Мемлекеттік тілді ана тілі ретінде дамыту мәселелері



бет2/2
Дата06.10.2024
өлшемі20.44 Kb.
#504355
1   2
Ана туралы газетке (Автосохраненный)

тілдік тәрбие дұрыс жолға қойылуы тиіс. Ана тілін дамыту үшін баланың оған сәби кезінен бейімделуі қажет. Ол үшін бейімделу тетігін табу керек.
Ана тілін бала анасының ішінде жатқан кезде сезетіні белгілі. Оны көкірек көзімен сезінген тілінде анасынан бесік жырын, әжесінен ертегіні естіп, қоршаған ортасынан ұлттық салт - дәстүрді үйренуі тиіс. Баланың тәрбиесі тал бесіктен бастау алып, жан - жақты сипатталса - сол дұрыс. Міне осындай жағдайда бала тілдік ортадағы орыс тіліне еріп кете бармайды.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттіліке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып, үйренеді. Ғасырлар бойы жиналған саф күмістей тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқалдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық – тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған. Ана тілі – қазақ тілдің көсегесін көркейтеміз десек, бұл мәселемен аналар, әйелдер шындап айналыспай, оңбайтыны анық. Баланы қолдағысы келген әйел әуелі өз баласын дұрыстап бағуы керек. Өз баласына «ата» ұғымын сіңіре алмаған, ата мұрасымен сусындатпаған, ата кәсіпті бойына дарытпаған, ата салтынан мақұрым әйел ана тілін баланың бойына дарыта алмайды. Қазір билікте жүрген кез келген әйел бесік жырынан бастап ана тілін балаға өз ана тілінде, мемлекеттік тілде үйрету керек. Бесік жырын орыс тілінде, ағылшын тілінде айта алмайды.
Елбасының өзі назар аударған қыздар тәрбиесі, көпбалалы отбасыларының мәртебесі алдыңғы қатарда. "Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ұлт тәрбиешісі" – дегенді де ұмытпауымыз керек. Түркілер әйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы - ғалым Лев Гумилев “Көне түріктер” деген іргелі зерттеуінде “Түркілер әйелдерді сал серілердей әдейі қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да ордада апа қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады... Түркілерде анасының шыққан тегіне айырықша мән берілген” - деп жазған. Қазақта “Жігіттің жақсы болуы нағашысынан” деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата - бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір - қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жоғары, жауапты екендігін танытады²[2 ,31 - б]. Ата – бабаларымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз - өссе елдің көркі”дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке баулыған. “Қыз жат жұрттық” деп айтылып, өмірден сабақ ала білген бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанын қалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді. Әсіресе қыздардың еңбек сүйгіш қасиеттері оларды отбасының, сондай - ақ бүкіл дәстүрлі шаруашылықтың ұйытқысына айналдырды. Әр қыз баланың ана тіліне деген құрметі келешек ұрпаққа жеткізе алатындай дәрежеде болуы керек. Қыз бала салт - дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды келер ұрпаққа толық жеткізетіндей қылып тәрбиелеуіміз керек. Қыз бала болашақ ана, әйел, өмірдің ұйытқысы.
Мемлекеттік тілді өз мәртебесіне көтереміз десек, ұрпағымызды қазақша ана тілінде тәрбиелейік. Баланы уатқанда бесік жырын қазақша жырлайық. "Ел болам десең бесігіңді түзе" деген сөзді мәңгі жадымызда сақтайық. Ұрпақ болашағы, қоғам дамуы аналардың қолында. Ана тілі – атадан балаға мирас мұра.


«ӘГжЖҒП» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Баданова Салтанат Жумабаевна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет