3.1 Ұғымдарды бөлу және жіктеу
Ұғымдатмен жүргізілетін жұмыстардың ішіндегі бір логикалық амал- бөлу және жіктеу (классификациялау).
Оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруде ұғымдардың маңызы ерекше. Бөлу және жіктеу амалдарын жузеге асырудың нәтижесінде оқушылар ұғымдардың көлемі мен мазмұны, белгілері, тектік ұғымды көрсете алу және олардың түрлік ұғымдарын табу т.б. сияқты ұғымдармен жүргізілетін жұмыстарды меңгерсе, екінші жағынан жіктеу арқылы осы білімдерді тиянақтауға мүмкіндік туады. Ұғымдарды түрлі топтарға бөлумен таныстыру ұғымдарды қалыптастыруда, есептер мен мысалдар шығаруда қажетті құрал болып табылады. Жіктеу оқушылардың танымдық қызметі үшін де маңызды. Тектік ұғымдарды түрлік бөліктерге бөлу арқылы, оны тереңірек және толық зерттеуге мүмкіндік туады.
Ұғымдарды қандай да белгілері бойынша бір- бірімен үйлеспейтін бөліктерге ажырату амалы бөлік деп түсініледі. Мұндағы бөлінетін ұғым- ұғымның тегі (немесе бөлінгіш ұғым), одан бөлініп алынғандарды- түрлік ұғымдар (бөлу мүшелері) болады. Ұғымды бірнеше бөліктерге бөлетін белгісі бөлудің негізі деп аталынады. Бөлудің негізгі түрлік ерекшеліктер болып табылады.
Егер үшбұрыштың бөлу негізіне, оның бұрыштарын алатын болса, онда ол сүйір бұрышты, тікбұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштарға, ал қабырғалары бойынша бөлетін болсақ- тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыштар болар еді. Мұны сүлбе түрінде былай кескіндеуге болады. (5-сурет)
5-сурет
Бөлудің ерекше түрі- жіктеу. Жіктеу ұғымының елеулі белгілері бойынша бөліктерге бөліп қоймастан, ол бөліктердің өзін тағы да майда бөлікшелерге ажыратылады.
Үшбұрыш ұғымының бөлігі болатын тікбұрышты үщбұрышты тағы да екі қабырғасы тең болатын және екі қабырғасы тең болмайтын екі бөлікке бөлшектеуге болады. Тең бүйірлі үшбұрыш та екіге бөлінеді: тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, тең бүйірлі тік бұрышты емес үшбұрыш.
Жіктеудің мынадай құрамды бөліктері бар:
жіктеуші ұғымдар – көлемді қажет ететін ұғымдар;
жіктеу негізі – жіктеу жүргізілетін белгілер;
жіктеу мүшелері – жіктеу нәтижесінде пайда болатын ұғымдар.
Жіктеу арқылы ұғымдардың көлемі туралы нақты мағлұмат алуға болады. Мысалы, мектеп математика курсындағы нақты сандар ұғымының жіктелуі мынадай:
Бөлшек сандар
Бұл жіктеудің ішінен өзара бөлінетіндері болады
Пайдаланылған әдебиеттер:
Математиканы оқытудың теориясымен әдістемесі
А.Е.Әбілқасымова, А.К.Көбесов, Д.Р.Рахымбек, Ә.С.Кенеш
Алматы «Білім» 1998
2. Математикалық анализ курсы
Х.И.Ибрашев, Ш.Т.Еркеғұлов Алматы 1970
Достарыңызбен бөлісу: |