Мемлекеттік сатып алулар шарты астана қ. 2009 ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»



Дата11.07.2016
өлшемі33.88 Kb.
#192074
Мемлекеттік сатып алулар

ШАРТЫ

Астана қ. «___»___________2009 ж.
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ҚР ӘМ ТҚ ҚКК «________________________ Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ атынан Ереже негізінде әрекет ететін директор __________________, бір жағынан, және бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын _____________________________________ атынан, _________негізінде әрекет ететін директор _________________, екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 21 шілде 2007 жылғы Заңына және мемлекеттік сатып алулар нәтижелеріне сәйкес баға ұсыныстары сұраным тәсілін пайдаланумен, төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты:

1. Шарттың мәнi

1.1. Осы шарт бойынша «Тапсырыс берушi» тапсырады, «Жеткізуші» ҚР ӘМ анықтамалық-ақпараттық ќызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша міндеттерді өзіне қабылдайды.

1.2. «Тапсырыс берушi» осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-Қосымшаға сәйкес ќызметтердi өзіне қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

2.1. «Жеткізуші» осы Шарттың мәні болып табылатын көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстарды сапалы және дер кезінде орындауға өз міндетіне алады.

2.2. «Жеткізуші» 1-Қосымшаға сәйкес ќызметтердi көрсетуге міндеттенеді.

2.3. «Тапсырыс берушi» осы Шартпен белгіленген мөлшерде және тәртіппен «Жеткізуші» көрсеткен қызметтер мен жұмысқа ақы төлеуге міндеттенеді.

2.4. «Тапсырыс берушi» өз өкілеттігі шеңберінде анықтамалық-ақпараттық ќызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге бақылау жүргізуге құқылы.

3. Есеп айырысу тәртiбi мен нысаны

3.1. Анықтамалық қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша қызметтің бағасы ____________________( ) теңгенi құрайды.

3.2. «Тапсырыс берушi» «Жеткізуші» көрсеткен қызметтерге «Бір терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» 010 бағдарламасымен «Өзге қызметтер мен жұмыстар» 149 ерекшелігімен көзделген ақшалай қарды есебінен ақы төлеуге міндеттенеді. «Тапсырыс берушiнің» «Жеткізуші» қызметіне ақы төлеу үшін есеп айырысу кезеңі осы Шарттың күші жүріп тұрған мерзімге тең келеді, бұл ретте «Тапсырыс берушi» қабылданған міндеттер бойынша қаржы көлемін ескеріп төлемдер жүргізуге құқығы бар.

3.3. «Тапсырыс берушi» қызметтердің төлемін Шарттың жалпы сомасының 30% көлемінде алдын-ала төлем жолымен осы Шартты жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді, қалған соманы «Тапсырыс берушi» «Жеткізушіге» қойылған шот-фактураның, атқарылған жұмыс актілері негізінде, №__Қосымшаға сәйкес бұрынғы төленген авансты қайтарумен ай сайын 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударады.



4. Тараптардың жауапкершiлiгi

4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны, сондай-ақ дұрыс орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап береді.



5. Форс-мажор

5.1. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындамаған немесе басқа бұзушылық үшін, егер олар еңсерілмейтін күш тап келуімен туындаған болса, Тараптардың ешқайсысы да жауап бермейді.

5.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына мыналар жатады: Шарт іс-әрекет ететін аймақта болған соғыс немесе әскери әрекеттер, жер сілкінісі, су тасқыны, сондай-ақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе орындалуына мүмкіншілік бермейтін мемлекеттік билік органдарының актілері немесе олардың іс-әрекеттері.

5.3. Егер еңсерілмейтін күш жағдайларына салдарынан Тараптардың міндемелерін толық немесе ішінара орындамауы екі айдан артық созылса, және бұл жағдайдан дұрыс, өзара келісуге боларлық жол табылмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға және өзара есептесу жүргізуге құқығы бар.



6. Дауларды шешу тәртiбi

6.1. Осы шартты орындау барысында пайда болатын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай Тараптар арасындағы келiссөздер арқылы шешiледi.

5.2. Дауларды келiссөздер арқылы шешу мүмкiн болмаған жағдайда Тараптар, келiспеушiлiктерді заңнамамен көзделген соттан бұрынғы процедураларды іске асырғаннан кейін, оны сот тәртібімен қарауға бередi.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде әр Тарап үшін бір-бір данадан жасалды.

7.2. Осы Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, Тараптардың екеуі де қол қоюы қажет.

7.3. Осы Шарт оған қол қойған кезден және Қазынашылық органдарында тіркелгеннен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін іс-әрекетте болады.



8.Тараптардың мекен-жайлары және қолдары

«Тапсырыс беруші» «Жеткізуші»
ҚР ӘМ ТҚ ҚКК «_______________ _____________________________

______________________ Халыққа ___________________________

қызмет көрсету орталығы» ММ
_________қ., ________________, _____________________________________

СТН ______________________ СТН __________________

ЖБК _____________________ ЖБК ___________________

__________________________ _____________________________________

__________________________ ББК ____________________

ББК ______________________


Директор Директор
_________________________ _______________________________

М.П. М.П.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет