Металл материалдары


Асыра суытылған аустениттің өзгеруіне жалпы сипаттама. Аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасы



бет34/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Металл материалы (1)

10.4 Асыра суытылған аустениттің өзгеруіне жалпы сипаттама. Аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасы

Аустениттік құрылым қалыптасқанға дейін қыздырған болатты (эвтектоидтқа дейінгі болат үшін А3 нүктесінен, эвтектоидтан кейінгі болат үшін Аст нүктесінен жоғары) Аr1 нүктесінен төмен асыра суытқанда ондағы аустенит метатұрақты күйге түсіп, өзгеріске ұшырайды.





а) кинетикалық графиктер; б) аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасы.
51- сурет. Құрамында 0,8% көміртегі бар болат үшін асыра суытылған аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасы.
Асыра суытылған аустениттің өзгеру кинетикасын уақыт-температура диаграммасынан немесе асыра суытылған аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасынан бақылауға болады ( 51- сурет).
51-суретте көрсетілгендей H1, H2, H3 нүктелері аралығында аустениттің ыдырауы байқалмайды. Бұл инкубациялық уақыт аралығы. Инкубациялық мерзім өткеннен кейін аустенит алғашында шапшаң ыдырай бастайды, артынан оның ыдырауы баяулайды. K1, K2, K3 нүктелерінде (51,а- сурет) аустениттің ыдырауы толығымен аяқталады. Суыту графиктерін қолданып, аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасын салуға болады (51,б- сурет).
51- суретте көрсетілген диаграммаға ұқсас диаграммалар С – диаграммалар деп те аталады. Диаграммадағы 1-ші сызық аустениттің ыдырауының басталуын, 2-ші сызық аустениттің толығымен ыдырауына қажетті уақытты көрсетеді.
Бұл сызықтар диаграмманың аумағын бірнеше фазалық аудандарға бөледі. 1- ші сызықтың сол жағында аустенит тұрақсыз, 2 – ші сызықтың оң жағы аустениттің ыдырауынан туындаған өнімдер. Екі сызықтың ортасында аустенит пен оның ыдырауынан туындаған өнімдер: А + Ф + Ц орналасқан. Үзілмелі сызық (1– 2 аралығы) аустениттің 50% ыдырауына сәйкес. 1- ші сызықтың сол жағындағы аудан аустениттің инкубациялық уақытын көрсетеді. Суыту температурасы төмендеген сайын аустениттің тұрақтылығы Т2-ге дейін төмендейді де (ең кіші шамасы), ары қарай қайтадан көтеріледі.
Аустениттің және жаңадан пайда болатын фазалардың (құрылымның) еркін энергияларының (Гиббс энергиясы) айырмашылығы үлкен болған сайын аустениттің тұрақтылығы төмендейді және өзгеру жылдамдығы көтеріледі. Бұл кезде өсуге жарамды өскіндердің өлшемдері кішірейеді де, олардың бастапқы аустениттегі көлемі ұлғаяды.
Аустениттің тұрақтылығының жоғарылауына және асыра суытуда оның өзгеру жылдамдығының төмендеуіне диффузия процесінің баяулауы, жаңа фазалардың өзгеру жылдамдығымен оның өсуінің төмендеуі әсерін тигізеді. Мн нүктесіне дейінгі (51- сурет) асыра суытылған аустенитте диффузиялық процесс толығымен тоқталады. Төменгі температураларда аустениттің өзгеруі диффузиясыз жүреді де, шынықтырылған болаттың құрылымы – мартенсит болып түзіледі.
Аустениттің өзгеруін суыту дәрежесіне қарай үшке бөледі: перлиттік, аралық және мартенситтік өзгеру (51,б- сурет). Мұндай өзгерістерді білудің тәжірибелік мәні зор. Перлиттік өзгеріс болатты жасыту, мартенситтік өзгеріс – шынықтыру, аралық өзгеріс болатты изотермиялық шынықтыру процестері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет