Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі139 Kb.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1286 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:


      1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) "Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру (қалпына келтiру) мақсаттарында пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 13, 130-құжат);
      2) "Өсiп тұрған сүрек үшін төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     


Yкіметінің           
2003 жылғы 22 желтоқсандағы  
N 1286 қаулысымен       
бекiтiлген          

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi, әрi жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.


      Осы Ереженiң күші ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына қолданылады.

      2. Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көруге және зерделеуге байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектеледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

      4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерiнiң мұқтаждықтары үшiн жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрi-дәрмектiк шикiзат, өзге де орман ресурстарын жинауына облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілеттiк органның шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етіледi.

      5. Орман пайдаланушылар мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн демалу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу мақсатында пайдаланған кезде мына талаптарды орындайды:
      өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтайды, ағаштар мен бұталардың сынуына және кесiлуiне, орман дақылдарының бүлiнуiне, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының зақымдануына жол бермейдi;
      жабайы өсетін азықтық орман ресурстарын, дәрi-дәрмектік шикiзатты оларды молықтыруға нұқсан келтiрмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинайды, мемлекеттік орман қоры аумағында болудың және орман ресурстарын пайдаланудың Қазақстан Республикасының орман заңнамаларында белгіленген басқа да ережелерiн сақтайды.

      6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық iс-шаралар жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік маршруттармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсатымен басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгiленген тәртiппен үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер (бұдан әрi - объектiлер) сала алады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

      8. Орман пайдаланушыларға мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiндегi объектiлердi олар орман өсiрудi жоспарлау материалдарының құрамында бекiтiлген құрылыс салу жобаларына сәйкес орман пайдалану мерзiмiне салады.


      Объектілердi салу орындары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізіліп, уәкілеттi органмен келiсiледi.

      9. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде объектiлер орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды көздеуi және жүзеге асыруы тиіс.

      10. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн орман пайдаланушыларға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде олар салған объектілер пайдалану мерзiмi аяқталғаннан кейiн орман пайдаланушылардың есебiнен құлатуға, алып кетуге жатады немесе белгіленген тәртіппен мемлекеттiк орман иеленушiнің теңгерiміне берiледi.

      11. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты мен (немесе) орман билетiнiң ережелерiн өзгертуге:


      1) мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шараларды белгiленген бағдарлама бойынша жүзеге асыру мүмкiн болмайтын жағдайға душар еткен табиғи апаттардың салдарынан мемлекеттік орман қорының жай-күйi өзгергенде;
      2) егер бұрынғы пайдалану шарттары осы санаттардың мәртебесiмен үйлеспесе, мемлекеттiк орман қоры санатының өзгеруi, олардың ерекше қорғалатын орман аумақтарының құрамына енгізiлуi нәтижесiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануды жүзеге асырудың талаптары мен тәртібi өзгергенде;
      3) мемлекеттiк орман қоры учаскесi мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн iшiнара иелiктен алынғанда жол берiледi.

      12. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздемелер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.


      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
Каталог: cms -> uploads -> files
files -> Перечень лекарственных средств, отпускаемых бесплатно
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі n 1140 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
files -> Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
files -> Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы
files -> Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы
files -> Сауалнама асбк мүшелігіне кіру үшін өтініш
files -> Акционерное Общество «Алматинский вагоноремонтный завод» объявляет о проведении закупок – Товарно-материальных ценностей
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет