Металл материалдары


Қатты күйінде шектеулі еритін қорытпалардың диаграммасы



бет12/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Металл материалы (1)

4.4 Қатты күйінде шектеулі еритін қорытпалардың диаграммасы

Сұйық күйінде компоненттер бір - бірінде толық ериді, қатты күйінде шектеулі ериді, химиялық қосылысқа түспейді. 21- суретте көрсетілгендей acb – ликвидус сызығынан жоғарыда тек сұйық фаза (L) тұрақты, ас және cb сызықтары қорытпаның кристалдануының басталу температурасын және сұйық фазаның А және В компоненттерімен қанығу дәрежесін көрсетеді. acb – ликвидус және adce – солидус сызықтарының аралығында екі  және  фазалары мен сұйық фаза (L) тепе-теңдік күйде  мен  қатты ерітінділері және сұйық фаза (L) tэ температурасында d нүктесі В компонентінің А компонентіндегі еру шегін, е нүктесі А компонентінің В компонентіндегі еру шегін көрсетсе, f және k нүктелерінде В компонентінің А компонентіндегі және А компонентінің В компонентіндегі бөлме температурасында еру шегін көрсетеді. Сонымен, df және ek сызықтары температураның өзгеруіне байланысты А және В компоненттерінің бір - бірінде еру шегін көрсететін сызықтар.





а) суыну графигі ; б) диаграмма


21 – сурет. Қатты күйінде шектеулі еритін қорытпалардың суыну графигі және диаграммасы.


Диаграммада С нүктесіне сәйкес келетін қорытпа (62 % В) тұрақты температурада (t s) кристалданады. tэ температурасынан сәл төменде сұйық фаза екі бірдей фазамен ( және  қатты ерітінділері ) қаныққандығы с нүктесіндегі ликвидус сызығының бойымен екі бағытқа бірдей қатынаста екендігінен көрінеді (21,б - сурет). Сондықтан t s температурасында сұйық фазамен қатар бір - бірінде әбден қаныққан d және e фазаларынан гетерогенді құрылым түзіледі. Бір жүйенің бойында ең төменгі және тұрақты бір температурада сұйық фазадан қатарынан екі ( және ) қатты фазалардың кристалдануы (dce көлденең сызығы) эвтектикалық өзгеру деп аталынады.


Сұйық қорытпадан бірден кристалданған екі немесе одан көп қатты фазалардан тұратын құрылым эвтектика (21,б - сурет) деп аталады. Диаграммада d нүктесінің сол жағында және е нүктесінің оң жағындағы қорытпалар шексіз еритін қорытпаларға ұқсас кристалданады (20-сурет). d нүктесінің сол жағындағы қорытпалар кристалданғаннан кейін  қатты ерітіндісінен, ал е нүктесінің оң жағындағы қорытпалар -  қатты ерітіндісінен тұрады.
Екі тік сызықтың аралығында + фазалары түзіледі. Кристалдану процесі L +, эвтектикалық реакциямен аяқталады. Мұндағы ace – ликвидус сызығы, adceсолидус сызығы. Фазалар ережесіне сүйеніп қандай да болсын қорытпаның кристалдану процесін қадағалауға болады.
Сұйық ерітіндінің кристалдануы бірінші кристалдану деп, қатты ерітіндіден кристалдардың бөлініп шығуы екінші кристалдану деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет