Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы


Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара



бет6/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#9690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

102. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 102-1- тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 102-1-тармақ жаңа редакцияда



102-1. Жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады.

Әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.

Жұмысты, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін төлеу құнының жалпы еңбекті төлеу қорынан және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген әлеуетті өнім беруші тікелей де, сол сияқты қосалқы мердігерлік шарт жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері толық өндіруіне немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстаннан шыққан үлестің (үлестердің) құнынан шартты пайыздық қамтуы ретінде айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   103- тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



103. Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады.

104. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

105. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекен-жайына беру не жіберу;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   2) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



2) қол қойылған хаттама мәтінінің тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылуы.

 

 

Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс) бағалау және салыстыру



 

106. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті беруге тиіс.

107. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.

108. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы:

1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерінің құжаттамалық расталуының болуына көз жеткізеді;

2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.

109. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.

110. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы осындай бас тартудың себебін баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетеді.

111. Конкурстық комиссияның отырысында:



1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды;

конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   2) тармақша  өзгертілді (бұр. ред. қара)



2) конкурстық комиссия:

конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

осы Ережеде белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды және демпингтік болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;

егер осы тармақшада көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды;

конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады.

112. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша:



1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:

конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;

конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі ұсынылатын күн, уақыт пен орын туралы ақпарат береді;

2) конкурстық комиссияның хатшысы:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысының қол қоюын және әрбір бетке бұрыштама қоюын қамтамасыз етеді;

ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;

конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

113. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:



1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   2) тармақшаның қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтарда тоқтатылады  (бұр. ред. қара)



2) Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға конкурс тәсілімен жүргізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бюллетенінде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен тармақ  3) тармақшамен толықтырылды

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен 114  тармақ   өзгертілді (бұр. ред. қара)



114. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамадағы және тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырылған мәліметтер барлық қызығушылық білдірген адамдарға ақы алынбастан танысу үшін қол жетімді болуға тиіс.

 

 

Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі



 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 115-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



115. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген және белгіленген тәртіппен бекітілген ведомстволық сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен 116  тармақ   өзгертілді (бұр. ред. қара)



116. Әлеуетті өнім берушінің консультациялық қызметтерге арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол  конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпіс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен 117  тармақ   өзгертілді (бұр. ред. қара)

117. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

118. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтінімдердің демпингтік бағасын ұсыну фактісін анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтінімдерді қабылдамау себебін көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды:



1) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртібі;

2) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасы;

3) бағасы демпингтік деп айқындалған конкурстық өтінімдер.

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен  кіші бөлімнің тақырыбы  өзгертілді (бұр. ред. қара)



Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын ашық конкурсты өткізу

 

119. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)



.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   120-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)



120. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі ерекшеліктерін тұжырымдау және олардың техникалық және осы сипаттамаларын анықтау күрделі және (немесе) әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөздер жүргізу қажет болғанда;

2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, іздестірулер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болғанда.

121. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай тізбекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   1) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы немесе сарапшыны анықтауы;

тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;

тапсырыс берушінің интернет-ресурсын анықтау және уәкілетті органды осындай интернет-ресурстың электрондық мекен-жайы туралы хабардар ету;

Бюллетенде және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жариялау;

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдер пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі адамдарға техникалық тапсырма беру;

әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;

сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге сипаттамаларына қатысты мәселелерді, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарт талаптарын талқылау;

сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі,

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі.

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырулар жіберу;

2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.

122. Екі кезеңді рәсімдер пайдалана отырып, конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу және конкурстың әрбір кезеңіне конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   123- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

123. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде де конкурсты өткізу кезіндегі рәсімдер мен ереже пайдаланылады.

 

 

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпей қалды деп тануға негіздемелер



 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен   124- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)



124. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда өтпей қалды деп таниды:

1) берілген өтінімдер болмағанда;

2) екіден кем өтінім берілгенде;

3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;

5) конкурсқа қатысушының бір ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;

6) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356  Қаулысымен  кіші бөлім 124-1- тармақпен толықтырылды  



124-1. Арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады:

1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;

2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға

ұсыныстарының тек біреуі қалса;

3) арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса. 

 

4. бөлімінде «Ұйымдастырушының уәкілетті өкіліне», «Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі», «Ұйымдастырушының уәкілетті өкілімен» деген сөздер тиісінше «Ұйымдастырушыға», «Ұйымдастырушы», «ұйымдастырушымен» деген сөздермен ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)



 

4 бөлім, (125-140-тармақтар) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды  

 

4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды,

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет