10.5 Перлиттік өзгеру
Асыра суытылған аустениттің перлиттік өзгеруі 5000С-та ( 51-сурет) өтеді. Мұндай процесте α→γ аллотропиялық өзгеріс жүреді және аустениттегі көміртегінің диффузиялық орын ауыстыруына қарай келесі ферритті-цементитті құрылым түзіледі:
A→ Ф + Fe3C
Аустенит көміртегіне кедей феррит (0,02%) пен құрамында 6,67% көміртегі бар цементитке ыдырайды. Алғашында карбид (цементит) түзіледі де, оның бөлшектерінің дамуы аустениттің көміртегіне кедейленуіне әкеліп соғады да, осылай тұрақсызданған аустенит аллотропиялық γ→α өзгеріске ұшырайды.
Ферриттің кристаллиттері цементиттің шекарасында туындайды. Әрі қарай өскен ферриттің кристалдары аустениттің аллотропиялық γ→α өзгеруіне қиындық туғызады. Осылай карбидтің бөлшектерінің туындап, әрі қарай өсу процесі ферриттің кристалдарының өсуіне және жаңа кристалдарының пайда болуына жағдай тудырады. Сонымен, феррит пен цементиттің кристалдарынан бірігіп өскен перлит колониясы құрылады.
Перлиттік өзгерудің өнімдері қалыңдығы әртүрлі тілімшекті құрылыс құрады, оларды перлит, сорбит, троостит деп ажыратады. Суыту дәрежесі артқан сайын ферритті-цементитті құрылым жұқара түседі, тілімшектердің ара қашықтығына (∆0 )қарай қаттылығы өзгереді:
Құрылымы........... перлит сорбит троостит
∆0 , мкм ............... 0,6 .....1,0 0,25.....0,3 0,1....0,15
НВ........................ 180.....250 250.......350 350.....450
10.5.1 Эвтектоидқа дейінгі және эвтектоидтан кейінгі болаттағы аустениттің изотермиялық өзгеруі
52- сурет. Темір-цементит диаграммасы(а), эвтектоидқа дейінгі (0,45%) болаттың изотермиялық өзгеру диаграммасы (б), эвтектоидтан кейінгі (1,2%) болаттың изотермиялық өзгеру диаграммасы (в):
А-аустенит; П- перлит; Ф – феррит; Б- бейнит; М- мартенсит.
Эвтектоидқа дейінгі және эвтектоидтан кейінгі болаттың эвтектоидты болаттан өзгешелігі жоғары температура аралығында алғашында эвтектоидқа дейінгі болаттан үстем фаза-феррит, ал эвтектоидтан кейінгі болаттан цементиттің бөлінуінде. Температура төмендеген сайын бөлініп шығатын үстем фазалардың (феррит пен цементит) саны азая бастайды. 52-суретте көрсетілгендей аустениттің құрамындағы көміртегінің көбеюі оның тұрақтылығын нығайтады (изотермиялық диаграммадағы сызықтар оңға қарай жылжиды).
Достарыңызбен бөлісу: |