Месопотамия өркениеті тексерген: ҚҰдайбергенов серғазы ережепұлы жасаған топ мүшелері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі1.81 Mb.
#461035
1   2   3
Ежелгі месопотамия өркениеті Pdf

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл
заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің
заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи
заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса
маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына
жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 —
1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының
орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол
жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. 
Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның
неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, 
тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба
жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні
кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда
әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы
дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар
азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар
белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша
қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы басқа.




Навуходоносор І б.з.б. 1124 – 1103 жылдары патшалық етті. Ол
Вавилонға жойқын шапқыншылық жасап тұрған эламдықтарды
қирата жеңді. Навуходоносор I-нің кезінде Вавилонда қысқа мерзімді
гүлдену кезеңі өтті.

Навуходоносор II Вавилонда б.з.б. 605 – 562 жылдары патшалық
құрды, таққа отырғаннан кейін Кархемиштің (Сирия) түбінде
египеттіктерді тас-талқан етіп жеңіп, Сирия мен Палестинаны басып
алды. 601 жылы Египетке жорық жасады. 599 жылы әскерді қайта
жасақтап, 598 жылы Солтүстік Арабияға жорық ұйымдастырды. 597 
жылы Иерусалимді басып алып, 3 мың иудеялықты тұтқынға түсірді. 
587 жылы (кейбір деректерде 586 жылы) Иерусалимді екінші рет
басып алып, қаланы қиратты. Иудея[2] патшалығын жойып, оны
Вавилон провинциясына айналдырды, елдің 9 мыңдай тұрғынын
құлдыққа айдап әкетті. Навуходоносор ІІ-нің кезінде Вавилон өзінің
экон. және мәдени гүлдену шегіне жетті. Үлкен құрылыстар жүргізілді
(бұл кезеңге Вавилон мұнарасы мен әйгілі аспалы бақтардың
құрылысы да жатады). Вавилонның айналасына қуатты бекіністер
тұрғызылды.



БАБЫЛДЫҢ АСПАЛЫ БАҒЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет