Мемлекеттiк сатып алу туралы



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі447.5 Kb.
#170488
  1   2   3   4   5
Мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303-III Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 7 тамыз N 232-234


      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ


      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10 N 178-IV Заңымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

      Осы Заң мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi олардың жүзеге асыруы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетiлетiн ақшалай аралық
      2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтiнiмдi дайындау үшiн әлеуеттi өнiм берушiге берiлетiн құжаттама, онда аукционға қатысуға өтiнiмге қойылатын талаптар, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылады;
      4) әлеуеттi өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
      7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк әрбiр келесi үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызының тиесiлi болатынын бiлдiредi;
      8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
      9) жергiлiктi қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
      11) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
      12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
      14) көрсетiлетiн қызметтер – тапсырыс берушiнiң қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
      15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдерi бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
      18) мемлекеттiк сатып алу – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;
      19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметiн атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      25) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
      26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi – әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;
      27) отандық кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;
      28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден  заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден  заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      29) өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
      30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшiн және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшiн және (немесе) әлеуеттi өнiм берушi ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
      32) тапсырыс берушiлер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзi құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
      34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
      35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
      36) электрондық аукцион (бұдан әрi – аукцион) – тапсырыс берушi сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетiн және оларға баға төмендетiлген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кездегi электрондық мемлекеттiк сатып алу тәсiлi;
      37) электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу;
      39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк


             сатып алу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттiк сатып алуды құқықтық


              реттеу принциптерi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы:


      1) мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн теңдей мүмкiндiк беру;
      3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
      4) мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы мен ашықтығы;
      5) отандық кәсiпкерлердi қолдау принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен


              мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды
              регламенттейтiн нормаларын қолданбай жүзеге
              асырылатын мемлекеттiк сатып алу

      1. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормалары қолданылмай мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:


      1) егер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      3) жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды жүзеге асыру үшiн:
      жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
      қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi;
      жасырын ұйымдар құру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
      қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алу;
      4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
      5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсiптер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарлар тiзбесi бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
      6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша тауарларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
      7) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      8) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;
      9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
      9-1) шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      10) қызметкерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттiк (банктiк) ұйымды өзi анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегенi үшiн қызметтер көрсету бөлiгiнде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлiгiнде қаржылық қызмет көрсетулердi сатып алу;
      12) зағип және көзi нашар көретiн азаматтар үшiн мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерiн сатып алу;
      13) лизинг қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке беру үшiн сатып алу;
      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
      15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша сатып алу;
      16) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) және жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;
      17) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi иелiкке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      20) жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға бiлiм беру ұйымын өзi таңдаған жағдайда);
      21) алып тасталды - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
      21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;
      22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрi олармен бiрге жүру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      23) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      24) тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
      25) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      26) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      27) мемлекеттiк монополия субъектiсiнен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      28) еңсерiлмейтiн күштiң туындауы салдарынан, оның iшiнде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттiлiгi үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      29) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, сондай-ақ олардың атынан жұмыс iстейтiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнiндегi қызметтерiн сатып алу;
      31) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, тиiстi өкiлеттiктерi, қызмет түрлерi, мiндеттерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген акционерлiк қоғамдардан және шаруашылық серiктестiктерден сатып алуы;
      31-1) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өзi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты олардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген қызмет түрлерi бойынша басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан сатып алуы;
      32) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      33) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн тұлғаларды және күзетiлетiн тұлғалардың келуiне арналған объектiлердi күзетуге және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
      33-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентiне және өзге де күзетiлетiн тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттiк резиденцияларды, автокөлiк құралдарын және әуе кемелерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қатысуымен iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      34) халықаралық коммерциялық төрелiктерде және шетелдiк сот органдарында мемлекеттiң не тапсырыс берушiнiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      37) акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң бақылау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу;
      38) мамандандырылған ұйымының (агенттiң) отандық өнiм өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      39) статистикалық бақылаулар деректерiн өңдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      40) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;
      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
      мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлiктердi (активтердi) сатып алу; .
      41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;
      42) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      43) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымнан сатып алу;
      44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      46) электр энергиясын сатып алу;
      47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      48) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
      49) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;
      50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      51) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және азаматтық авиациясы субъектiлерiнiң авиаотынды тiкелей отандық мұнай өңдеушi кәсiпорындардан сатып алуы;
      52) отандық тауар өндiрушiлердiң — мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн өнiмдердi өндiру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      53) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және мемлекеттiк сатып алу бойынша өнiм берушi ретiнде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      54) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      55) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және ұзақ мерзiмдiк бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл iшiнде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргiзiлген болса, тапсырыс берушiнiң техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжiрибелiк өнеркәсiп үлгiсiнде өндiрудi және тауарларды сериялық өндiрудi ұйымдастыруды көздейтiн отандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алуы;
      56) отандық тауар өндiрушiлерден мемлекеттiк материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
      57) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметiн көрсетудi сатып алу;
      58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      59) мемлекеттiк бюджет есебiнен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      60) егер мұндай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық iс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
      62) тиiстi авторлардың күрделi құрылыс объектiлерiнiң жобалау құжаттамасын әзiрлеудi авторлық қадағалау, күрделi құрылыс объектiлерiнiң құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделi жөндеуiн авторлық қадағалау жөнiндегi қызмет көрсетулерiн сатып алу;
      63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектiсiн (тарих және мәдениет ескерткiшiн) сақтау жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiне техникалық және авторлық қадағалау жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      64) театрдың сахналық көрсетiлiмдердi және көпшiлiк алдында өнер туындыларын орындауды жүзеге асыру үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу принциптерi сақтала отырып, жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38) 48), 53), 55) және 64) тармақшаларының ережелерi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 182-IV, 2009.07.16 N 186-IV, 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 N 334-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi



      1. Мемлекеттiк сатып алу процесi:
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2) мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеудi және бекiтудi;
      3) өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
      Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Тиiстi бюджеттiң (бизнес-жоспардың, кiрiстер мен шығыстар сметасының) негiзiнде тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен және нысанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (бизнес жоспар, кiрiстер мен шығыстар сметасы) бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер:
      1) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң
номенклатурасы;
      2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмi;
      3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң жоспарланған мерзiмi мен орны;
      4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi қамтылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 79-бабының 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында бекiтедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      4. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.
      Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.
      7. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген не нақтыланған жылдық жоспары негiзiнде қабылдайды.
      Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тиiстi бюджет бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
      8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
      9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiнен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
      10. Тапсырыс берушi мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi нақтылау (түзету) кезiнде болған, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi осындай шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдердi қамтамасыз етудi және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты


              шектеулер

      1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:


      1) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң басшылары және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе ұйымдастырушының өкiлi болып табылса;
      2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса;
      3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
      3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
      3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса;
      4) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;
      5) баланстық құны тиiстi негiзгi құрал-жабдықтар құнының он процентiнен асатын әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) мүлкiне тыйым салынса;
      5-1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган оларды тиiстi борышкерлер тiзiлiмiне енгiзсе;
      6) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
      3. Мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ.
      4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушi не өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау


              тәртiбi

      1. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындау үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң алда болатын мемлекеттiк сатып алуда мүддесiн бiлдiретiн оның лауазымды адамын айқындайды.


      2. Тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты өз құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
      Тапсырыс берушi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеменi не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы етiп айқындауға құқылы.
      3. Осы баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi болуға;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қызметiнiң бейiнi тапсырыс берушi үшiн сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ерекшелiгiне сай болуға тиiс.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты өзi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
      Мемлекеттiк кәсiпорын өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
      Дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
      5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
      3) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде болуға құқылы;
      4) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
      Осы тармақтың ережелерi аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгiленген талаптар сақталған жағдайда жол берiледi.
      7. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзiнiң атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамды айқындауға мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң қызметкерлерi қатарынан айқындалуға тиiс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк


              талаптары

      1. Әлеуеттi өнiм берушiге жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптары қойылады.


      2. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай жалпы бiлiктiлiк талаптарына сай келуi:
      1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгiнiң (жеке тұлғалар үшiн) болуы;
      2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, үш айдан асатын мерзiмге салық берешегiнiң болмауы;
      3) банкроттық не таратылу рәсiмдерiне жатқызылмауы тиiс.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздерiне қатысты оңалту рәсiмi өткiзiлiп жатқан әлеуеттi өнiм берушiлерге, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану мiндеттi болатын, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсi, осы баптың 2-тармағында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлiгiнде қойылатын арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген тиiстi құжаттарды табыс етедi.
      5. Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы осыған ұқсас мәлiметтердi қамтитын құжаттарды табыс етедi.
      6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:
      1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты; V064139
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.
      Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы расталады.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн бередi.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары әлеуеттi өнiм берушi жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгер не қызмет көрсетулер бойынша бiрлескен орындаушы ретiнде тартуды көздейтiн жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
      Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлескен орындаушыларын) тартуды көздейтiн әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарға не көрсетiлетiн қызметтерге тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиiс.
      Қосалқы мердiгерлерге (бiрлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету үшiн берiлуi мүмкiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң шектi көлемi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде белгiленедi.
      8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық не аукциондық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
      2)  бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.
      9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
      10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше және арнайы тәртiптердi қолдану арқылы мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 N 138-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына


              сәйкес келмейдi деп танудың негiздерi

      1. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылуға тиiс:


      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) табыс етпеуi не тиiсiнше ресiмделмеген құжат (құжаттар) табыс етуi;
      2) әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлген құжаттарында қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;
      3) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы.
      2. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiн (бiрлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.

      10-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет