Менеджмент ұғымы және мәні, даму кезеңдері Менеджменттің даму кезеңдері Басқарудың негізгі мектептері


Қазақстандағы менеджменттің дамуы



бет3/3
Дата29.09.2022
өлшемі23.39 Kb.
#461571
1   2   3
Менеджмент ұғымы және мәні

3. Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.
Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып саналады.
Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеясына сай нақтылайды. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдпр мен әлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, яғни олардың мұң-мүддесін ескеру. Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан еліміз үшін өте маңызды.
Еліміз өркениетті ел қатарына жету үшін халықты азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ететін, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқара білу өзекті мәселелердің ең бастысы екеніне сөз жоқ.
Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К.Ғ.Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К.Б.Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты.
Қазіргі жағдайда республиканың мектептерінен бастап, барлық жоғары және орта білім беретін оқу орындарында менеджмент негіздерін оқытып, үйрету бағдарламаға енгізілді. Оның себебі нарықтық экономикада өндірістің тиімділігін арттырып, өнім өндіріп, оны сатып, пайда келтіру үшін, тұтынушылардың сұранысынан шығатындай тауар және қызмет ұсыну тек қана кәсіпорынды басқарудың барлық қыр-сырын толық білген жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан да елімізде менеджмент теорияларын жан-жақты меңгеріп, оны өмірде қолдана білу кездескен жағдайларға байланысты шешім қабылдауға бейімделіп, менеджментті дамыта түсу әрбір басшының міндеті.
Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты барлық кәсіпорындарда «менеджер» қызметі пайда болып, қазіргі менеджерлер, бұрынғы жоғарыдан бұйрық арқылы ғана өз міндетін орындайтын басшы емес, әр істің басы-қасында болып, ұйымның барлық деңгейіндегі іс-әрекеттерге қанық, іс жүзінде болып жатқан жағдайларды талдау арқылы шешім қабылдап, оны жүзеге асырушы маман, қызметкерлер. Ондай қызметкерлер менеджмент негідерін толық меңгерген, менеджерге қойылатын талаптарды нақты білетін, басқаруда бар теориялармен ғана шектелмей, ой-өрісі жоғары, жаңашыл, кез-келген тұйықтан шығатын, тапқырлық қасиеті мол, жедел шешім қабылдауға қабілетті адамдар болуы тиіс.
Кәсіпорын жұмысының нәтижесі ондағы әр саланы басқаратын менеджерлердің біліктілігіне, іс-тәжірибесіне, сөйлеу шеберлігіне тікелей байланысты болғандықтан, ұйым мүшелерінің де көзқарасы, көңіл-күйі өзгеріп отырады.
Нарықтық экономикаға дейін республикаға белгілі ғалымдар менеджмент терминін қолданбай, барлық жағдайда басқару, басқаруды ұйымдастыру деп келді. Оның себебі, социалистік қоғамда «Менеджер» деген сөз капиталистік ұғым болып саналды. К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз – жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.

Тест

  1. Менеджмент қандай жүйені зерттейді?

A) Техникалық
B) Биологиялық
C) Табиғи
D) Экологиялық
E) Әлеуметтік-экономикалық



  1. Ұйым болу үшін қойылатын талап

A) Кем дегенде екі адамның болуы
B) Несие алу
C) Бизнес- жоспар
D) Экономикалық өркендеуі
E) Ақпараттың болуы



  1. Ұйымға тікелей әсер етуші сыртқы ортаның факторлары

A) Жұмысшылар
B) Мақсаты
C) Құрылым
D) Бәсекелестер
E) Адамдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет