«Мен дүниеде өз жұртымнан асқан ел бар деп танымаймын»



бет2/8
Дата15.02.2024
өлшемі426 Kb.
#492016
1   2   3   4   5   6   7   8
Ата шежіре 2021

Бал заманында қатал хан болған деседі. Елді қатты ұстаған хан туралы жұрт «аты Бал, ісі сал» деп мәтел шығарған. Сарарқада Балқан аталған тау да соның атынан қалған. Ал Жан мен Бек- екі ұлдың тұқымы кең тараған. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп жүргеніміз - Арыстың үш баласының аты.
Үш жүз деген де осы бір шақта бінә болса керек. Алты ұлды екі-екіден еншілес етіп қойған ата жаугершілікте оларға жүзден әскер беріп, қол басқартқан деседі. Үш жүз осыдан қалған. Бірақ мен бұл пікірдің дәлдігіне кепілдік бере алман. Ақ деген кісінің Киікбай (Кейкі) деген жалғыз ұлы болған. Одан Төбей , Моған – екі ұл. Моған да, Төбей де заманында ел билеген, хан десе де, би десе де болатын адамдар екен. Ал Моған баласы Далабай елдің батыс жағын билеуге жіберіледі. Моған мен Төбей тұсында Қытайдың біраз елі оларға алым - салық төлеп тұрған. Олардың орталығы Жетісудағы Үш шәһәрында болған. Бұл екі хан Еуропа елдерінің көбімен елшілік алысқан. Бұл біздің ұлы бабаларымызға құдай рахым қылсын, жандары жәннәтта болсын. Қазіргі хижраның 1154 жылында (1776ж*) мен Ұлы жүзбін дейтін қазақтардың бәрі дерлік Төбей тұқымы. Оны Төбей би деп те атайды. Осы жерде жүз дегеннің жалдығы да бінә болады. Өйткені алты ұлды үшке бөлді Арыс атамыз. Ал сонда Паннан бала болмапты. Анау бес ұлдың баласы неге үшеу ғана болмақ? Оның үстіне бес баланың ұрпағы үш жүз болсын, қалған үш тоқсан сегіздің үрімі қайда кетпек? Сонда Үш жүз дегеннің әншейін ғана бір борпыс ұғым екені көрінеді. Бірақ қалайда Үш жүз , әсіресе Ұлы жүз, Кіші жүз деген де атам заманнан келе жатыр.
Төбейден –Бақтияр, Байтерек, Жаңылық. Бақтияр біздің пұстамыз болғандықтан оны кейінге қалдыра тұрып, Байтерек тұқымын әңгімелейік. Байтеректің баласы Қоғам. Қазіргі Қаңлы*, Шанышқылы(Қатаған) соның тұқымы. Жаңылықтан тұқым жоқ.
Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, одан Сары, Қара, Қызыл. Міне Қара қаңлы, Сары қаңлы, Қызыл қаңлы осы болады.
Шанышқылыдан (Қатаған) Сымыршық, одан төрт бала-Айрылмас, Саңырау, Дарқан, Бектау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет