Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы xixғасырдың бірінші жартысы мен XX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын, философ, тарихшы, фольклоршы. М-ж



Дата09.06.2016
өлшемі56.14 Kb.
#126112
Негіздеме
         Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы XIXғасырдың бірінші жартысы мен XX   ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын, философ, тарихшы, фольклоршы. М-Ж. Көпейұлы ­ өмір сүрген дәуірі, қоршаған ортасы жағынан, тыныс тіршілігі алған рухани нәрі Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам.

         М-Ж. Көпейұлының өз тұстарынан артықшылығы ­ бір ғасырды Абаймен аяқтап, екінші ғасырды кеңес дәуірі ақын-жазушыларымен бастады.  М-Ж. Көпейұлының үш кітабы: «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сары арқаның кімдікі екендігі?» 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрді.

         М-Ж. Көпейұлының әсіресе «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» Ресейлік патша үкіметіне зиянды, көтерген идеясы теріс болып көрінді, ақын ұзақ жылдар қуғында болды. Бұл кітаптың идеясы қоғамдық формация өзгерген соң да қызыл кеңесшілерге ұнамады.

Кеңес дәуірінде М-Ж. Көпейұлының бар-жоғы 2 томы жарық көрді (1990, 1992 ж.). Ақын шығармаларын, шығармашылығын шыны керек, Қазақстан Республикасы егемендігін алған соң ғана кеңінен насихаттауға мүмкіндік тиді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Мәдени мұра» орта арнаулы бағдарламасын қолға алғаны М-Ж. Көпейұлының мол мұрасын жарыққа шығаруға қозғау салды. Айталық, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы құрылды. М-Ж. Көпейұлының     шығармаларының жоспардағы 20 томдығының 15 томын басып шығарды. Ақын кесенесі 2006 жылдың 11-қарашасында ашылды. Жерлесіміз  Мәшһүр Жүсіптің туғанына 2008 жылы 150 жыл толды.

         М-Ж. Көпейұлы ғылымның қай саласын алсақ та қалам тартқан кісі. Дін, философия, тарих, фольклор, тіл, шығыс әдебиеті, орыс әдебиеті т.б. Әттең, өкініштісі сол, М-Ж. Көпейұлы Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты Кеңес дәуірінде зерттеліп, халқына ерте танылмады. Сондықтан да, қазақ жұртшылығы түгіл өз ұрпақтары, павлодарлықтар да Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларын аса терең біле бермейді.

Павлодар облысы көлемінде өткізілетін «Мәшһүртану» бағдарламасын дайындау қолға алынды. Ол үшін Республикалық «Абай оқулары» сияқты алқалы  «Мәшһүр-Жүсіп оқулары » атты республикалық байқауын өткізуді қолға алатын кез келді. Осыған орай, республика оқушыларының танымдық  қызығушылығын арттыру және ақын, тарихшы-философтың шығармашылығын зерттеуді жұмылдыру мақсатында осы форумды өткізу жоспарланып отыр.

        

Мәселенің идеясы

- Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жалпы ұлттық менталитетті қалыптастыруға әсер етеді.       



Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды тәрбиелеу

Міндеттері:

  • Мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау;

  • Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, философиялық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

  • Оқушыларды ақынның шығармаларына, ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

  • Ақынның шығармаларын зерттеушілерді, тарихи тұлғаларды, маңызды мәдени тарихи жәдігерлерді және өлкетанушыларды облыс, республика мектептерінде кеңінен насихаттау.

 

Форумның өтілу тәртібі мен шарттары:

Форум бір кезеңнен тұрады.

 

І кезең үш бағытта өтеді.

I-  бағыт : «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»

Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының шығармашылық тақырыптары бойынша мүшәйра. Қатысушылар  берілген тақырып бойынша (мысалы, «Анама хат») осы өлеңнің идеясын, тақырыбын дамытып, өздері ойдан өлең шығарып, шығарған өлеңдерін мәнерлеп, образға кіру арқылы  оқиды.

- «Анама хат»

- «Ана тілі туралы»

- «Аңыз-хиқаяттар»

- «Ақыл туралы»

- «Тіршілік қамы»

 

II-  бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»



Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты дайын ғылыми зерттеу жобасын қорғау (қорғауға берілетін уақыт 7-8 минут). Ғылыми жобаға қойылатын талап  оқушылардың ғылыми жобалар ережесіне сәйкес негіздеме бойынша жазылады.

 

ІІІ – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»



         -  Мәшһүр – Жүсіптің  шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазу (А4 форматында бір бет, орындалуы 2 сағат).

  

Бағалау критериі:

«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» оқушылардың интеллектуалдық аймақтық фрумынабақ сынау үшін қатысатын оқушылардың еңбектері әр бағыттар төмендегідей ұпаймен бағаланады:

I -  бағыт : «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»



  • Тақырыпты қаншалықты дамытты                              15 ұпай                                           

  • Оқушының жеке өзінің қөзқарасы                                    15 ұпай

  • Өлең құрылысы теориялық тұрғыдан қаншалықты сақталды

                                                                                                         10 ұпай

  • Мәнерлеп оқуы                                                                   10 ұпай    

                

II-  бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»



  • Тақырыптың өміршеңдігі 

          (теориялық және практикалық маңызы )                 13 ұпай                                             

  • Ғылыми жаңалығы                                                              20 ұпай

  • Қойылған тұжырымдары                                                    20 ұпай

  • Алынған нәтижелері                                                           30 ұпай

  • Жұмыстың орындалу сапасы                                               7 ұпай

  • Ғылыми жұмысты дәлелдеудегі шеберлігі                       10 ұпай

 

III – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»



  • Тақырыптың ашылуы                                                          20 ұпай

  • Оқушының стилі                                                                  20 ұпай

  • Грамматикалық сауаты                                                        10 ұпай

 

 Марапаттау рәсімі:

Форум жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, жеңімпаздардың мұғалімдері алғыс хатпен марапатталады.

 

Форумды  ұйымдастырушылар:

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы;

2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы;

3. Павлодар облысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.

 

Форумның  өтетін орны мен уақыты:

Павлодар облысы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі (Толстой көшесі, 85)

Өтетін мерзімі: 4 мамыр 2012 жыл, тіркеу - сағат 9.00-де.

 

        Форумға  қатысушылар:

Облыстық, аймақтық жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 7-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.

Облыстық, аймақтық білім беру ұйымдарынан форумға үш оқушыдан тұратын бір топ қатыса алады.

 

Жұмыс органдары:

Форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде Облыстық  ұйымдастыру комитеті құрылады.

            - облыстық  ұйымдастыру комитеті Республикалық байқаудың жалпы тәртібін белгілейді;

-  тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

- байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап

қорытады ;

-  форумның өту барысын БАҚ жариялайды.

 

Қазылар алқасы:

 «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» оқушылардың интеллектуалды турнирініңқазылар алқасы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерден тұрады.

Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелеріне алдыңғы кезеңдердегі қазылар алқаларының құрамына кіруге болмайды.

Қазылар алқасы:

      - қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бағалау критерий        жүйесімен бағалайды;

 -   қатысушылардың өнеріне бағалаудағы даулы мәселелерді

талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

 -   жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет