Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет31/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

Жиынтық (жалпы) шығындар. Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы
ТС=FC+VC
Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі: орташа тұрақты шығындар; орташа өзгермелі шығындар; орташа жалпы шығындар.


Орташа тұрақты шығындар (AFC) - Өнімнің шығарылатын көлеміне тұрақты шығындардың қатынасы
AFC = FC/Q
Орташа өзгермелі шығындар (AVC) - Өнімнің шығарылатын көлеміне өзгермелі шығындардың қатынасы
AVC = VC/Q
Орташа жалпы шығындар (ATC немесе АС) - Өнімнің шығарылатын көлеміне жалпы шығындардың катынасы:
АTC = TC/Q = AFC+AVC
Шекті шығындар (өсімді) (MC) - Өнімнің тағы бір бірлігінің өндірілуіне байланысты шығындардың өсуі:
MC = ΔTC/ΔQ = ΔVC/ΔQ
өйткені өнім көлемі өзгегенімен, тұрақты шығындар өзгермейді
Шекті шығындар (кейде өсімді, маржинальды деп те атайды) қосымша бір бірлік өнімді шығарғанға жұмсалған шығын өсімі. Жоғарыда айтылғандай, тұрақты шығын шығарған өнім көлеміне байланысты өзгермейді. Сондықтан, шекті шығындарды қосымша бірлік өнім шығарғанда жұмсалған шығын өсуі (немесе кемуін) тек өзгермелі шығынмен анықталады. Себебі, ол, өнім шығарудың көлемін бір бірлікке көбейткенде кәсіпорынға қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді.
Кәсіпорын өз іс-әрекетінде шығындарды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шығындар өнімін шығару үшін өзі өндірмей сырттан алған өнімдерге ақшалай бөлінген шығын. Мысалы: жабдықтаушыларға көрсеткен еңбек қызметі, шикізат, отын, транспорт қызметі, энергия т.с.с. Ішкі шығындар - кәсіпорынның меншігіндегі және өз еркімен пайдаланылған ресурстар шығыны.
Кәсіпорын экономикалық талдау процесінде басқа да өндіріс шығындарының түрін қолданады. Олар: алмастыру (балама) шығыны (немесе жіберілген қате мүмкіншілігінің шығыны), қайтарылмаған шығындар, трансакциялық шығындар т.б.
Кәсіпорынның тәжірибедегі өндіріс шығынын есептегенде және іс-әрекетін талдағанда Батыс және ТМД елдерінде ұқсастық та, ерекшелік те бар. ТМД елдерінің кәсіпорындарында өзіндік құн категориясы кеңінен қолданылады.

Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:



  1. Жалпы табыс – TR=P*Q

2.Орташа табыс AR=TR/Q= P*Q/Q=P
3. Шекті табыс MR= ΔTR/Δ Q
Фирманың басты мақсаты - пайда табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет