Менеджменттің қызметі басқару процесінің мағынасын, басқару әрекетінің түрін, басқарудың ішкі жүйесіндегі міндеттердің жиынтығын (басқару субъектісін) ашып көрсетеді. Мақсатқа жетуге негізделген бұйрықтың басқарушылық әсерін қалыптастыру басқарудың соңғы нәтижесі болыл табылады.
Менеджменттің әрбір қызметі белгілі бір басқару процесінің аясын қамтиды, ал нақты бір объектіні немесе әрекет түрін басқару –басқарушылық циклымен байланысты қызметтердің жиынтығы.
Менеджменттің қызметтері
Жоспарлау
Ұйымдастыру
ынталандыру
бақылау
Жоспарлау
Бұл әдіс арқылы басқарушылық ұйымның барлық мүшелерінің күшін ортақ мақсатқа жұмылдыруды қамтамассыз етіледі.
Жоспарлау
Жоспарлау – қойылған мақсаттарға жетуге мақсатында әсер ету құралдарын құрайтын менеджменттің негізгі қызметтерінің бірі.
Фирманың келесі дамуын анықтайтын маңызды шешімдерге жоспарлау тәсілі қолданылады.
Жоспарлаудың мәні фирманың және оның әрбір бөлімшесінің белгілі бір кезеңдегі дамуындағы мақсаттарды нақтылау: шаруашылық міндеттерді, оларға жету құралдарын, жүзеге асыру мерзімін, еңбектік, қаржылық ресуртарды анықтау.
Жоспарлау фирманың, өндірістің қалыпты жұмыс істеуіне және дамуына қолайлы жағдайлар жасайтын ішкі және сыртқы факторларды алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.
Жоспарлау
Мақсат пен міндеттің мазмұнына қарай жоспарлаудың және жоспардың келесі түрлерін ажыратуға болады:
Жоспарлау түрлері:
перспективті;
орташа жедел;
ағымдағы (бюджеттік, оперативті).
Жоспарлар түрі:
Шаруашлық қызметтің түріне қарай: өндіріс жоспары, өткізу жоспары, материалдық техникалық қамсыздандыру, қаржылық жоспар, жарнама жұмысының жоспары және т.б.