Металдарды қысыммен өңдеу. Жалпы мағлұматтар



бет3/4
Дата06.01.2023
өлшемі164.48 Kb.
#468174
түріҚұрамы
1   2   3   4
Жалпы мағлұматтар

Еркін соғу
Соғу және штамптаумен металл бұйымдар - шыңдалған болат, сонан соң олардан машиналар, приборлар, агрегаттар ж.с.с кететін бөлшектер алады. Кейбір жағдайларда, штамповкамен тікелей дайын бөлшектер алынады.
Шыңдалған темір бөлшектерден әдібімен поковканың металынан кезекті механикалық өңдегенде алынатын белгілі қабатымен өзгешеленеді.
Соғу мен штамптау өнеркәсіп салаларының барлығында ол әсіресе машина жасауда қолданылады. Штамповка процестері сондай-ақ металл емес бұйымдар өндірісінде мәнді роль атқарады.
Соғылған және штампталған бұйымдар механикалық қасиеттері құйылған бұйымдардың немесе шыбықтардан, тілім темірлерден және басқалардан кесіп алын-ғанның механикалық қасиетінен жоғары. Бұл қысыммен өңдегенде металл талшықтары бұйым пішініне сәйкес (4.6-сурет) қайта орналасуына байланысты түсіндіріледі. Талшықтары осылай орналасқан бөлшектер қиылған талшықтары болатын бөлшектерден берігірек.
Соғу - престеу өндірісінде металды еркін соғу және штамптау болып бөлінеді.

а-кесіпөңдеуденкейінгі; б-соғудан (штамптаудан) кейінгі
4.6 - сурет – Иінді біліктегі талшықтардың орналасу сұлбасы
Еркін соғу престі немесе молотты қолданумен жүргізіледі. Қолмен еркін соғуды тек жеке ұсақ шыңдалған темірлер үшін негізінде жөндеу шеберханаларында және цехтарда қолданады. Ірі (салмағы 350кг жоғары) және орташашыңдалғансоғуәдісіменжасайды. Еркінмашинадасоғумен, мысалыірібіліктерді, дискілерді, роторларды, құрсауларды (бандаждар), шығыршықтарды алады.
Машинада соғуда дайындамаларды молотқа немесе преске қолмен немесе арнайы машиналармен (манипуляторлармен, кранмен және т.б.) апарады. Соғу процесінде дайындаманы ауыстырғандағы еңбекті жеңілдету үшін қосымша аспаптар - патрондар, айырлар, қысқаштар қолданылады.
Еркін соғудын негізгі операциялары: а-отырғызу, б-сындыру, в-созу, г-кеңейту, д-кесу, е-тіктесу, ж-ұзарту (4.7-сурет).
Иілген өсті шыңдалған темірді алу үшін ию операциясын қолданады.
Ұсақ бұйымдарды еркін соғу мен пневматикалық соғу молоттарында, ірі шыңдалған темірлерді бу-ауалы соғу молоттарда, өте ірілерді гидравликалық престерде алады.
Пневматикалық молоттың түсетін бөлігінің (поршень, шток және баба) салмағы шамамен 50-кг-нан 1т дейін. Шаботтың массасы 15-20 рет түсетін бөлігінің салмағынан көп болу керек. Молот тоқпағының соғу саны минутіне 70-190-ге тең.
Бу-ауа соғу молоттары қозғалысқа тиісті құрылғылар арқылы бумен немесе қысылған ауамен келтіріледі.

а - отырғызу; б - бөлігін шөгу; в - созу; г - кеңейту; д - кесу; е - тік тесу; ж - ұзарту
4.7 - сурет - Еркін соғудың операциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет