9.2 Антифрикциялық шойындар
Олар сырғанауды қамтамасыз ету үшін, төлке мойынтіректерін және басқа да металмен үйкелістік жұмыс атқаратын тетіктерді жасауда қолданылады. Көбінесе майлау материалдарымен бірге пайдаланылады. Мұндай шойындар
3 – кесте. Антифрикциялық шойынның маркалары
|
C , %
|
Si, %
|
Mn, %
|
P, %
|
S, %
|
Cr , %
|
Cu, %
|
Ni, %
|
Ti, %
|
AЧC-1
|
3.2-3.6
|
1.3-2
|
0.6-1.2
|
0.15-0.4
|
0.12
|
0.2-0.5
|
1.5-2.4
|
|
|
AЧC-2
|
3.2-3.8
|
1.4-2.2
|
0.3-1.0
|
0.15-0.4
|
0.12
|
0.2-0.5
|
0.2-0.5
|
0.2-0.5
|
0.03-0.1
|
AЧC-3
|
3.2-3.8
|
1.7-2.6
|
0.3-0.7
|
0.15-0.4
|
0.12
|
|
0.2-0.5
|
|
0.03-0.1
|
үйкелісті басу үшін (үйкеліс коэффициенті төмен) керек, демек, антифрикциялық қасиеті жоғары. Шойынның антифрикциялық қасиеті оның негізіндегі перлит пен ферриттің ара қатысымен және графиттің мөлшері мен формасы арқылы анықталады.
Құрамындағы фосфордың мөлшері басым (0,3-0,5%) перлитті шойындардан поршеньдердің балдағы жасалады. Балдақтың тозуға төзімділігін жұқа перлитпен біркелкі тегістеліп орналасқан фосфидтік эвтектикадан тұратын шойынның металдық негізі қамтамасыз етеді.
9.3 Шар тәрізді графитті аса берік шойын
Кристалдану кезінде құйма құрылымында пайда болатын шар тәрізді графиттен тұратын шойын аса берік шойын деп аталады (46 - сурет).
Шар тәрізді графит сырт көлемінің кішілігіне байланысты тілімшекті графитпен салыстырғанда металдың негізінің беріктігін түсірмейді және кернеудің туындауына жол бермейді.
Шар тәрізді графитті алу үшін сұйық металға магний (0,03-0,07%) енгізіліп, шойынды модификаттайды. Магнийдің әсерінен кристалданған графит тілікшелі емес, шар тәрізді болып қалыптасады.
Шар тәрізді графитті шойындар жоғары механикалық қасиеттерімен қатар құймалық қасиетін де жоғалтпайды, тозуға төзімді.
Шойынның құрамы: 3.2-3.6 %C; 1.6-2.9%Si; 0.3-0.7%Mn; < 0.02%S; < 0.1% P.
Маркілеу принципі: BЧ 40, BЧ 45, BЧ 50, BЧ 60, BЧ 70, BЧ 80
Ферритті - BЧ 35, BЧ 40, BЧ 45 : 0,2 220-310 МПа, 22-10, 140-225НВ
КС 300-380 Нмм³²
Перлитті - BЧ 50, BЧ 60, BЧ 70, BЧ 80, BЧ 100: 0,2 370-700; 7-2;
153-360 НВ, КС 180-250 Нмм³²
Аса берік шойыннан автомобильге иінді білік, цилиндр қақпақтары, басқа құймалы тетіктер; ауыр машина жасауда - илемдік орнақтың көп тетіктері, ұсталық баспақтау жабдықтары; химиялық және мұнай өндірістерінде – сорғы, желдеткіш тұрқылары жасалынады.
Құймалардың механикалық қасиеттерін жақсарту, ішкі кернеулерін жою үшін жасыту, нормальдау, шыңдау және босату сияқты термиялық өңдеу түрлері қолданылады.
Шар тәрізді графиттелген антифрикциялық шойындардың AЧB - 1 және
AЧB - 2 маркалары дайындалады.
AЧB -1 (2,8-3,5 %C; 1,8-2,7%Si; 0,6-1,2%Mn; 0,7%Сu ). Құрылымы – перлитті.
AЧB -2 маркасында кремний үстем болады (2,2-2,7% Si) және құрылымы ферритті-перлитті (~ 50% перлит ).
а) б)
в)
а) беті химиялық реактивпен әрекеттеспеген шлиф; б) перлитті шойын; в) ферритті шойын;
46 – сурет. Шар тәрізді графитті шойынның микроқұрылымы.
а) б)
а) ферритті соғылымды шойын; б) перлитті соғылымды шойын
47- сурет. Соғылымды шойынның микроқұрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |