Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe
Mg + CO2=MgO + CO
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:
Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2
2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl
Металдарды алу әдістері
Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.
Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотация әдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.
Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.
Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;
Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);
Мn - Қаражал, Жезді;
Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;
Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;
Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов, Сарыбай, Лисаковск;
W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);
Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;
Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.
Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:
пирометаллургия,
гидрометаллургия,
электрометаллургия.
Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |