Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 22.52 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі22.52 Kb.

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар 2016 жылғы 3 ақпаннан бастап 10 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 140000, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, 314-кабинет, конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзі тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе pavl_80@nationalbank.kz электрондық почта арқылы электрондық түрде қабылданады.



Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).


Конкурстық іріктеуге қатысу үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі  конкурстық комиссиясына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты басқа да құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

 

Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:



үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушымен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады.  



Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 6 000 (алты мың) теңге.
Байланыс деректері: 140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, 314-кабинет, жетекші маман – аудармашы (қаз.) Айнаш Касановна Куланбаева, тел. 8 (718) 32-15-03, электрондық почта: pavl_80@nationalbank.kz.
Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет