Андрондык мәденнет түрінің орнына сақ-скиф деп аталатын мәдени-тарихи қауым келді. Ежелгі гректер скифтерді ертедегі көшпелілер деп атаған. Бұл атау Батыс ғылымында қолданысқа енді, мәдени сипаты, шаруашылық түрлері, қарулары, жерлеу салттары мен сыртқы түрлерінің ұқсастығына, өнердегі сәйкестіктеріне байланысты кейін барлық көшпелі осылай аталып кетті. Алайда ертедегі гректер, парсылар мен қытайлар Далада әртүрлі тайпалар өмір сүретінін жақсы білді. Олардың сол кездегі нақты атауларын бізге жеткізді. Сондықтан қазіргі замандағы Қазақстан ғылымында бұл дәуірді Ұлы Даланың ортаазиялық бөлігінде мекендеген тайпаның атауымен - сақ немесе сақ-сармат кезеңі деп атайды
Ертедегі көшпелілер - сақтар, скифтер (көне парсыша - сака, көне қытайша - сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары - сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген. Екінші жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшінші дерек б.з.б. І мыңжылдық соңына жататын көнеқытайлық жылнамаларда баяндалады. Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сак-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардың үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар» деп атаған. Сондай-ақ сақтар хаомаваргалар туралы да айтылады. Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар (дайлықтар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондыктар туралы мәлімет береді.
б.з.б. VII-III ғғ. Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағына таралды. Тасмолалык сақтардың (исседондықтар болуы мүмкін) жерлеу құрылыстары мәйітті жерлейтін үлкен қорған мен оның мінген атын көметін жапсарлас шағын қорғаннан тұрады. Шағын қорғаннан шығысқа бағытталып. ұзындығы 20 м-ден 200 м-ге жететін екі доға тектес тас тізбектер тізіледі. Жерлеу орындарынан жылқы мен қойдың бас сүйектері, сондай-ақ жебенің қоладан жасалған ұштары, ақинақ, саздан жасалған ыдыстар, құрбандық шалатын тас пен ат әбзелдері кездеседі. Исседондықтарда қазақтың қыстауына ұқсайтын қоныстар болды. Бұл солтүстік сақтардың суық климатқа бейімделгенін көрсетеді. Қоныстардың корымының шағын болуы бытыранқы шаруашылық жүйесін көрсетеді, яғни исседондықтар шағын топтармен көшіп жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |