ТҮРКІСТАН-СІБІР ТЕМІРЖОЛЫ(ТҮРКСІБ)
Уақыт:
Оқиғалар:
1927 жылы
Магистральдің құрылысы басталды. І бесжылдық жылдары халықтық құрылыс атанған
нысан. 100 мың адам еңбек етіп, 200 млн сом ақша жұмсалып, 10 мың қазақ
техник,теміржолшы, құрылысшы, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді.
Құрылыс басында:
▪ В.С.Шатов - Түрксіб құрылыс бастығы
▪ Н.Нұрмақов - Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы(Республика Халық
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы)
▪ Т.Рысқұлов - РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін
арнаулы комитет басшысын қызметін атқарды(РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің
төрағасының орынбасары)
▪ М.Тынышпаев - темір жол маманы, инженер қызметін атқарды(Т.Рысқұлов ұсынысы
бойынша).
▪ Д.Омаров -қатардағы жұмысшыдан, Түрксіб теміржол құрылысының бастығы
қызметіне көтерілді.
▪ М.Қазыбеков - қарапайым жұмысшыдан «Қазақкөлік-құрылыс» тресінің бастығына
дейін қызметі өсіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алды.
1930 жылы
28 сәуір
Айнабұлақ станциясында солтүстік пен оңтүстік жолдар түйісіп, жол уақытша іске
қосылды. Алғашқы поезды түңғыш қазақ машинисті Көшкінбаев жүргізді.
1931 жылы
қаңтар
Түрксіб теміржолы толықтай пайдалануға берілді
(5 жылға жоспарланып, 3 жылда салынып бітті).
Маңызы:
➢ Орта Азияны Сібір аудандарымен жалғастырды
➢ Елдің шығыс аудандарының мәдениеті мен экономикасының өсуіне ықпал етті
В.С.Шатов
Т.Рысқұлов
М.Тынышбаев
Достарыңызбен бөлісу: |