Металл материалдары



бет41/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Металл материалы (1)

11.3 Болатты босату

Босату болатты шынықтырудан кейін міндетті түрде жүргізілетін қосымша термиялық өңдеу операциясы. Болаттың құрылымы мен қасиетінің қорытындысы босатудан кейін қалыптасады. Болаттың ішкі кернеуі жойылады, созымталдығы, тұтқырлығы көтеріледі. Босату температуралары Ас1 нүктесінен төменде тағайындалған температураға байланысты төменгі температурада босату, орташа температурада босату, жоғары температурада босату болып ажыратылады. Суыту жылдамдығына байланысты ішкі кернеулердің мөлшері реттеледі. Баяу суытылған болаттың ішкі кернеуі төмен.


Төменгі температурада босатуда (150-200ºС) құрал-саймандық болаттарға қолданылады, ішкі кернеулер жойылады, қаттылық төмендемей сақталады (58-62 HRC). Құрылымы – мартенситбос (Мб).
Төмен температурада босату көміртекті және легірленген болаттан дайындалған кескіш, өлшегіш құралдар үшін және беткі қабаты цементтендірілген, циандалған немесе нитроцементтендірілген бұйымдарға қолданылады. Босату үшін ұстау уақыты 1- 2,5 сағат, ірі өлшемді бөлшектер үшін одан ұзақ уақыт болады.
Орташа температурада босату (350-500ºС) рессорлар мен серіппелерге жүргізіледі. Құрылымындағы троостит серпімділік шегін өте жақсы көтереді, қаттылығын көп түсірмейді. Құрылымы – сорбитбос, механикалық қасиеті үйлесімді, тұтқыр. Қаттылығы 40 - 50HRC. Суыту ортасы ретінде су алынады. Босатылған бетте серіппелердің төзімділігін көтеретін сығылу кернеулерінің пайда болуына әсерін тигізеді.
Жоғары температурада босату ауыр жүктемелі бөлшектерге қолданылады.
Қыздыру температурасы 500-680ºС. Құрылымы – сорбитбос. Жоғары температурадағы босату болаттың беріктігі мен тұтқырлығын жақсы үйлестіреді. Шынықтыру мен жоғары температурада босату деформацияға уақытша қарсылық көрсетер қабілетін, аққыштық шегін, салыстырмалы сығылуын және соққы тұтқырлығын көтереді.
Шынықтыру және жоғары температурада босату жақсарту деп аталады.
Жақсарту орта көміртекті (0,3 - 0,5 %С) конструкциялық болаттарға қолданылады. Оларға қойылатын талап - төзімділік және соққы тұтқырлығы шектерінің жоғары болуы. Жақсартылған болаттың конструктивті беріктігі көтеріледі, кернеу концентраторларына сезімталдығы төмендейді, жарықшаның даму жұмысын үлкейтіп, суыққа сынғыштық табалдырығын түсіреді. 500 - 600ºС-та 1-2 сағат аралығында жүргізілген босату шынықтыру кернеулерін толығымен жояды. Жоғарғы температурадағы босату бұйымның өлшеміне қарай 1-6 сағатта жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет