мен (4) ќатарлардыѕ барлыќ мїшелері теріс емес, сонымен бірге аn>0 болса



бет2/5
Дата06.06.2023
өлшемі83.07 Kb.
#474725
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат. Мат тарих

Ұғымның мазмұны деп ұғымдар класына жататын барлық обьектілерге тиісті елеулі белгілердің жиынтығын айтады.
Ұғымның көлемі- берілген ұғымдар класына жататын барлық обьектілер жиынтығы. Мысалы, үшбұрыш ұғымының мазмұны «бір түзуде жатпайтын үш нүкте және оларды қосатын үш кесінді», яғни үш қабырғасы, үш төбесі және үш бұрышы бар фигура болса, оның көлемі мүмкін болатын барлық тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр қабырғалы үшбұрыштар бола алады.
Сол сияқты «функция» ұғымының мазмұны-аргументтің әр бір мәніне белгілі бір ереже немесе заң бойынша функцияның бір мәні сәйкес келуі болса, оның көлеміне сызықтық функция, квадраттық функция, көрсеткіштік, логарифмдік функция т.б. жатады.
Сонымен ұғымның мазмұны- оның елеулі белгілері болады да, көлеміне ұғымына енетін барлық обьектілер жиынтығы жатады.
Ұғымның көлемін дұрыс елестету үшін оны «логикалық дөңгелек» кескіндеу тиімді. Мұндағы үлкен дөңгелек берілген ұғымды көрсетсе, оның ішіндегі кіші дөңгелектер берілген ұғымдарға жататынын білдіреді. Мысалы, 1-суретте үлкен дөңгелек жәй бөлшек ұғымы (М) болса, оның ішіндегі кіші дөңгелектер жәй бөлшек ұғымына жататын дұрыс (N), бұрыс (К) бөлшектер болады.
Егер ұғымның көлемі көптеген ұғымдарды қамтитын болса, онда берілген ұғымның көлемі кең, ал ол ұғымдар аз болса, ұғымның көлемі тар делінеді. Егер ұғымның сәйкес класына енетін обьектілер ортақ, елеулі қасиеттері көп болатын болса, ұғымның мазмұны бай, ал ондай ортақ белгілері аз болса, ұғымның мазмұны кедей деп аталынады.

1-сурет 2-сурет


Ұғымның көлемі кең болған сайын, оның мазмұны кедейлене береді және керісінше ұғымның көлемі тар болған сайын мазмұны баий түседі. Мысалы «төртбұрыш» ұғымының белгілеріне тағы да бір «екі қабырғасы паралель» болсын дегенді қосатын болсақ, онда ол «трапеция» ұғымын береді. Егер оған тағыда «екі қабырғасы паралель» болсын деген белгі қосатын болсақ, онда ол «паралелограмм» ұғымы болып шығады. Паралелограмның қарама-қарсы қабырғалары паралель және тең, қарама-қарсы қабырғалары тең, диагональдары бір нүктеде қиылысып қақ бөлінеді т.б. белгілеріне «барлық қабырғалары тең» деген белгіні қосатын болсақ, онда ол ромб болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет