Мен Абайдың 45 Қара сөзін окып шықтым



Дата24.09.2022
өлшемі25.06 Kb.
#461256
Құзарова Гауһартас


Абай (Ибраһим) Қ арқылы ұнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай – қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға.Ол жан жарасы жазылмай кеткен ойшыл деп ойлаймын. Қазақ поэзиясын, Абай тұңғыш рет терең философиялық қуатты оймен суарды. Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистикалық бағыттағы жаңа поэзия келді
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды
Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Мен Абайдың 45 Қара сөзін окып шықтым.
Абайдың қара сөздері ой мен сезім әлемін еркін жетелеп, қазақтың тарихи тынысын да , ғаламдық болмыстың тынысын да кең ашады.
Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес келеді. Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген сабақтары туралы ойларыАқынның 45 қарасөзі бар. Қара сөз 1890-1898 жылдар аралығында жазылған шығармалар . Абайдың қара сөзі тақырыбы бір бағытта жазылмаған, әралуан. Көлемі шағын, мазмұн-мағынасы терең шығарма. Қара сөзде қазақ халқының болмысы зерделенеді.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім – білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық, мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс – алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.....

«Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», -дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар- намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп, жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші сөзінде» ұлы ақын екі нәрсені ұсынады: біріншісі – «Бек зор үкімет», екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой-санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным-сенімдегі адамдар етіп тәрбиелесе, сонда ғана елдің түзелетінін айтқан.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке –жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам-адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе –осы айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.

Тап осы тәрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы –«Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.

«Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөзге де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп, сөз айтқан кісінің өзінің деадамшылығы жоқ десе болар», - дейді.

«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан даұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор.

Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесінде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.

Осы себептен де Абай: «...құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп қайыра түсінік беріп отыр...Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы.

Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманының тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,-

Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.

Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірбиесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Сондықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», - деп жоғарыдағы өлең үзіндісіндегі ойын осы сөзінде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абайдың жетінші қара сөзінде ұшырасатын “жанның тамағы” деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,




  • Деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл “Жетінші сөзде” көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен “Ғылым таппай мақтанба” т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол “жанның тамағы туралы” ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, “адам болу” үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,



Бес нәрсеге асық бол,


  • Деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың “Он тоғызыншы сөзінде” де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай “Он тоғызыншы сөзінде”:

  • Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни “қара сөздерін” жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!


  • Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу – қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: “Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ”,- деп ойын түйіндейді.


  • Жоғарыда айтылғандай ол өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы маған ерекше ұнады.


  • Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін.


  • Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!

  • Бойына Алла тағаланың нәрі, қуаты құйылғанын түйсінген, сәйкесінше Тәңіріге махаббат қылған ерен ғұлама ай асты әлемде санаулы делінеді, міне, қазақтың Абайы – сол қатардан. Ұстазы әспеттелген өлең шумағында Көкбай ақынның «әулие хакім» теңеуін қолдануы тегіннен тегін емес, алыс-жақын қазаққа Абай көзі тірісінде-ақ көреген әулие ретінде танылған. Кез келген өзге теңеу Абайға олқы соғады, әсте. Себебі, ол мінсіз сөздің иесі. 38-сөзінде: «Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз. ...Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматпенен жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік шамасында білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге хакім деп ат қойған» десе, бұл ойшыл өзі сезінген, көзі жеткен ақиқат екені сөзсіз. Әулие хакім Абайдың Құдайға ғашық болуының куәсі әрі діни-теологиялық көзқарастары тоғысқан басты мұра – 38-қарасөз болып табылады. Біреу біледі, біреу білмейді, қазіргі «38-қарасөз» деп жүргеніміз шындығы 1899-1902 жж. Дүниеге келген теологиялық трактат, оған Абайдың өзі қойған төл аты - «Ғақлиат-тасдиқат» (Мүрсейіт көшірмесінде қысқа түрде «Тасдиқ» делінген) еді. Аталмыш даналық шығарма қазіргі «38-қара сөз» деген бүркеншік атауды 1933 жылы алды. Қайтіп? Оған себепкер қылышынан қан тамған қызыл идеология. Дін исі аңқыған трактатты тасқа басу жалаң аяқ шоқ басумен бір еді. Әйтсе де, ғұлама Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Тасдиқты» өзге ғақлиялар арасына тықпалап жариялап-ақ жіберді. Дана Абай ақыл-ойын сарқа жұмсаған ғажайып туынды осылайша бүгінгі күнге аман жетті. Бірақ сол үшін күллі қарасөздердің рет саны өзгертілді. Енді қарасөздердің Абайдың өзі қойған рет санын қалпына келтіру күн тәртібінде тұр. Сол сияқты 38-қарасөзге ғылыми түсініктер беру, төл атымен атау және оның жазылған кезеңін түзету тәрізді шаралар тездетіп қолға алу керектігі сөзсіз. Неге десеңіз, Абайдың бұл шығармасы қазақ ақыл-ойының шыңы, күллі әлемге үлгі әрі жалпыадамзаттың игілігіне жарамды брендіміз. Онда әлемдік руханият түйткілдерінің түгел дерлік шешуі бар. Айырықша құнды шығарма – 38-қарасөзде (ескіше кітап «Тасдиқ») орын алған даналық танымдарға келейік. Олар Алла тағала болмысын танып-білуден (тағрифлеу) бастау алады. Жаратушы Құдірет Өзінің бір, бар екенін адам баласына заты және хикметі арқылы білдіреді. Бірақ Тәңірінің заты болжаусыз, адамның ақылына сыймайтын стихия. Яғни танымдық алаң шақ, тым шектеулі. Тәңірінің заты көмескі болған соң, әрине, Оны хикметі (ісі, жолы, заңы) арқылы танып-білу негізгі тәсіл. Ұлы Абайдың 38-сөз көлемінің үштен бірін Жаратушы хикметін танып-білуге арнауы содан. Абай Тәңірінің күллі әлемді екі хикметі арқылы меңгеретінін анықтап береді. Олар – махаббат пен әділет. Осыған Ғылым-Құдірет сипатын қосады. Себебі Құдай материалдық әлемді мінсіз етіп ғылым-құдірет сипатымен жаратқан ғой. «Біз Жаратушы (Өзін) емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз». Бұл арада «жаратқан көлеңкесі» - заттық әлем. Оны ғылымсыз танып-білу мүмкін бе? Әрине, жоқ. Сонымен, құдайшылық, мейлі, адамгершілік мұраттар тұрғысынан алсақ та, өзгермейтін үш негіз бар, олар – ғылым, махаббат, әділет. Осынау Тәңірінің үш хикметін анықтап беру – ұлы Абайдың әлемдік руханиятқа қосқан зор үлесі. Жаңағы жаһандық ой-парасат шыңында шамдай жарқыраған жаңалық идея. Әрі қарайғы әділетті адам, Құдай жолы, үш сүю сияқты ілімдерін негіздегенде Абай жаңағы үш хикметке үнемі қол артады. Әділінде, үшкілді Абай ашқан үйлесім формуласы деуге керек. Өйткені, бұл үштік өзара байланыстағы, бірін бірі өсіретін, толықтыратын категориялар. Ислам пәлсапасына сәйкес Тәңіріні танудың шарты – көңілде махаббат тұруы. Шын иман – Жаратушыға махаббат. Сол үшін сопылықты «махаббат діні» дейді. Тақуа әулиелер Тәңіріге ессіз-түссіз ғашық болды. «Ғашықтары сол хәлге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадилар», - дейді Абай. Гәп сонда, өзі де Жаратушы Иені «жаннан тәтті» сүйді. «Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі, Өзіне құмар қылған Оның әмірі», - деп сыр ашады әулие ақын. Дей тұрса да Абай дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытқан емес. Берісі - «қалың елі, қазағы», әрісі – күллі адамзат қамы деп түн ұйқысын төрт бөлді. Абай ілімінде Алланы, адамзатты және әділетті сүюдің бір біріне шеттігі жоқ, үшеуі қосылып, иманның үш тірегі - иманигүл болып табылады. Тоқ етері, «үш сүю» Абайдың теология өрісінде ашқан тағы бір мәнді жаңалығы (Абай танымы мен суфизм ілімі арасының айырмасы деген мәселенің шешуі де осы арада).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет