Меңсулу рахматолла



жүктеу 25.71 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі25.71 Kb.
Меңсулу РАХМАТОЛЛА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті
МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ - ҚИЫН МӘСЕЛЕ
Жусіпбек Аймауытовтың: "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ бүның өзі улкен икемділікті қажет етеді. Бул - жай күн өткізу, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне біткен ыңгайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жүмысы өнімді, берекелі болмақ" дегені Ұлттық бірыңгай тестілеуді артта қалдырған түлектерге арнап айтылғандай.
Бүгінде көптеген талапкерлерді, бір жағынан, ата-аналары ақыл-кеңестерімен алқымнан алса, екінші жағынан, шәкірттерінің күні ертең кім боларына алаңдаған мектеп ұстаздары да ұсыныстарын айтуда. Кәсіп туралы көзқарастары қалыптаспаған, еңбек нарығында қандай мамандықтардың сұранысқа ие екендігінен хабары жоқ болашақ студент: "Бір жөні болар" деген оймен қүжатын кез келген жоғары оқу орнына тапсырады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Себебі, талапкер мектеп жасынан бастап мамандық таңдауға дайындалуы тиіс.

"Ізденген жетер мұратқа" демекші, мамандықты дөп басып таңдаған жастар болашақта өз саласының білікті маманына айналса, ¥БТ-да алған балына қарай көсілген жас балы жетіп тұрған мамандыққа оқуға түспеске басқа амалы жоқ. Мұндай түлектердің басым бөлігі дипломдарын алған соң екі қолға бір курек таба алмай жүргенін білеміз. Жұмыс болғанның өзін-де жүрегі қаламаған, көңілінен шықпаған салада жұмыс істеуге мәжбур. Амалы кұрыған кейбір түлектер қайтадан оқуға түсіп, өзге мамандықты меңгереміз деп алтын уақыттарын сарп етуде.

Нарыктың дәурені жүріп турған уақытта балаға жоғары білім беру ұшін қомақты қаражат қажет. Өкінішке қарай, қажетті қаражатты кейбір ата-аналардың қалтасы көтермейді. Ақылы оқуда жүрген студенттеріміздің жағдайын оқудың қиындығы емес, сол оқуға төленетін қаржының қынжылтатыны сөзсіз. Себебі, оқудың бағасы жылдан-жылға өсіп, шарықтап барады. Мысал келтіретін болсақ, журналистика мамандығын таңдаған студенттер осыдан екі жыл бұрын бір жылға 225 мың теңге төлесе, өткен жылы ол баға 370 мың теңгеге дейін көтерілді. Келесі жылы 400 мың теңгеге көтеріледі-міс. Алысқа бармай-ақ, өзіммен бірге журналистика мамандығы бойынша оқып журген се-гізіміздің барлығымыз грантқа түсіп, тегін оқып жатырмыз деп айта алмаймын. Ай сайын оқудың қаржысын телер кезде құрбыларымның ата-аналары қиналары сөзсіз. Бірақ соған қарамастан, қайткен күнде де баламды оқытамын деген байғұс ата-ана несие алып, сау бастарына сақина тілеп алып жатыр.

Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіргендердің дені-заңгер, экономист, кеденші. Олар оқуға тусер сәтте сол .кәсіп иелерінің болашағы зор деген ойда болған. Десек те, қазіргі таңда нақ осы бөлімдерде оқыған жастардың таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасулары екіталай. Мамандық таңдауда әу баста қателескен жастар төрт жылдан соң жаңылғандарын тусініп, бармақтарын тістеуде.



Біле білсек, жастарды кәсіби-техникалық білім берумен қамту мәселесі - басым бағыгтардың бірі. Атап айтқанда, қазіргі таңда ауыл шаруашылығының мамандары жеткіліксіз. Облысымыздағы өндіріс орындарында да білікті мамандарға деген сұраныс артып жатыр. Сондай-ақ, ауылды жерде агроном мамандары тапшы. Яғни, сүраныс көп те, жүмысқа кірер білікті маман жоқтың қасы. Сондықтан, болашақ талапкерлер мамандық-ты таңдай білудің өзі үлкен жауапкершілікті талап ететінін есте ұстаулары керек. Жастар техникалық және жұмысшы мамандықтарға көңіл бөлсе, нұр үстіне нұр болар еді.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 19 маусым


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет