12-тақырып. Баяндау хат
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Баяндау хаттың жазылу жағдайлары
2. Орындалған жұмыс туралы баяндау хат жазу
3. Орындалмаған жұмыс туралы баяндау хат жазу
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1) Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз
2) Баяндау хат мәтінін аударыңыз:
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау университеті
оқу бөлімінің бастығы
С.Б.Смаиловаға
Баяндау хат
2010.01.09
Орыс тілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртүрлі екендігін мәлімдей келе, Сізден орыс аудиториясындағы 1- курс студенттерін бастауыш, орта, жалғастырушы топ түрінде топшаларға бөлуге рұқсат етуіңізді сұраймыз.
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі: қолы/Омарова/
3) Орыс тіліне аударыңыз: тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз, туралы хабарлаймын, белгіленген мерзімде тапсырмаған, себебін анықтап, жұмыс күніне, кешіккені туралы хабарлаймын, қажетті шаралар.
4) Мына сөз тіркестермен сөйлем құрастырыңыз: тиісті шара, құрылыс материалдары, кәсіпорында тіркелген, сізге хабарлаймын, қабылдауыңызды сұраймын, Естай көшесінде орналасқан.
13-тақырып. Түсініктеме
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Түсініктеменің жазылу жағдайлары
2.Орындалмаған жұмысқа қатысты түсініктеме жазу
3.Жұмысты босату туралы түсініктеме жазу
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1) Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз
2) Түсініктеме мәтінін аударыңыз:
Е. Букетов атындағы
Қарағанды университетінің
оқу бөлімінің бастығы
М.Н.Смағұловаға
Түсініктеме
2010.10.12
Филология факультетінің орыс бөлімі 1-курсында 10.10.2009 ж. 2, 3 – жұп ағылшын тілі сабағы болмаған себебі, 1-курс студенттері тест тапсыруға деканат тарапынан босатылған. Өтілмеген ағылшын тілі сабағы – сәрсенбі 1- сабақ (12.10.09), бейсенбі 2-сабақта (12.10.09) өткізілетін болып келісілген болатын.
Ағылшын тілі кафедрасының
аға оқытушысы қолы /Насырова/
3) Орыс тіліне аударыңыз: міндет, заңды тұлғаның міндеттері, жүзеге асыруға міндетті, орындауға міндетті, қоса берілді, қамтамасыз етуге міндетті, есеп беруге міндетті, бақылау жүргізуге, қатысуы, міндеттеме алу.
4) Жұмысқа келмегеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |