандарын тартуға рұқсат берілді., оның ішінде 1-3– санат бойынша (білікті мамандар) 2880 адам. (үлес салмағы – 35,08 пайыз).




  1. Экономикалық конъюнктураның нашарлауы, инфляцияның өсуі

Табысы аз адамдар санының өсуі

Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған ақшалай қаражатты ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Экономикалық жағдай тұрақты, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ақшалай қаражатты көбейту қажет болған жоқ




  1. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы

Жалақы бойынша қарыздар, жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілік, жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметті уәкілетті органға ұсынбауы

Ірі және орта кәсіпорындарды ұжымдық-шарттық қатынастар қамту, мемлекеттік еңбек инспекторын жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы фактілері туралы хабардар ету

Ай сайын жалақы бойынша берешегі өтелмегендерге мониторинг өткізіледі. Жыл соңында ол 9 кәсіпорынның 723 жұмысшысы алдында 150,1 млн. теңгені құрады.




5.Өңірлік еңбек нарығына деген қажеттілікті ескермей мамандарды даярлау

Жастар жұмыссыздығының өсуі

Еңбек нарығын талдау, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына жастар іс-тәжірибесі бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жасау

Апта сайын жұмыссыз жастардың мониторингі өткізілді. Статистика мәліметтері бойынша 2013 жылдың ІІІ тоқсанында Алматы қаласында 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 8,4 пайызды құрады, жұмыссыздықтың қала бойынша орташа көрсеткіші – 5,6 пайыз.

Есепте тұрғандардың ішінде жастардың саны (15-28 жастағы)-117 адамды құрады, тіркелген жұмыссыз жастардың деңгейі-0,1 %






6. Алматы қаласының тұрғындары есебінен мүгедектер санының көбеюі; көші-қон үдерісінің есебінен мүгедектер санының көбеюі

Әлеуметтік көмек шараларымен толық қамтылмау

Мәслихат пен әкімдікке қосымша қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трнасферттер бөлу жөнінде ұсыныс енгізу.

Алматы қаласында мүгедектердің санының өсуі белгіленбеген. 2014 жылдың 1 қаңтар айында-35,3 мың адам, 2013 жылдың 1 қаңтар айында -34,8 мың адам.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау 2013 жылы 899,0 млн .тенге. Мүгедектер, мүгедек балалар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жалпы сомасы 898,7 млн. теңгеге (99,9 пайыз) санаторлы-курорттық еммен, протезді-ортопедиялық көмекпен, сурдо және тифлотехникалық құралдармен, арбаша-жүрдекшелермен қамтамасыз етілді.






Ішкі тәуекелдер

  1. Ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігі

Жоғары білімді жұмыссыздардың және жұмыссыз әйелдер санының өсуі

Кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және толық емес жұмыс орындарын құру туралы ұсыныс (апталық)

Еңбек нарығында жұмыс күші сұранысы мен ұсынысының сәйкессіздігі сақталуда. Аудандық жұмыспен қамту орталықтарының дерекқорында тіркелген 1 бос жұмыс орнына орташа 3 жұмыссыз талаптанды. Дисбаланс жұмыссыздардың жыныстық, жас шамалық, кәсіпби-біліктілік белгілері бойынша сапалы сәйкессіздігін күшейтеді. Дисбалансты азайту мақсатында жұмыссыздарды сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімдік курстарда кәсіби даярлау іске асырылуда.2013 жылы курстарға 1020 жұмыссыз жіберілді, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша – 599 адам.




  1. Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырудың төменгі деңгейі




Халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуі

Жұмыс берушілермен ынтымақтасу, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіне жұмыс берушілер халықтың нысаналы топтарын жұмысқа қабылдағаны үшін оларды ынталандыру жөнінде ұсыныс енгізу

2013 жылы жұмысқа орналастырылғандардың саны 3250 адамды құрады, олардың ішінде 1235 жұмысшы нысаналы топтардан, нысаналы топтарды жұмысқа орналастырудың жоспары – 600 адам.




  1. Табыстың ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмендеуі

Атаулы әлеуметтік көмекке және тұрғын үй көмегіне мұқтаж азаматтардың көбеюі

Жұмысқа орналастырудың белсенді түріне жіберу, әлеуметтік қорғау бойынша шараларды әзірлеу

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аз халықтың саны 6005 адамды құрайды (1501,3 мың адам*0,4 пайыз). 2014 жылғы 1 қаңтар бойынша АӘК алушылар саны 1214 адам, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (1887 адам) 35,7 пайызға кем. 2014 жылғы 1 қаңтар бойынша тұрғын үй көмегін алушылар саны 3892 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда алушылар 18,4 пайызға көбейген (2012 жылы – 3287 адам)




  1. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау шараларының тиімсіздігі

Әлеуметтік шиеленістің өсуі, еңбек етуге деген ынтаның төмендеуі

Өңірлердегі өмір сүру деңгейін ескере отырып, әлеуметтік қорғау шараларын күшейту бойынша ұсыныс жасау

Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидалары негізінде Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы №183 шешімімен бекітілген Алматы қаласында көмек көрсету жөніндегі Ережелер әзірленді




  1. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың жетілмегендігі

Кедейліктің өсуі

Қызметтер алу бойынша нормативтер мен нормаларды қайта қарау бойынша ұсыныстар жасау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар ҚР ЕХӘҚМ 2013 жылғы 24 шілдедегі №1788қ/5259 жіберілді




  1. ЖОБ-ның болмауы (жеке оңалту бағдарламасы): Алматы қаласының аумағында тіркелгендігі жөнінде құжатының болмауы; мүгедектердің арнаулы қызметтерді алу саласындағы құқықтары туралы хабарсыз болуы

Әлеуметтік көмек шараларымен толық қамтылмау

БАҚ-та мүгедектердің құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру, семинарлар өткізу

Мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің толық тізімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында орналастырылған, қала әкімінің сайтында «Мүмкіндіктері бірдей жандардың қоғамы» айдары бар

Мемлекеттік секторда арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін қайта құру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. «Иватакси» әлеуметтік таксидің дамуы жөніндегі ЕХӘҚМ жұмыс тобы отырысының видеоконференциясына қатысты. Жыл басынан барлығы 12 дөңгелек үстелдің және мүгедектердің мәселелері жөніндегі жиналыстардың жұмысына қатысты, 51 мақала және БАҚ-та сұхбат. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»қалалық байқауы өткізілді, нәтижелері БАҚ-та жарық көрді. «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»республикалық байқауына қатысты.






  1. Қарттарға арналған қосымша арнайы қызметтің болмауы

Өмірлік қиын жағдайға кезіккен қарт адамдар үлесінің артуы

ҮЕҰ арқылы қосымша арнаулы қызмет құру

Мемлекеттік емес сектормен халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің бекітілген Стандартына сәйкес 180 мүгедек бала мен 18 жастан асқандарға арнайы қызметтер көрсетілді: «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы» ҚБ – 90 бала, «РУХ» ҚБ – 55 бала және «Мархабат» ҚҚ – 35 бала. ҮЕҰ жеке көмекші қызметі 1190 мүгедекке және ымдау тілінің маманы қызметі 197 мүгедекке көрсетілуде. Қарттарға арналған әлеуметтік қызметтерді үкіметтік емес сектор арқылы құру мәселесін шешу үшін ақшалай қаражаттың бөлінуі және қажжетті нормативті актілер жөніндегі мәселені шешу қажет.




  1. Мүгедектер үшін кедергісіз орта мен еңбек етуге қолайлы жағдайдың болмауы

Әлеуметтік құрылым нысандарының мүгедектерге қолжетімді болмауы, жұмысқа орналастыру деңгейінің төмен деуі

Қалалық басқармалардың стратегиялық жоспарларына кедергісіз орта қалыптастыру және мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау жөніндегі іс-шараларды енгізу

Ағымдағы жылы жоспарланған 506 объектінің 506 объектісіне түгендеу (паспорттау) жүргізілді. Оның ішінде: 28- мемлекеттік басқармалары, 80- денсаулық сақтау, 21- әлеуметтік қорғау, 283 – білім беру, 21- мәдениет, 7 – физикалық спорт және мәдениет, 4 – транспорттық қызмет және 62 – тағы басқалар.

Алматы қаласында 200 төменеденді автобустар мен 195 төменеденді троллейбустар бағыты бар.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет