Мерей ауылдық кітапханасы



Дата26.02.2016
өлшемі15.83 Kb.
Мерей ауылдық кітапханасы.

Мерей ауыл кітапханасы бұрын, Логашкино селолық кітапханасы - деп аталды. Кітапхана 1954 жылы 25-сәуірде ашылған. Жалпы кітапхана қоры Днепродзержинска, Харьков қаласы, Украинадан келген 1000 кітаптан құралған. Алғашқы кітапханашы - Захарова Вера Александрақызы болды. Кітапхана қорының өсу деңгейі жылдан – жылға көтерілді. 1957 жылғы есеп беруде, кітапхана көрсеткіш бойынша: кітапхана қоры - 3274. Бір жыл ішінде түскен әдебиеттер саны - 184 болған. 1971 жылдан бастап, Логашкин селолық кітапханасының кітапханашысы Пидставко Наталья Алексейқызы болды. Ол 1950 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келген. Оралдың мәдени-ағарту училищесінен 1969 – 1970 жылдарда кітапханашы мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1970 жылы Белугин ауыл кітапханасынан бастады. 1972 жылдан Логашкин селолық кітапханасында 2004 жылға дейін, 32 жыл еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Ульянов селолық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1993 жылдары кітапхана қоры – 16833, оқырмандар саны 610-ға жеткен. Ал 1978 жылы желтоқсан айыннан бастап, кітапхана Камен ауданына, орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарап, жұмысын жалғастыра бастаған. 1980 жылдан бастап кітапхана «Үздік кітапхана жұмысы» атты мәртебеге ие болды. Кітапханада «Жас өлкетанушы» үйірмесі құрылды. Қазір кітапхана – Мерей ауыл кітапханасы деп аталады. sdc11946

Кітапханашы - Сарбалинова Айгүл Темірханқызы басқа кітапханалармен байланыса отырып, іс-тәжірибе алмасып, өз білімін жетілдіруде.

Кітапханашы - Сарбалинова Айгүл Темірханқызы, 2004 жылдан бастап осы кітапханада жұмыс істейді. 1970 жылы Орал облысы, Зеленов ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2005 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кітапханатану және библиография мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2000 жылы Белугин ауылдық кітапханасынан бастаған. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мерей ауылдық кітапханасының кітапханашысы. 2007 жылы кітап қоры – 16983 болды. Әр жылдары Мерей ауылдық кітапханасында аудандық семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.



Кітапхана оқырмандары аудандық Мұқағали оқулары, Отбасылық оқу байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Сондай-ақ кітапханада «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің жұмысы жақсы жолға қойылған. Үйірме мүшелері өлкелерін зерттеп, ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттап келеді.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет