Мереке ауылдық кітапханасы



Дата25.02.2016
өлшемі59.1 Kb.
#20820
Мереке ауылдық кітапханасы.

Ауыл үлкендері мен тұрғындардың берген деректері мен мәліметтері бойынша Мереке ауыл кітапханасының тарихы сонау Ұлы Отан соғысына дейінгі 1940 жылдардан басталады. Мереке ауылдық кітапханасы ауыл орталығында, әкімшілік кеңсесінің жанында орналасқан. Мереке ауылы бойынша жалғыз кітапхана. Кітапхананың 17200-ден астам кітап қоры, 500-ден астам оқырман пайдаланады.Жыл бойына 15000 астам кітап беріледі. Кітапхана қоры жылына 250-300 дей жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. 2007 жылғы сәуір айынан кітапханаға компьютер берілді. Кітапхана жанында «Дені сау тұрмыс қалпы» мүдделестер клубы жұмыс істейді.Оқушыларға түрлі спорттық, тақырыптық кештер, кітап көрмелері т.с.с. іс-шаралар арқылы денсаулық пен спортты насихаттау жұмысы жүргізіледі. Мереке ауылдық кітапханашылары жылдан-жылға аудандық,облыстық кітапханалар өткізетін семинар-тренингтерге қатысу арқасында жинаған тәжірибелерді пайдаланып оқырман қауымға қызмет көрсетуде. Тасқала ОКЖ-нің №17 филиалы Мереке ауыл кітапханасының негізгі міндеті оқырмандарға кітап насихаттау жұмысын жақсарту, жаңа әдебиеттермен таныстыру. Оларға өлкетану және туған жер тарихы жөніндегі әдебиеттерді насихаттау, жасөспірімдерді мәдениет, спорт және жаратылыстану әдебиеттерін пайданлануларына көмектесу. 1940 жылдарға дейін, ол уақытта «Оқырман үйшігі» деп аталған кітапханада Абдрешева Рабиға кітапханашы болған. Оның өмірбаяны жөнінде табылған деректер, ол 1940-1946жж. кітапханашы қызметін атқарған.

Сарқұлова Сұлуқия Жұмағұлқызы1923 жылы 9-мамыр күні Жаңақала ауданында дүниеге келген. 7 жылдық білім алған. 1940 жылы Н.К.Крупская совхозында жұмысшы болған. 1941 жылы Переметный механизация мектебін бітірген. 1942-1945жж. Хабаровск аймағы Иман қаласы, 189-шы автокөлік полкінде 600-ші батальонында шофер болып соғыс жолын бастап,ефрейтор шенінде Таяу шығыста аяқтаған. 1946-1953 жылдары Н.К.Крупская атындағы /қазіргі Мереке/ совхозында оқырман үйшігініңмеңгерушісі, яғни кітапханашы қызметін атқарған. 1953 жылдан 1978 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанша Подтяжкий селосының совет председателі қызметін атқарған.

Бисекешова Жұмағаным Бисекешқызы1934 жылы 27 желтоқсанда БҚО Чапаев ауданы, Бітік ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінің ауыр балалық шағын басынан өткізіп, 9-10 жасынан еңбекке араласқан. 1950 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп жұмысшы болып совхозға кірген.1953-1956 жж. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітіріп, сол жылы И.В. Сталин атындағы (қазіргі Оян) совхозға кітапханашы болып орналасқан.1965 жылы аудандық мәдениет бөлімі қайтадан кітапханаға шақыртып, 1966 жылға дейін кітапханашы болған, 1966 жылы жолдасының жұмыс бабымен Н.К.Крупская атындағы совхозына көшіп келіп, балабақшада тәрбиеші, кітапхана меңгерушісі қызметтерінде еңбек еткен.1990 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Кеңес уақытында профсоюз(1950), комсомол(1952), партия(1962) қатарында, қазір «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Еңбек жолында комсомол және партия бюро мүшесі, облыстық, аудандық конференцияларда, аудандық партия комитетінде пленум мүшесі болып сайланған. Қазір еңбек тыл ардагері атағы бар бақытты әже.

Бохорова Лидия Васильевна1939 жылы дүниеге келген. Ауыл үлкендерінен алынған қысқаша деректер бойынша, қазір Башқортстан Республикасыныңтұрғыны, ол 1960 жылы Н.К.Крупская совхозына көшіп келген. 1960-1963 жылдары кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған.

Жұбанышева Моксина Сағитқызы1937 жылы 7 наурызда Саратов облысы Клинцовка ауданында дүниеге келген.1953-1954 оқу жылында Фурманов ауданы, Красный партизан совхозында мектеп бітіріп, Орал қаласындағы Лесная школа – бір жылдық училищесін бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысына Лениногорск қаласының Лесной техникумға жолдамамен барып 1958 жылы бітірген. Еңбек жолын Тайпақ ауданынан бастаған, 1959 жылы тұрмысқа шығуына байланысты Камен ауданына келген. 1964-1968 жылдары Н.К.Крупская совхозында кітапханашы қызметін атқарған.1968 жылы Камен ауданына көшіп кеткен.

Турегельдиева Жұмасұлу Ғабдолқызы 1949 жылы 4 қыркүйекте Орал облысы, Тасқала ауданының, Чижа-2 ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Чижа-2 орта мектебін бітіріп, бір жыл Орал қаласында Н.К.Крупская атындағы (қазір Жұбан Молдағалиев) кітапханада оқыған.

1969 жылдың қаңтар айынан Подтяжкий (қазіргі Мереке) селосында кітапханашы қызметін атқарған. 1970-1972 жылдары Ақтөбе қаласының мәдени-ағарту училищесінде оқып, бітірген соң 1973 жылы бір жыл Подтяжкий селосында кітапханашы қызметін атқарған.

Елеушева Маржан Сапиқызы 1970-1972 жылдары Подтяжкий селосының кітапханашысы қызметін атқарған.

Сидағалиева Дамира Меңдіқанқызы1963 жылы дүниеге келген. Білімі орташа-арнаулы. 1983 жылы Орал қаласының мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1983-1987 жылдары Н.К.Крупская атындағы совхоздың кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған.

Жұмағұлова Нұрлы Есімғалиқызы1962 жылы 10-тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын Орал «Меховой комбинатынан»1979 жылы бастаған. 1988 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін мәдениет үйінің меңгерушісі, 1990-1994 жылдар аралығында Подтяжкий селосының кітапханашысы қызметін атқарған.

Жаманқұлова Ақзия Қайдарқызы1963 жылы БҚО-ның Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары Орал ауылшаруашылығын механизациялау техникумын бітіргеннен кейін К.Цеткин фабрикасында есеп секторының меңгерушісі қызметін атқарған. 1984 жылы БҚО, Тасқала ауданы Мереке ауылына тұрмысқа шыққаннан кейін, 1985 жылы Мереке ауыл кеңсесінде уақытша секретарь-машинист қызметін атқарған.1992-1993 жылдары Мереке ауыл кітапханашысы қызметін атқарған.

Бахашев Салауат Мендешұлы1969 жылы 22 қазанда БҚО-ның Камен ауданы Подтяжки селосында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары Н.К.Крупская орта мектебін бітіргеннен кейін, 1987 жылдың күзіне дейін «Тұлпар» жастар бригадасында шөп дайындау жұмысында істеген. 1987-1989 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери міндетін атқарған.1990 жылы аудандық 10 айлық педагогикалық сыныпта оқыған, 1994 жылы Орал қаласында Облгаз мекемесінде операторлық курста оқып тәмәмдаған.2000 жылдың тамыз айына дейін Мереке ауылында құрылысшы, оператор жұмыстарында істеген. 2000 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытта Мереке ауыл кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда. 2003 жылы Орал қаласының Құрманғазы атындағы музыкалық колледжінесырттай оқуға түсіп, 2005 жылы Қаскелең мәдениет колледжін бітірген.

2003-2005ж.ж. ауыл жылдары қорытындысы бойынша «Қазіргі кезде ауыл кітапханасының жаңа бейнесін қалыптастыру»-атты облыстық семинар-тренингті табысты аяқтағаны үшін облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры атынан «Сертификатпен», кітапхана құжаттарын үлгілі жүргізгені үшін аудандық ОКЖ-нің директоры атынан (2006ж.), (2007ж.) кітапхана тазалығы үшін аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі атынан «Алғыс хатпен», (2007ж.) «Қадыр оқулары» байқауында «Үздік сценарий» дипломымен, 2010 жылдың бірінші жарты- жылдығындағы «Үздік көрсеткіштері» үшін аудандық ОКЖ-нің директоры атынан дипломмен, «Мұхтар Әуезовты оқимыз» акциясы аясында аудандық «Ең үздік иллюстратор» байқауының жеңімпазы дипломымен (2013ж.), «Махамбет оқулары» аудандық байқауында Мереке ауыл кітапханасының оқырманы ІІ орын (2013ж.) т.с.с. жетістіктері үшін марапаталған.

Кітапханашы С. Бахашев Қазақстанның және шет елдердің белгілі жазушылары мен басқада өнер қайраткерлерінің мерейтойларына іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жүргізу, оқырмандарды еліміздегі саяси-қоғамдық жағдайға назарын аударуға көңіл бөлу және оларға берілетін ақпараттық жұмыстың сапасын көтеру жолында еңбектеніп келеді. Бір жыл ішінде оқырмандар сұраныстары бойынша 50-ге жуық ақпараттық-анықтамалар беріледі. Оқырмандарға КББ-ді насихаттау жұмысы жүргізіледі.

Кітапхана 2003-2005ж.ж. ауыл жылдары қорытындысы бойынша «Қазіргі кезде ауыл кітапханасының жаңа бейнесін қалыптастыру»- атты облыстық семинар-тренингті табысты аяқтағаны үшін облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры атынан «Сертификатпен» және кітапхана құжаттарын үлгілі жүргізгені үшін, кітапхана тазалығы үшін аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі атынан «Алғыс хатпен» марапатталды. Аудан бойынша өткен төртінші Республикалық Оралхан Бөкей атындағы байқауға Мереке ауыл кітапханасынан қатысқан 11-ші сынып оқушысы Демеуова А. төртінші орынға ие болды.



Жылдан-жылға кітапхана оқырмандарға қызмет көрсету, кітаптарды насихаттау бағытында көпшілік шаралар өткізіуде. Соның ішінде А.Құнанбаевқа «Абай ұлы қазынамыз», «Абайды оқы, таңырқа», Ж.Жабаевқа «Дастан ата», М.Әуезовке «Қазақ әдебиетінің классигі», І.Жансүгіровке «Көп қырлы, алуан сырлы», С.Жүнісовке «Драмалық шығармашы», С.Сейфуллинге «Ұрпаққа үлгі болар ақын», Б.Майлинге «Көркем сөздің шебері» т.с.с. тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, әңгіме-шолулар өткізілді. Осы бағытта еліміздің саяси-қоғамдық жағдайынан оқырмандарды тыс қалдырмау бағытында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жылсайынғы Жолдауына және еліміздің мерекелік күндеріне «Тәуелсіздік ерлік тарихымыз», «Өлкем менің-мақтанышым», «Ел тірегі - қуатты экономикада», «Ырыс басы ынтымақ», «Жеңістің даңқы мәңгілік», «Ер есімін-ел сақтар» т.с.с., жаратылыстану ғылымдары әдебиеттерін насихаттауға «Техника және адам», «Механизаторлар сіздер үшін», «Денсау ел - ұлт саулығы», «Есірткі қазіргі заман дерті», өлкетану әдебиеттерін насихаттауға, М.Өтемісұлына «Дауылпаз ақын Махамбет», Х.Доспанова мен М.Мәметоваға «Ерлігі мәңгі батыр апалар», Ж.Молдағалиевке «Жайықтың көрнекті ақыны», Қ.Мырзалиевке «Сиқыр сазды жыршы», қазақ тілін насихаттауға «Туған тілді құрметте», «Тіл мәдениеті - ел мәдениеті», «Ел болашағы қазақ тілінде» т.с.с. тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер, әңгіме-шолулар өткізу жұмыстары жүргізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет