«Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ



жүктеу 98.13 Kb.
Дата11.06.2016
өлшемі98.13 Kb.


«Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім
1.КЕЛІСІМ МӘНІ

1.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі берген 08.06.1998 жылғы №ДС0000270 ККМ Лицензиясының негізінде әрекет ететін бұдан былай «Оператор» деп аталатын «Кселл» акционерлық қоғамы және Абонент арасындағы Оператордың интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар тиісті қосымша арқылы мобильді құрылғы көмегімен «Менің Kcell» қосымша қызметін ұсыну және пайдалану бойынша қарым-қатынастарын реттейді.


2. КЕЛІСІМДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

2.1. Абонент – Оператор ұсынатын ұялы байланыс қызметтерін пайдаланушы.

2.2. Сервистік нөмір – Абоненттердің сұраныстарын жіберу және уақытша Пароль алу үшін Оператормен бөлінетін 245 қысқа нөмірі.

2.3. Қызмет – «Менің Kcell» Абоненттің жеке кабинет қызметі (қолжетімділік www.kcell.kz ресми сайтынан, сондай-ақ мобильді құрылғы арқылы қосымшадан жүзеге асырылады), қызмет Абонентке кешенді алыстан өзіне-өзі қызмет көрсетуді, оның ішінде ұялы байланыс қызметтерін өздігінен өшіру және қосу, Дербес шот жағдайын тексеру, алынған ұялы байланыс қызметтері бойынша ақпарат алу, Провайдерлер қызметтері мен басқа да қызметтерді қосуға мүмкіндік береді.

2.4. Провайдерлер – Қызмет шеңберінде Абоненттерге қолжетімділік ұсынылатын банктік, ақпараттық, жадыратушы және басқа да сипаттағы қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар.

2.5. Пароль – Абонентке Қызметке қолжетімділік үшін берілетін, сандар және/немесе әріптерден тұратын құпия код.

2.6. Дербес шот – Абоненттің қызметтерді төлеуге енгізілген ақшалай қаражатының түсуі мен жұмсалуын, сондай-ақ Қызметтердің көрсетілген көлемінің есебін жүргізуге арналған Оператордың аналитикалық есеп құжаты.

2.7. Шарт – Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы Жалпыға ортақ келісімшарт.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1.Осы Келісім Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Оператормен дербес анықталатын жалпыға ортақ офертасы болып табылады және Абонентпен басқалай емес, тұтастай алғанда осы Келісімге қосылу жолы ретінде қабылданады.

3.2. Абонент келісімге келеді, бұнда Абоненттің Сервистік нөмірге қысқаша мәтіндік хабарлама жіберуі Қызметтер шеңберінде Абонентпен қосымша қызметтерді қосу/өшіруді қоса алғанда іске асырылатын Абоненттің жазбаша өтінішіне заңнамаға сәйкес теңестіріледі, алайда ұялы байланыс қызметін шектемей, егер бұндай қосу/өшіру Қызметпен қарастырылған болса, қосу/өшірудің тарифтік жоспарына тең болады.

3.3. Абонент сонымен қатар келісімге келеді, Абоненттің Сервистік нөмірге қысқаша мәтіндік хабарлама жіберуі Абонент бойынша ақпараттар қызметтері шеңберінде оған көрсетілетін Абонент келісіміне, Қызметтер шеңберінде ұсынылатын өзге ақпараттар мен қызметтер қосылған оның Жеке шотына, Абонент бойынша ақпараттар Қызметтері шеңберінде ұсынылатын Абонент келісіміне теңестіріледі.

3.4. Осы Келісім Абонентпен Сервистік нөмірге қысқаша мәтіндік хабарлама жіберілген сәттен бастап Абонентке таратылады және күшіне енеді. Қызметке қолжетімділік Абонент осы Келісімнің шарттарын қабылдаған соң ұсынылады.

3.5. Осы Келісім Шартта, Келісімде және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған негіздеме бойынша тараптардың біреуімен бұзылуы мүмкін.

3.6. Осы Келісімнің қандай да бір ережелерін жарамсыз деп тану Келісімнің өзге де ережелерін жарамсыз немесе орындай алмаушылық деп танылмайды.

3.7. Осы Келісімде қарастырылмаған өзара қатынастар Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.



4. ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

4.1. Оператор қызметтерді пайдалануда шектеулер жасауға құқылы екенін Абонент мақұлдайды. Оператор қандай да бір кідірістерге, іркілістерге, жаңылыс немесе Қызметтермен қарастырылып берілетін мәліметтерді өз уақытында жеткізуге жауап бермейді, қызметтерге қолжетімділік қаншалықты Абоненттің Қызметтерді пайдалануына тең бірқатар техникалық жағдайларға байланысты, ол Оператор ықпалы аясынан тыс орналасуы мүмкін.

4.2. Абонент Оператор Қызметтерді пайдалану нәтижесінде туындаған кез келген жағымсыз салдары үшін қандай да бір жауапкершілік атқармайтындығын түсінеді және онымен келіседі, сондай-ақ үшінші тұлғаның Қызметке заңсыз қолжетімділігі жағдайында, Қызмет жайлы мәліметтердің құпиялылығы Абонентпен бұзылу себебінен, қоса алғанда, бірақ үшінші тұлғаға Парольды немесе Қызмет бойынша өзге ақпаратты немесе Қызметтер шеңберінде алынған ақпаратты қасақана немесе абайсызда ұсынумен шектелмейді.

Абонент өз паролін үшінші тұлғаға жария етпеуі және/немесе паролін үшінші тұлға қатысуымен енгізбеуге тиісті. «Парольды есте сақтау» түймешігін басқанда, Абонент аталмыш шарттармен келісімге келеді және сол арқылы өз пароліның және жеке кабинетіне және/немесе мобильді қосымшасына кезекті кіру кезінде сақталуына жауапты болады.

4.3. Абонент Оператор кез келген уақытта Қызметті пайдалану шарттарын біртарапты өзгерете алатындығын мойындайды.

4.4. Оператормен ұсынылатын ешқандай ақпарат, ұсынымдар немесе кеңестер кепілдеме ретінде қарастырыла алмайды, өйткені оларды қолдану Оператордың бақылауынан тыс болатын өзге де жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

4.5. Оператор қандай жағдайда болмасын, Қызметтерді пайдаланудың мүмкін еместігі немесе пайдалану нәтижесінде Абонентке келтірілген тура немесе жанама шығындар немесе қателіктер, жіберіп алулар, жұмыстағы үзілістер нәтижесінде келтірілген шығындар, файлдардың жойылып кетуі, ақаулықтар, жұмыстағы немесе сұратылған мәліметтерді беру кезіндегі кідірістер үшін жауап бермейді.

4.6. Егер Операторда Қызмет заңсыз мақсатта пайдалануы туралы жеткілікті негіздемелер болса, Абоненттің Қызметке қолжетімділігі алдын ала және кезекті хабарламасыз тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.

4.7. Абонент Қызмет Абоненттер үшін ыңғайлылық мақсатында, Абонентке Провайдерлер қызметтеріне қолжетімділікті ұсынуды қарастыруы мүмкін екеніне келіседі. Абонент алдында бұндай Провайдерлердің қызметтерін ұсыну үшін жауапкершілікті тікелей Провайдерлер атқарады.

4.8. Қызметтер шеңберінде (банк шоттарының реквизиттері, карточкалары, құпия парольдар, кодтар және т.б.) қандай да бір ақпаратты Провайдерлердің (мәселен, банктерге) Абонентке ұсынғаны үшін Оператор жауапкершілік атқармайды, өйткені Оператор бұндай ақпаратты алмайды және сақтамайды.

4.9. Оператор Қызмет шарттарымен қарастырылған, бірақ Провайдермен ұсынылатын Провайдерлердің қызметтерді тиісті емес ұсынуы немесе ұсынбауы үшін жауапты болмайды. Мұндай жағдайларда Абонентке өзінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын қалпына келтіру үшін тиісті Провайдерлерге өздігінен хабарласуы қажет.

4.10. Оператор Абонентке Провайдерлер тарабынан болуы мүмкін зақым себептерін болдырмау үшін қажетті және тиісті шаралар қабылдайды. Алайда, Оператордың Абонен пер Провайдер арасындағы келіспеушіліктерге мүмкін әрекеттестігі Оператор міндеттемесі болып табылмайды және Абонент үшін даудың оң шешіміне кепілдік бермейді. Оператор Провайдерлер қабылдайтын шешімдер үшін жауапты болмайды.

4.11. Провайдерлер қызметіне төлем жүргізу (оның ішінде банктердің) Абонент пен Провайдер арасындағы шарт талаптарында (келісімдер) жүргізіледі. Оператор Абонентті осындай қызметтер құны туралы ақпараттандыра алады, алайда Абонент пен Оператор алдындағы осындай ақпараттың деректілігі туралы жауапкершілікке тиісті Провайдер ие болады.

4.12. Оператор Провайдермен Провайдер қызметтері үшін Абонентке шот ұсыну және Провайдерлер ұсынатын қызметтер құнын Дербес шоттан шығаруға уәкілетті болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Оператор Абоненттен осындай Провайдерлер қызметін төлеуді талап етуге құқылы.

4.13. Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Оларды реттеу мүмкін емес болған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде Оператордың орналасқан жері бойынша шешіледі.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Абонент қызметке үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген қолжетімділігін болдырмау және Абонент үшін қандай да бір жағымсыз салдарлардың туындауын болдырмау үшін Парольді құпия сақтауға міндеттеледі. Абонент сонымен қатар Қызмет пайдалану кезінде Абонент алған кез келген ақпаратты құпия сақтауға міндетті. Абоненттің осы тармақты бұзуы Операторды Абонент және/немесе кез келген үшінші тұлғалар алдындағы қандай да бір жауапкершіліктен босатады.

5.2. Абонент Операторға, Провайдерлерге немесе басқа да үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама зақым келтіруі мүмкін мақсаттарда Қызметтерді пайдаланбауға міндеттеледі. Осындай деректер анықталған жағдайда, Оператор алдын ала және кейінгі хабарландырусыз Қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе уақытша тоқтатуға құқылы.

5.3. Абонент Операторды қандай да бір хабарландырусыз Қызмет пайдаланудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

5.4. Абонент Парольді жоғалтып алған жағдайда жаңа Пароль алу үшін Оператордың Сервистік нөміріне қайталап SMS-хабарлама жолдауға құқылы.

5.5. Оператор Оператордың интернет-ресурсында немесе Оператордың қалауы бойынша басқа тәсілмен тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Қызмет пайдаланатын Абоненттерді осы туралы хабарландырып, Қызметтің жұмысын уақытша тоқтатып, оның бағдарламалық аппараттық кешенінде профилактикалық жұмыстар жүргізуге құқылы.

5.6. Оператор өз қалауы бойынша кез келген уақытта аталмыш Қызметті жақсартуға немесе модификациялауға, сонымен қатар өзгертуге құқылы.

5.7. Оператор Абонент осы Келісімнің кез келген тармағын, Шарт талаптарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасын бұзған жағдайда Абонентпен келісімді бұзуға құқылы.


6. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ

6.1. Оператор Қызметке тұрақты және үздіксіз қолжетімділікке кепілдік бермейді. Қызметтің жұмыс істеуі табиғи, техногендік, көпшілік, саяси немесе басқа да сипаттағы (форс-мажор) Оператор бақылауынан тыс төтеп бермейтін күш және басқа да факторлар жағдайларымен бұзылуы мүмкін.

6.2. Қызметке қолжетімділік, сондай-ақ Абоненттің Қызметті пайдалануы Оператор қызметі мен ықпалы саласынан тыс жататын техникалық шарттардың бірнешесіне байланысты болады. Егер Қызмет қандай да бір себептер бойынша қолжетімді емес болса, және егер бұл бұзушылық Оператор бақылауынан тыс жатқан себептен туындаса, Оператор жауапты болмайды.

6.3. Оператор Абоненттің деректерімен, бағдарламаларымен, конфигурацияларымен және басқа да аппараттық және бағдарламалық ресурстарымен Қызметтің үйлесімділігі үшін жауапты болмайды.

6.4. Оператор Абонент Қызметті пайдаланған кезде, немесе оған байланысты келтірілген кідірістер, төлемдер, шығындардың ешқайсысын өтемейді.

6.5. Форм-мажор жағдайы туындағанда, сонымен қатар Провайдерлерді қоса, үшінші тұлғалардың бағдарламалық-аппараттық кешендерінде апаттар мен ақаулар туындаған жағдайда, Қызмет жұмыс істеуінің тоқтатылуына немесе уақытша тоқтатылуына бағытталған үшінші тұлғалардың әрекеттері туындаған жағдайда, Абонентті алдын ала және кейінгі хабардар етусіз Қызметті уақытша тоқтату мүмкін.


Оператордың реквизиттері:

"Кселл" акционерлік қоғамы

Заңды мекенжайы : 050051, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы, 100 үй

Корреспонденцияға арналған мекенжайы: 050013, Алматы қ., Тимирязев көш., 2 г

СТН 600700171535

БСН 980540002879

ЖСК KZ539261802102350000



БСК KZKOKZKX



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет