Металл материалдары



бет9/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Металл материалы (1)

3.2 Химиялық қосылыс

Химиялық қосылыстың негізгі ерекшеліктері: қорытпа құраушы компоненттердің бастапқы кристалдық торларын сақтамай өзгеше, жаңадан кристалдық тор құруы; балқу температурасының, химиялық құрамының таза металға ұқсас тұрақты болуы. Химиялық қосылыстағы қорытпалардың қасиеттері оны құраушы компоненттердің қасиеттерінен мүлде өзгеше.


Металдық химиялық қосылысты екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ – валенттік қосылыс тобы. Химиялық құрамы тұрақты, формуласы осы қосылысты құраушы атомдардың валенттігімен анықталады. Валенттік қосылыс металл мен металл емес элементтер (O, S, Cl, т.б.), тотықтыр (FeO. Al2O3), сульфидтер (FeS, MnS), хлорид (Fe3 Cl2) түзетін кірмелер түрінде кездеседі.
Екінші топ – металдық қосылыс тобы. Металдық қосылыс металдың байланысы басым атомаралық байланыс түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Соған орай металдық қосылыстар металдың жылтырлығымен, электрөткізгіштігімен т.б. сипатталады. Бір металл басқа металдармен қосылып интерметаллидтер немесе металл мен металл емес (Н, С, О) қосылып нитридтер, карбидтер, гидридтер т.б.металдық байланысты қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар беттік центрленген, гексагональды тығыз тор сияқты қарапайым, болмаса күрделі кристалдық торлар құрады. Тордың түрі металл емес компоненттің атомдық радиусының металл атомының радиусына қатынасы арқылы анықталады. Қарапайым тор құратын қосылыс ену фазасы деп аталады. Химиялық формуласы MeX, Me2X, MeX2 т.б. белгіленеді. Мұнда Me – металл, X – металл емес компонент, мысалы Fe2N, Fe4N, WC. Химиялық қосылыс химиялық формула арқылы көрсетіледі, мысалы AmBn.


3.3 Қорытпалар құрылымы

Металл қорытпаларының құрылысы оны құраушы компоненттердің бір-бірімен әрекеттесуіне қарай қалыптасады. Жоғарыда көрсеткендей құрылым түсінігіне фазалардың қорытпадағы орналасу реті, формасы және өлшемі жатады.


Қорытпаның құрылымы микроталдау арқылы қаралады. Бір-бірінде қатты күйінде толық еритін компоненттердің микроқұрылымы қатты ерітінді кристалдарынан құралады (19, а - сурет). Мұндай қорытпа бір фазалы. Қалыпты температурада еруі шектеулі қорытпаның микроқұрылымы осыған ұқсас. Еруі шектеулі қорытпалардың микроқұрылымы екі немесе одан көп фазалардан құралуы мүмкін. Егер қорытпадағы ерігіш компоненттің мөлшері берілген температурадағы еру шегінен асып түссе, онда құрылым матрицадан (негізгі қатты ерітінді) және үстем түскен компоненттен бөлініп шыққан бөлшектерден тұрады. Мысалы, негізі алюминий, магний, темір т.б болатын қорытпаларда құрылатын құрылым негізгі еріткіш металдың қатты ерітінділерімен бір немесе бірнеше химиялық қосылыстардан (CuAl2, Al2Mg2, Fe3C, т.б.) тұрады. Баяу суытылған қорытпаларда мұндай фазалар мейлінше ірі мөлшерлі, тепе-тең бөлшектер түрінде қатты ерітінділер шекарасы бойымын бөлініп шығады (19,б сурет). Қорытпаларда эвтектика атаулы құрылымдар жиі кездеседі. Эвтектика – екі немесе одан көп фазалардан ( мен  қатты ерітінділері немесе  қатты ерітіндісі мен химиялық қосылыс) тұратын формасы тілімшекті, өзара бірыңғай қайталанып отыратын колониялық құрылым (19, г-сурет). Осы құрылыммен қатар эвтектикада  мен  қатты ерітінділерінің ерекшеленген кристалдарының болуы да мүмкін (19,г,д-суреттері). Қорытпалардың құрылымы, олардың фазаларының құрамы, демек, қасиеттері қорытпаның құрамы мен өңделу жолдарына тікелей тәуелді.

а) Cu-Ni қатты ерітіндісі; б) CuAl2 химиялық қосылыс кристалдары бөлінген Cu- Al қатты ерітіндісі; в) Cu-Zn қорытпасындағы перитектикалық өзгеру нәтижесінде алынған екі () қатты ерітінділер қоспасы; г) Pb-Sb қорытпасындағы  кристалдары басым () эвтектикасы; д) () эвтектикасы; е) Pb-Sb қорытпасындағы  кристалдары басым () эвтектикасы.


19 – сурет. Қорытпаладрдың жиі кездестін микроқұрылымдары.


4 КРИСТАЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚОРЫТПАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет