Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Экономикалык белсенді халықты әлеуметтік қорғау бірнеше бағытта іске асырылады



бет48/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

Экономикалык белсенді халықты әлеуметтік қорғау бірнеше бағытта іске асырылады:
1) мемлекеттін мамандарды дайындау және қайта дайынлауга байланысты шаралары:
2) еңбек және өндірістік процесіндегі іс-әрекет қабілеттілігін іске асыру мүмкінідктерін қамтамасыз ету шаралары
3) еңбек және өндіріс іс-әрекет процесін қамтамасыз етуіне байланысты шаралар
4) еңбек адамдарын жұмыспен қамту үшін жаңа жұмыс орнын жасауға және оларды қолдауға бағьтталған шаралар
Әлеуметтік кепілдік жүйесі төмендегідей негізгі элементтен құралады: білім алудың тегіндігі мен жалпыга бірдей мүмкінділігіне міндеттілігі; еңбек және өндірістік іс-әрекет процесіндегі қабілеттілігін іске асыруға міндеттілігі; еңбекке мәжбүрлікті жібермеуге міндеттілігі және жұмыссыздыққа байланысты шығындарды минимизациялауға міндеттілігі
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру екі әдістемемен жүргізілуі мүмкін әлеуметтік және нарықтық.
Әлеуметтік әдістеменің шамалауынша, қоғам өз мүшелерінің табысының кедейлік деңгейінен төмендеп кетпеуіне кепілдік беруі.
Нарықтық әдістемеде қоғам әрбір мүшесіне тек экономикалық белсенділігін іске асыруға, табыс табуға жағдай жасауды өз міндетіне алады.
Әлеуметтік саясатты қалыптастырғанда екі әдістемеде әлеуметтік саясаттың көрсеткішінің нәтижелілігін сипатгайды немесе халықтардың өмір сүру деңгейін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының ерекшелігі экономиканын орталықтандырылған типінен орталықтандырылуға өткен кезенде шығындарды минимизациялауга бағытталғандығында. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдем ақы - оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға құқылығы, меншікке құқы және одан табыс табу.
Түрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді Тұрғындардың табысын индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша - тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляциянын әсерінен болған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен саяқ немесе түгел орнын толтырады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

  1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көрсетуде бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

  2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.

  1. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады [6].

Осы келтірілген негізгі бағыттар мен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта дайындайды, тұрғындардың жеке топтары үшін әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік топтардың, қоғамның ішіндегі баска да топтарынын арасында әл аукатын, өмір деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін жағдай жасау, әлеуметтік кепілдеме беру, қоғамдық өндіріске катысу үшін экономикалық ынталандыруды қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет